reforef.ru 1
2011 жылы ауданның мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары туралы


Өткен 2011 жылы ауданда мәдениет саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Соңғы жылдары ауданның мәдениет саласына жасалып отырған қамқорлық пен қолдау, бұл салада жасалып жатқан игілікті істер аз емес.

Осы мерзімде Қасқабұлақ, Көкбай ауылдарында мәдениет үйлері, Құндызды, Медеу ауылдарында клуб үйлері, Қарауылдағы «Арман» кинотеатры күрделі жөндеуден өтіп, мәдениет саласына тартылған инвестиция көлемі 90 млн –ға жуықтады.

Бұған қоса өткен жылдар көлемінде облыстан бір видемобиль, бір Уаз автомошинасы алынса, облыстық мәдениет басқармасы «Қаламқас» ансамбіліне қажет 1,5 млн қаржыға сахналық костюмдер тіккізді.

Жерлесіміз, меценат М.Құтжановтың демеушілігімен аудандық мәдениет үйіне 2 млн қаржыға театр орындықтары алынды.

Сондай –ақ, жаңадан ашылған клуб, мәдениет, кітапхана үйлеріне жаңа мебельдер, сахналық жабдықтар, аппаратуралар алу үшін аудан бюджетінен қаржы бөлініп, демеушілер тарапынан көмектер жасалды.

Бұл мәдениет ошақтарына жас мамандар шақырылып, ауыл адамдарына жаңа жұмыс орындары ашылды.

Соңғы екі жылда аудандық мәдениет саласына жұмыс істеуге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша М.Искакова,

Д.Серікболқызы, Е.Төлендиев, Е.Жолжігітов, Ж.Төлеубаева сияқты оқыған мамандар жұмысқа орналасып, оның ішінде Е.Жолжігітов, Т.Төлеубевалар жеңілдікпен бөлінген қаржы есебінен пәтер алуға мүмкіндік алды. Бұл жас мамандар кәзір «Қаламқас» ән-би ансамбілінде жемісті еңбек етуде.

Ал, «Қаламқас» ансамбілінде еңбек істеп, ел аузына жұрт назарына іліккен әнші Н.Өмірбеков өз өнерін жетілдіру мақсатында, кәзір Астана қаласындағы Өнер Академиясында оқып жүр.

2011 жыл - аудан мәдениет саласының басты бағыттары - ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен ұлы бабаларымыз Көкбай, Ақылбай және Шәкір Әбеновтың мерейтойларын атап өтуге арналды.

Өткен жылы аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клуб, мәдениет және кітапхана үйлерінде әр түрлі тақырыптарды қамтыған 344 мәдени көпшілік шаралары өтті.


Оның ең бастылары ақпан - наурыз айларында өткен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- ер мұраты, ел арманы» тақырыбымен аудан көркемөнерпаздарының байқауы болды.

Дәстүрлі бұл байқауға 9 ауыл 3 мекеме қатысып, мыңнан артық аудан өнерпаздары өнер көрсетті.

Бұл шара 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні орталық алаңда қорытынды концертпен аяқталды.

Жеңімпаз ұжымдар мен жекелеме өнерпаздарға аудан әкімінің арнаулы дипломы мен заттай сыйлықтары тапсырылды.

Соңғы жылдары аудандағы халықтық атағы бар «Қаламқас» , Қасқабұлақ ауылындағы «Қаракөз» халық ән-би ансамбілдері мен Абай, Көкбай, Құндызды, Саржал халық театрларының жұмысы жанданып , спектакльдер мен тақырыптық концерттер ұйымдастырудағы қызметі жақсара түсті.

Атаулы даталы күндерді айтпағанда аудандық ішкі саясат, білім және жастар ұйымымен бірлесе отырып, 1 Республикалық, 2 аудандық, облыстық ақындар айтысы өтсе, аудан жастары арасында «Жеңімпаздар» форумы, «Жас толқын», «Жас қанат» фестивальдары мен «Пай- пай жігіттер ай», «Абай ауылының аруы» атты байқаулары өтті.

Қарауыл ауылындағы Бекмұхамбетовтардың жанұялық ансамбілі Өскеменде өткен байқауға қатысып дипломант атағын алып қайтты.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудандық мәдениет үйінде айтулы мәдени іскерлік шара ұйымдастырылып, нәтижесінде Абай ауданының әлеуметтік дамуына қатысы бар бір қатар шаралар жүзеге асты.

Аудан көркемөнерпаздары Өскемен қаласында өткен «Туған елім алтын бесігім» акциясына қатысып өнер көрсетіп қайтты.

Сондай-ақ, 2011 жылы облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың 15- 16 қыркүйек күні «Бабалар тойы –ел тойы» салтанатты шарасына қатысуы және 2 желтоқсан күнгі іскерлік мақсаттағы сапарында бір қатар мәдени шаралардың өз деңгейінде өтуіне мәдениет қызметкерлері жауапкершілікпен жұмыс жасады.

Аудан мәдениет қызметкерлері Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай айтулы шараларды қолға алды.

Әнші К. Төлеухан мен Қазақстан Республикасының мәдениет қызметкері белгілі әнші Т. Көзбаеваның шығармашылық есепті концерттерін жұрт жылы қабылдап, өнерпаздардың – Тәуелсіздікке тартуы болды.


Қызметке жаңа келген бір топ жастар 3 қараша күні Қарауыл халқына «Ән –көңілдің базары , күлкі оның ажары» деп әзіл- ысқақ кешін өткізсе , Абай халық театрының редиссері Д. Қабдолиннің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Ата –дәстүр – бойға қуат, Тәуелсіздік елге шуақ» атты қойылымы жұрт ойынан шыға білді.

Сондай-ақ, өткен жылы «Қаламқас» ән-би ансамбілі концерттік сапармен Шығыстағы Катонқарағай ауданында болып қайтса, қараша айында барлық ауылдарда «Тәуелсіздікке ән шашуымыз» тақырыбымен концерттер қойды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ауданға өнер сапарларымен келген жерлестеріміз Б.Сағымбаева, Н.Өмірбеков, Г.Сарина, Қ.Мұртазина сияқты өнер тарландары мен қоса есімдері Республикаға мәлім Роза Әлқожа, Татьяна Бурмистрова, Гүлнұр Оразымбетова, Гүлнар Дәукенова, Майра Ілиясова сияқты өнер жұлдыздары Абай елінде болып өнер көрсетті.

26 қарашада басталған, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған,

20 жұлдызды күн аясындағы мәдени шаралар түгелге дерлік аудандық мәдениет үйінде өтті.

Аудан әкімінің шешімімен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Менің елім –Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбымен орталығындағы мекемелердің өнер күндері өтті.

Осы өнер күндерінде А.Балтақаева бастаған аудандық емхана мен Абай мектеп лицейінің мүдірі Ғ. А. Қуанышбай мырза бастаған мектеп ұжымы халыққа жақсы көңіл-күй сыйлады.

Аудан кітапханашылары бас қосқан ақпан айындағы кеңесте, олар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 жарқын іс қосамыз деп шешім қабылдаған.

Осыған орай аудандық кітапхана мен ауылдық кітапханаларда Тәуелсіздік тақырыбын ашатын көптеген мәдени іс- шаралар ойдағыдай ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің айналысатын негізгі мемлекеттік қызметінің бір саласы - мемлекеттік тіл саясатын дамыту болып табылады.

Бұл бағытта бөлім өз жұмысын Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын басшылыққа алып жүргізуде.


Ауданда халықтың 100 пайызы қазақ ұлты өкілі болса да, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жұмыстар аз емес.

Тілге арналған апталықтар, айлықтар өткізу, сұрақ-жауап анкеталарын жинау, "дөңгелек үстелдер" мен арнаулы рейдтер өткізу міндеттері тұрады.

Аудан бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен жылма - жыл «Білгенге маржан» атты тіл сайысы мен мерекесін мерекелеу, Абай, Шәкәрімге арналған жазба ақындарының мүшәйрасын өткізу дәстүрге айналған.

Соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасына орай мәдени тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау мәселелеріне жете маңыз беріліп отыр.

Ауданда 35 тарихи ескерткіш Республикалық маңызы бар ескерткіштер есебіне алынған. Бұдан тыс аудан аумағында 100-ге жуық облыстық , аудандық маңызы бар ұлы бабаларымыздың есіміне қатысы бар ескерткіштер бөлімнің есебіне алынған.

Сондай-ақ, өткен жылы Қарауылда - Тәуелсіздік монументі, ауған соғыс ардагерлеріне және ана мен бала ескерткіші бой көтерсе, Көкбай ауылында Көкбай ақынның мешіт-медіресесі күрделі жөндеуден өтіп мұражай ашылды.

Көкбай ауылындағы мәдениет үйінің жанынан «Тұғырлы тұлғалар» тақтасы мен Хан тауының етегінен Шыңғысхан заманынан естелік болатын белгі орнатылды.

Қарауылда аудан бюджеті есебінен үш ақынның достық аллеясы мен Мұхтар Әуезов сквері күрделі жөндеуден өтті.

Алайда, үстіміздегі 2012 жылы ауданда мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау мақсатында қыруар жұмыстар істеу қажет болып тұр, оның ішінде барлық ескерткіштердің техникалық құжаттарын дайындау, оларды ауылдық округ әкімдіктеріне бекітіп беру, барлық ескерткіштерді қорғау мақсатында арнайы белгілер орнату міндеті тұр.

Бұл әрине бөлім тарапынан ұйымдық жұмыстармен қатар аудан бюджетінен қаржы бөлуді талап етеді.

Осы орайда: Әнет баба, Шәкәрім атындағы қуғын- сүргін алаңы мен Бақанастағы Шәкәрімнің саят үйін қайта қалпына келтіру жұмыстары тұр.

Оның ішінде, «Қаламқас» ансамбілінің көркемдік деңгейін көрсету, мәдениет саласының қызмет сапасын жақсарту, бұл істе жаңалық пен іздену керектігін, білікті мамандар әзірлеу қажет.


Сонымен қоса ансамбльге жаңа концерттік бағдарлама дайындау, сахналық жаңа костюмдер тіккізу, автотранспорт пен қажетті аппаратуралар мен жарықтандыру жабдықтарын алу міндеті тұр.

Аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков мырзаның тікелей араласып, табанды еңбегі нәтежиесінде аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеуге, ал ауданда жаңа тарихи-өлкетану мұражайын ашу үшін қаржы қаралып отыр.

Биылғы жылы - кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына 115, «Қаламқас» ансамбілінің құрылғанына 40 жыл, ауданның айтулы перезенттері - қазақтың тұңғыш скрипашы Айткеш Толғанбаевтың туғанына 90, ақын, драматург, жазушы Мерғали Ибраевтың туғанына

70 жыл.

Осы айтулы мерекелерді атап өту жолында және аудан мәдениеті мен өнерін өркендету мақсатында алда да тиісті талап деңгейінде жұмыс ұйымдастыратын боламыз.

Ауданның мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің бастығы Ә.Мырзақасым