reforef.ru 1 2 ... 8 9


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө бұйрығымен

бекітілген

Жұмыстың және жұмысшы мамандардың

бірыңғай тарифті-біліктілік

анықтамалығы

37 шығарылым



«Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері,

Ағаш дайындау жұмыстары, Ағаш ағызу,

Ағаш шырынын ағызу, Қамыс дайындау және өңдеу»

бөлімдері


Астана 2009

Кіріспе
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы (БТБА) 37 шығарылымы «Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері, Ағаш дайындау жұмыстары, Ағаш ағызу, Ағаш шырынын ағызу, Қамыс дайындау және өңдеу» бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген бұрын қолданылған БТБА 37 шығарылымы негізінде жасалған.

Бұл шығарылымның шығуы өндіріс технологиясына енген өзгерістер, өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуымен, жұмысшылардың біліктілігінің, арнайы және дайындықтарының, сапа, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеті деңгейіне қойылатын талаптардың өсуімен, еңбекті қорғауымен байланысты.

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

"Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.


"Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

«Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімі
1. Аңшы


3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітіп берілген обходта, қорықта, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, жайылымдардағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.


Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылық етудің ережелері мен мерзімдерін және орман тәртібін бұзғандарға қатысты хаттама әзірлеу. Орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөніндегі шараларды қолдану.

Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс:басқаруға берілген обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды дұрыс пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және оман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; орман шаруашылығындағы агротехника мен жұмыстар технологиясын.
2. Аңшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітіліп берген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.


Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Бекітілген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану.

Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс: өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын; аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын; орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.

5. Аңшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау; азық дайындау; бүкіл биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізу; фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылайды.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесу жерлерін бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы,аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану. Көпірлердің, өрт бақылау мұнараларын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходының санитарлық күйін бақылау және онда зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс: өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын; аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын; орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.

6. Орманшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орман дақылдарын отырғызу, плантациялар, қорықтар отырғыза бастау жөніндегі дайындық және қосалқы жұмыстары. Машина арқылы отырғызылған екпе көшеттерді қолмен жөндеу, көшеттердің дұрыс егілуін бақылау, қорықтардағы егістіктерді қолмен суару. Қазып алынған екпе көшеттерді іріктеу және уақытша отырғызу. Дайын шіліктен, өзге де материалдардан шарбақтар, механикалық қоршаулар жасау. Қорықтар мен плантацияларды қоршау, құрғату (суармалау) желілер үстінен өтпе жолдар мен көпірлер жасап орнату. Орманды қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындық жұмыстары. Орман кесетін жерді тазарту, қарағайдың қылқанын дайындау, сұрыптау, тазарту және буып – түю. Тін мен шел қабықтан, мочалодан шикізат дайындау, шетперден сыпырғылар, бұйымдар жасау.

Білуі тиіс: орман дақылдарын өндіру әдістері мен тәсілдерін, ормантану негіздерін; ағаш шебері және балташы жұмыстарының негіздерін; көшеттерді отырғызу агротехникасын, егіс материалдарын дайындаудың ережелері мен әдістерін, ағаш және бұта тұқымды көшеттердің стандарттарын, отырғызу сапасына қойылатын талаптар, егіс материалды көму ережелерін; ағаш кесілген жерлерді тазарту ережелерін; қарағай қылқанын дайындаудың әдістері мен стандарттарын; шикізатты дайындау ережелерін, шетперден бұйымдар жасау технологиясын; жұмыстарды атқарудың озық әдістері мен қауіпсіздік техникасының ережелері; аспаптар мен оларды қолдану ережелерін.

7. Орманшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атты және қол аспаптарын, құралдары және қажетті материалды тексеру және дайындау. Орман егестерін, қорықтар, плантациялар егуге топырақ дайындау. Орман дақылдарын, екпе көшеттерді, тікпе көшеттерді қолмен және салт атпен күту. Егістік материалды дайындау; ағаш және бұта тұқымдарын жинау, өңдеу және егуге дайындау; екпе және тікпе көшеттерді қазып алу, сұрыптау, тиеу және түсіру. Егістік және көшет материалдан қысқы уақытта сақтауға дайындау. Табиғи жағуарына көмектесу (топырақ бетіндегі қыртысты алу және топырақты қопсыту). Өрттің алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде топырақты минерализациялау. Ұшақтарға улы химикаттарды тиеу, зиянды жәндіктермен және орман ауруларымен жүргізілетін күрес нәтижелерінің есебін жүргізу. Этномофаунаның қоныстығының тығыздығын тексеру үшін топырақты зерттеу (тұзақ шұқырларды қазып алу), қоршағыш және тұзақ арықтарын орнату, ағаштарға желім шығыршықтарын салу, ұядағы жұмыртқаларды мұнайлау, тұзақ ағаштарды тізу. Ағаштың қабықтарын, өрт сөндірушілер балтасының саптарын дайындау, себеттер тоқу. Бұталар мен өсіп тұрған ағаштардан қолмен тұқым жинау. Өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштардан бүршіктер жинау. Кесілген ағаштардың жемістері бар бұтақтарын дайындау. Қалқа астында дайындалған бұтақтарды кептіру, бұтақтардан жемісті сілкіп түсіру немесе сындырып алу, тұқымдарды желдетіп алу, елеп алу, кептіру және ыдыстарға салу, сақтайын жерге тасымалдау. Қылқан жапырақты ағаштардың бүршіктерін кептіргіш камераларға себу. Кептіргіш камералардың пешін жағу. Аралары ашылған бүршіктерді камерадан түсіру, тұқымдарды ыдыстарға салу, тұқымды сақтауға тапсыру. Сөрелердегі сақтауға қойылған тұқымдарды қопсытып отыру. Бүршік кептіретін және тұқым сақтауға арналған қоймаларды жинау, оларды әктеу және зарарсыздандыру.


Білуі тиіс: топырақтану негіздерін (топырақтың механикалық құрамын, құрылымын, топырақтың негізгі қасиеттерін), ормантану, орман, тұқым ісінің, ормандық тауартанудың, орманды қорғау жұмыстарының негіздерін; топырақ өңдеудің және орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді күту агротехникасын; ағаш түрлерін, тұқымдардың пісу және оларды жинау уақытын, бүршіктерді өңдеу тәртібін; тұқымдарды сақтау ережелерін, көшет материалдарын, жемістерді, бүршіктерді, емен жаңғақтарын, тұқымдарды, дайындау агротехникасын, оларды сорттау, сақтау және олардың стандарттарын; бүршіктерді кептірудің температуралық режимін; ағаш материалдарының техникалық шарттары мен стандарттарын; орман жұмыстарын орындау, аттарды күту ережелерін, түрлі құралдары, аспаптарды және құрылғыларды пайдалануды; жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
8. Орманшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіркегіш құралдары, аспаптарды және құрылғыларды тексеру және жұмысқа әзірлеу, оларды жұмыс ауысымы бойы күту, егістік және көшет материалдарын дайындау. Екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызу, тұқым егу. Орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді механикалық құралдар арқылы күту. Топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ерітінділер, эмульсиялар, уланған еліктіргіштер дайындау; екпе және тікпе көшеттерді, ағаш түрлерінің табиғи төлдерін, шөп өсімдіктерін себелеу. Жерді жырту арқылы екпе көшеттерді алу, топырақты минерализациялау, табиғи жаңартылуына қолдау жасау және ат жегілетін соқалар мен механизмдердің қолданылумен жүргізілетін жұмыстар. Ағаш кесетін жерлерді белгілеп бөлу және орманды жоспарлау жұмыстарын атқару, оның ішінде моторланған аспаптарды қолдану арқылы сынама алаңшықтардың салынуын бастау, ағаштарды есептеу, тұқым шаруашылықтарын өлшеу, визирлерді, кварталдық орман жолдарын және шекара сызықтарын қазу, тазалау және өлшеу, сәнді ағаштарды шабу жөніндегі жұмыстар кешені. Топырақ пен орман паталогияларына қатысты зерттеулер жүргізу үшін шұңқырлар дайындау.


следующая страница >>