reforef.ru 1 2 ... 18 19


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы « 29 » желтоқсандағы

№ 219 бұйрығымен

бекітілген

Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Негізгі талаптар

1. Жалпы талаптар
1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін жобалауға, салуға, пайдалануға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтауға, консервациялауға және таратуға қолданылады.

Ашық тау-кен жұмыстарының объектілері карьерлер мен драже полигондары болып табылады.

Осы Талап уран, радий, торий және басқа да табиғи радионуклидтерді өндіру бойынша ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу объектілеріне қолданылмайды.

2. Қазудың жаңа жүйесі мен оның параметрлерін тексеру және қолданыстағысын жетілдіру үшін пайдалы қазбалардың кен орындарын немесе оның бөліктері жоба мен тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарлары негізінде жүзеге асырылатын тәжірибелі өнеркәсіптік қазуға жол беріледі.

3. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін пайдалануға қабылдауды комиссия жүргізеді.

Қабылдау барысында объектінің жобалық құжаттамаға сәйкестігі, ұйымның оны пайдалануға және авария салдарын шектеу мен жою бойынша іс-қимылдарға дайындығы тексеріледі.

Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін салу, пайдалану, консервациялау және тарату барысында жобадан ауытқуға жол берілмейді.

4. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен айналысатын ұйымдар. Өндірістік бақылау туралы талаптарға сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асырады.

5. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жару жұмыстары, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау және есепке алу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.


6. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жерасты қазбаларын жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген.

7. Ашық тау-кен жұмыстарының жұмысшылары мен мамандары; олардың кәсібі мен жұмыс жағдайларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ақауы жоқ қорғану каскаларымен, көзілдіріктермен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Штатта жоқ бөгде тұлғалар объектіге кіру кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтан өтеді және міндетті түрде пайдалану үшін қарастырылған жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

8. Ашық тау-кен жұмыстары объектісін пайдаланушы ұйымның басшысы қауіпсіз еңбек жағдайын, әрбір жұмыс орнындағы және жалпы объектідегі қауіптілікті бағалау негізінде қорғау іс-шараларын әзірлеуді қамтамасыз етеді, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіптілікті, оқиғалардың, авариялардың пайда болу мүмкіндігін анықтаған жағдайда жұмысшылар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.

9. Тұлғаның тікелей кенжарларда, тетіктер жұмыс істеп тұрған қауіпті аймақтарда, көлік жолдарында және сол сияқты жерлерде тынығуына жол берілмейді.

10. Ойық жерлер, зумпфтар, шұңқырлар, пайдаланылмайтын шыңыраулар, дренаждық ұңғымалар мен басқа тігінен орналасқан қазбалар жабылып қоршалады.

Жабдықтың жұмыс орны мен оларға баратын жолды тау-кен қазындысымен немесе адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалысына кедергі келтіретін қандай да бір заттармен үймелеуге болмайды.

11. Ашық тау-кен жұмыстары аумағында адамдардың жүргінші жолы немесе автокөлік қозғалысы бағытына қарама-қарсы автожолдардың жағасымен жүруіне болады. Қозғалыс маршрутымен барлық жұмысшылар қол қойып таныстырылады. Қозғалыс маршрутын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

Түнгі тәулік уақытында жаяу жүргінші жолдары мен теміржол мен автожол арқылы өту жолдары жарықтандырылады.


Қопарылған тау-кен қазындысы бойымен кемерден кемерге адамдардың тек аса өндірістік қажеттілік кезінде және әрбір нақты жағдайда бақылау тұлғасының рұқсатымен ғана жүріп-тұруына болады.

12. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жұмыс орнына дейінгі жолдың ұзындығы 2,5 км астам және жұмыстың тереңдігі 100 м астам болған кезде жұмысшыларды жұмыс орнына жабдықталған көлікпен жеткізу ұйымдастырылады. Адамдарды тасымалдау маршруттары мен жылдамдығын ұйымның техникалық басшысы (көлік мердігер ұйымға тиесілі болған жағдайда мердігер ұйымның басшысымен қосымша келісіледі) келіседі. Адамдарды отырғызу алаңдары көлденең орналасады. Отырғызу алаңдарын жолдың өтетін бөлігіне орнатуға жол берілмейді.

Өздігінен түсіретін вагондарда, шанақты автосамосвалдарда, аспалы жолдар мен осы мақсатқа арналмаған басқа да көлік құралдарының жүк вагоншаларында адамдарды тасымалдауға жол берілмейді.

13. Кемерлер арасындағы тау-кен жұмыстарын байланыстыру үшін екі жағында тұтқасы бар және көлбеуі 60° аспайтын берік сатылар немесе көлбеуі 20° аспайтын құламалар орнатылады. Биіктігі 10 м аспайтын, ені кемінде 0,8 м көлденең алаңдары бар саты белдіктері биіктігі бойынша бір-бірінен 15 м аспайтын қашықтықта орналасады. Кемердің ұзындығы бойымен сатыларды орнату қашықтығы мен орны тау-кен жұмыстарын дамыту журналында анықталады. Кемердің ұзындығы бойымен сатылар арасындағы қашықтық 500 м аспайды.

Сатылардың баспалдақтары мен алаңдарын жүйелі түрде қардан, мұздан, қоқыстан тазартып, құм себу қажет.

Адамдарды кемерден кемерге тасымалдау үшін пайдалануға Қазақстан территориясында қолдануға рұқсат берілген механикаландырылған құралдарды (экскалаторлар мен басқаларын) пайдалануға болады.

14. Мыналарға:

1) адамдардың тетіктер жұмыс істеп қауіпті аймақта, кемерлердегі бұзылуы мүмкін призманың айналасында және кемер еңісінің төменгі сағасына өте жақын жүруіне;

2) қалқаншалар, ірі жұмыр тастар кесегі, қатқан қар мен мұз салбырап асылып тұрған жағдайда кемерлерде жұмыс істеуге жол берілмейді. Мүмкін болмаған жағдайда ілікпе тастарды жою немесе бортты шабақтау қажет, қауіпті аймақтағы барлық жұмыстар тоқтатылып, адамдар сыртқа шығарылады, ал қауіпті аймақ ескерту белгілерімен орнатып қоршалады.


15. Әрбір ашық тау-кен жұмыстары объектісінде бөгде адамдардың өтуін болдырмайтын күзет жүйесі жұмыс істеп тұрады.

2-тарау. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін

салу және пайдалану

1. Тау-кен жұмыстары
16. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен айналысатын ұйымдарда:

1) пайдалы қазбалардың кен орындарын қазудың бекітіліген жобасы;

2) белгіленген маркшейдерлік және геологиялық құжаттама;

3) ұйымның техникалық басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын дамыту жоспары;

4) тау-кен жұмыстарын жүргізу лицензиясы (рұқсат);

5) жобаның құрамы болады.

17. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен айналысатын ұйымдар:

1) өндірістік бақылау туралы талапты;

2) технологиялық регламенттерді;

3) аварияларды жою жоспарын әзірлейді.

18. Пайдалы қазбалардың кен орындарын аршу жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

19. Орлар қазу, кемерлер, драже полигондарын қазу, үйінділер салу бойынша тау-кен жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен жұмыс өндірісінің жергілікті жобаларына (бұдан әрі - паспорттарына) сәйкес жүргізіледі.

Паспортта әрбір кенжар үшін жұмыс аудандарының, бермалардың, еңістердің бұрыштарының, кемерлердің биіктігінің, бұзылу призмаларының шекті өлшемдері, тау-кен көлігі жабдығы құрылғысынан бастап кемер сағасына дейінгі қашықтық көрсетіледі.

Паспорттың қолданылу мерзімі тау-кен жұмыстарын жүргізу шарттарына байланысты болады. Тау-кен геологиялық шарттары өзгерген жағдайда тау-кен жұмыстарын жүргізу паспортты қайта қарағанға дейін тоқтатылады.

Паспортпен техникалық бақылау тұлғалары, паспортың талаптары міндетті болып табылатын паспортта белгіленген жұмыстарды жүргізетін тұлға қол қойып таныстырылады.

Паспорттар барлық тау-кен машиналарында (экскаваторларда, бульдозерлерде және тағы басқаларда) болады.


Тау-кен жұмыстарын бекітілген паспортсыз, одан ауытқушылықпен жүргізуге жол берілмейді.

20. Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің өндірістік алаңдарының айналасында өлшемдері жобада анықталатын санитарлық-қорғау аймағы орнатылады.

21. Кемердің биіктігі тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбалардың физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың қабаттарының тау-кен техникалық шарттарын ескере отырып, жобамен анықталады.

Биіктігі 30 м дейінгі кемерлерді қабат сайын қазуға болады, бұл ретте кенжардың биіктігі экскаватордың ең жоғарғы көсіп алу биіктігінен аспауы тиіс.

Кемерлерді қабат бойынша қазу кезінде кемер еңісінен (көлбеу бұрғылау, контурлық жарылу, еңістердің шығуы және басқалары) жыныс кесектерінің қирауы мен құлауын болдырмайтын қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылады.

Кемер биіктігі:

1) жару жұмыстарын қолданбай механикалық күрек түріндегі бір шөмішті экскаваторлармен қазу кезінде - экскаватордың көсіп алу биіктігінен;

2) драглайн, көп шөмішті және роторлық экскаваторлармен қазу кезінде – экскаватордың көсіп алу биіктігі мен тереңдігінен;

3) борпылдақ және сусымалы жыныстарды қазу кезінде 3 м, жұмсақ, бірақ тұрақты, қатты монолиттік жыныстарды қазу кезінде 6 м аспайды.

Жыныстарды бұрғылап ату жұмыстарын пайдалана отырып қазу кезінде кемердің биіктігін кемершелердің биіктігімен ыдырауын бөлген немесе қалқаншалар мен салбыраңқыларды қауіпсіз бұзу бойынша іс-шаралар әзірлеген жағдайда экскаватордың бір жарым еселік көсіп алу биіктігіне дейін арттыруға болады.

Көмір қабаттарын механикалық күректермен биіктігі 30 м дейінгі бір кемермен, ал кейбір жағдайларда кемерлерді бұрышы 65 градустық бұрғыланған ұңғымалармен атқан және кемерлерді қалқаншалар мен салбыраңқылардан жүйелі түрде шабақтаған жағдайда қазуға болады.

22. Жұмыс істейтін кемер сағаларының бұрыштары тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін ескере отырып жобамен анықталады және олар мынадай:


механикалық күрек, драгалайн, роторлық экскаваторлар түріндегі экскаваторлармен жұмыс істеген және тастақ жыныстарды қолмен қазған кезде -80°;

көп шөмішті шынжырлы экскаваторлармен төмен көсіп алып жұмыс істеген және борпылдақ және сусымалы жыныстарды қолмен қазу кезінде осы жыныстардың табиғи еңісінің бұрышынан;

мынадай:

жұмсақ, бірақ тұрақты жыныстарды қазу кезінде 50 °;

тастақ жыныстарды қазу кезінде 80 ° аспайды.

23. Ашық тау-кен жұмыстары объектісі (карьері) ернеуі сағасының, ернеудің уақытша консервацияланатын учаскелері мен тұтастай ернеудің шекті бұрышы (тұрақтылық бұрышы) жобамен белгіленеді және карьердің ернеуі мен сағасының тұрақтылығын бағалау жөнінде оң сараптама қорытындысы болған жағдайда ғылыми зерттеулердің деректері бойынша пайдалану барысында түзетіледі.

24. Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің жұмыс алаңының ені, олардың мақсатын, тау-кен және көлік жабдығының оларға орналасуын, көлік коммуникацияларын, электрмен жабдықтау желілері мен байланысты ескере отырып, жобамен анықталады.

Кемердің төменгі сағасынан (тау-кен қазындысы құламасынан) жақын орналасқан теміржол шүлдігіне дейінгі қашықтық 2,5 м кем болмауы тиіс.

Кемерлерді жоғарғы жағынан тиеу арқылы экскаваторлармен қазу кезінде кемер сағасынан теміржол немесе автожол шүлдігіне қашықтық жобамен анықталады, бірақ 2,5 м кем болмауы тиіс.

Кемердің (кемершенің) биіктігі экскаватор машинисінің кабинасынан көлік құралдарының көрінуін қамтамасыз етеді.

25. Ашық тау-кен жұмыстары объектісінің уақытша жұмыс істемейтін ернеулерін қалыптастыру және оларда тау-кен жұмыстарын қайта жаңғырту қауіпсіздік шараларын көздейтін жобамен анықталады.

26. Көліксіз жүйе бойынша қазуды жүзеге асыратын аршу жұмыстарын жүргізу кезінде карьер кемерінің төменгі сағасы мен жыныс үйіндісі арасындағы қашықтық жобамен немесе тау-кен жұмыстарының жоспарымен анықталады. Теміржолдар немесе конвейерлер болған жағдайда үйіндінің төменгі сағасынан бастап теміржол шүлдігіне немесе конвейер шүлдігіне дейінгі қашықтық 4 м кем болмауы тиіс.


27. Кемерлерді қазып алу және оларды шекті қалыпқа қою кезінде аралас бермалар арасындағы қашықтық, сақтандыру бермаларының ені, құрылымы мен қызмет көрсету тәртібі жобамен анықталады.

Берманың ені барлық жағдайларда оның механикалық тазартылуын қамтамасыз етеді.

Пайдалану барысында кемерлер мен сақтандыру бермаларының параметрлері тау-кен жыныстарының физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері бойынша жобада анықталады.

Кемерлерді қазып алу, оларды шекті қалыпқа қою кезінде жобада белгіленген карьер ернеуі сағасының жалпы бұрышы сақталады.

28. Сақтандыру бермаларының кесе-көлденең кескіні көлденеңінен немесе карьер ернеуіне қарай көлбей орнатылады. Жұмысшылар жүйелі түрде жүріп-тұратын бермалардың қоршауы болады және жүйелі түрде жыныс қалдықтары мен кесектерінен тазартылады.

Жобаға сәйкес бойлық көлбеуі бар, оның ішінде көліктермен жүргізілетін көлбеу бермаларды қолдануға болады.

29. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ернеулердің, орлардың кемерлердің, сағалар мен үйінділердің жай-күйін бақылау жүзеге асырылады. Жыныстардың сырғу белгілері анықталған жағдайда жұмыстар тоқтатылады және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Жұмысты ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен оның бекіткен жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша қайта жаңғыртуға болады.

Ашық тау-кен жұмыстары объектілері ернеулерінің, сағаларының, кемерлері мен үйінділерінің өзгеруін тексеру мен аспаптық бақылау мерзімділігі технологиялық регламентте белгіленеді.

30. Жұмысты жүргізу «Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына» сәйкес жүзеге асырылады.

Кемерлерде жұмыс істеген кезде оларды салбыраңқылар мен қалқаншалардан шабақтау және ілікпетастарды жою жүргізіледі.

Кемер сағаларын шабақтау жұмыстары механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі. Бақылау тұлғасының тікелей бақылауымен рұқсат наряды бойынша қолмен шабақтауға жол беріледі.

Шабақтаумен айналыспайтын жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылады.


31. Бұрышы 35° астам кемер сағаларында жұмыс берік тірекке бекітілген арқандары бар сақтандыру жұмыс белбеулерін пайдалана отырып, бақылау тұлғасының қатысуымен жұмысты ұйымдастырудың жеке жобасымен жүргізіледі.

Сақтандыру белбеулері мен сақтандырғыш арқандардың соңғы сынақтан өткен күні туралы белгісі болады.

32. Көлденеңінен жұмыс орындары немесе тігінен екі аралас кемерлерде орналасқан тетіктер арасындағы қашықтық қолмен қазу кезінде 10 м кем емес және экскаватормен қазу кезінде ең үлкен көсіп алу радиусының бір жарым сомасынан кем болмауы тиіс.

Экскаваторлар бір деңгейде қатар жұмыс істеген кезде, олардың арасындағы қашықтық олардың ең үлкен жұмыс істеу радиусының сомасынан (драглайн үшін шөмішті салу шамасын ескере отырып) кем болмауы тиіс.

Жұмыста өзара байланысты тетіктерді пайдалану кезінде, олардың арасындағы көлденең және тік қашықтық жобамен анықталады.

33. Жерасты қазбаларының немесе карстарының болуы салдарынан құлауы немесе бұзылуы ықтимал аймақтарда жұмыс істеген кезде жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары (алғы барлап бұрғылау, ықтимал бұзылу аймағындағы кенжарлардан тау-кен машиналарын жару уақытында бөліп шығару және тағы басқалары) қолданылады. Бұл ретте ернеулер мен алаңдардың жай-күйін маркшейдерлік бақылау жүргізіледі.

Жыныстардың сырғу белгілерін анықтаған жағдайда жұмыстар тоқтатылады және ұйымның техникалық басшысы бекіткен жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша қайта жаңғыртылады.

34. Жыныстар орналасқан, шөгуге бейім кен орындарын қазу жобаларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.

Егер шөгуге бейімділік тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында анықталса, жобаға түзетулер енгізіледі және онда қарастырылған қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылады.

35. Өздігінен тұтануға бейім пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу кезінде аршу және дайындау жұмыстары жобада қарастырылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ескере отырып жүргізіледі.


Жыныс үйінділерін оларға өздігінен тұтануға бейім жыныстарды орналастырып жасау ұйымның техникалық басшысы бекіткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алдын алу іс-шараларын жүзеге асыра отырып жүргізіледі.

36. Көшкін қаупі және сел қаупі бар аймақтарда жұмыс жүргізу кезінде жергілікті жағдайларды ескере отырып, ұйымның техникалық басшысы бекітетін көшкінге қарсы және селге қарсы қорғау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.



следующая страница >>