reforef.ru 1


Қарағанды ОТД 2011 жылдың 9 айлық қызметінің нәтижелері
Қарағанды ОТД-сында тіркелген телефон желісінің бары 395,2 мың нөмірді құрады. (жоспар 109 пайызға орнатылды). Ағымдағы жылдығ 9 айында 14,1 мың телефон орнатылды.

Қарағандылықтар қалааралықта 164,6 млн. минут сөйлескен. Халықаралық телефон сөйлесулері 13,3 млн. минутты құрады.

Кеңжолақты интернетті пайдаланушылардың жалпы саны 99,1 мың абоненттен асты. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап қыркүйекке дейінгі мерзімде 15,5 мың жаңа орнатулар болды. Абоненттік базаның өсуіне Интернетке қатынаудың өткізу қабілетін көтеру, тарифтерді төмендету, сондай-ақ жаңа тарифтік жоспарлар енгізу бойынша Компаниямен өткізілетін тарифтік саясат себеп болды.

Қазіргі уақытта Ұлытау-Жезқазған-Жарық бағытында, 2012 жылы Сарань-Абай -Шахтинск, Жарем-Қызылжар, Қазкөл-Ералиев, 2013 жылы Киевка-Осакаровка бағыттарында кезең-кезеңмен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Облыстың аудан орталықтарына дейінгі талшықты-оптикалық байланыс желілерін кезең-кезеңмен салу жұмыстары жалғасуда. Қарағанды қаласында желінің құрылысы жалғасуда. Интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметінің жаңа абоненттерін қосу басталады. Сонымен қатар, бұл қалалардың тұрғындары жаңа заманғы телефония және цифрлы телевизия қызметтерін еркін пайдалана алатын болады. Айта кететін жағдай, салынған оптикалық байланыс желісінің арқасында бірқатар елді мекендер де әлемдік торға қатынау мүмкіндігін алды.

Қазірде Қарағанды қаласында 366 үйге құрылғалар пайдалануға берілді. Байланыс желілерін салу барысында Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясы тұрғындарды барынша қамтумен қатар, қала үйлерінің сырт келбетіне ерекше назар аударады. Қарағанды ОТД өзінің желілерін тек қана арнайы телекоммуникациялық кәріздер арқылы тартылады. Бұл сенімді әрі сапалы байланыстың кепілі. Оның үстіне тұрғындар төбеден салбырап тұрған кәбілдерді көрмейді. Өкінішке қарай кейбір байланыс операторлары желілерін әуе арқылы тартады.


Есептік кезеңде (9 ай) 21 аналогты станция цифрлыға қайта қосылды, 1304 км кәбілді желілер жойылды. Қарағанды ОТД желілерінің цифрландыру деңгейі 01.10.2011ж. мәлімет бойынша 88,6% құрап отыр. Цифрландыру деңгейі (аналогтық станциядан цифрлы станцияларға көшу) кезең-кезеңмен жүргізіледі. Айталық, 2011 жылы АТС-72 аналогтық станция, жалпы сыйымдылығы 4,5 мың нөмірден тұратын, сонымен қатар Сарань, Шахтинск қалаларында 2013 жылы – 4 аналогтық станция, жалпы сыйымдылығы 11 мың нөмірден тұратын станция қайта қосылады.

Төртінші кварталда селолық желі телекоммуникациясын дамыту барысында Ивановка - Ізенді – Ақжал – Ақтоған телімдерінде радиорелейлік желі байланыс құрылысы арқылы Ақтоғай және Нұра аймақтарында транспорттық желіні модернизациялау жалғасуда. салынған Берілген іс-шаралар арқасында бірқатар елді мекендер де әлде қайде кеңейтілген телекоммуникациялық қызметтермен қолдануға мүмкіндік алады.

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі