reforef.ru 1

Ф КГМА 1-8-24/02

МУ «Организация

методической работы в

соответсвии с ГОСО 2006

года» от 04.07.2007г.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы



Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

«Газ-сұйық хроматография әдісі. Медицина және фармацияда ГСХ қолданылуы» тақырыбы

Аналитикалық химия пәні

051103 «Фармация» мамандығы
2 курс
Құрастырушы: Ногаева А.Н.

Қарағанды 2008

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«_27__» _06_2008ж № _11_ Хаттама



Курсқа жауапты х.ғ.к. ________________ Власова Л.М

Тақырыбы: Газ-сұйық хроматография әдісі. Медицина және фармацияда ГСХ қолданылуы.
Мақсаты: Газ және сұйықтардың хроматографиясы мәні, сандык газохроматография, фармацевтикалық анализде колдануы туралы ұғымдардың негізін қалыптастыру.
Тапсырма:

  1. Газды (газ және сұйықтар, газ-адсорбциялық) хроматография. Негізгі теориялық қағидалар. Теориялық тарелкалар концепциясы, оның кемшіліктері. Микроскопиялық тұрақтылардың теориясы (жылдамдық теориясы).

  1. Биік ыдыраудың (биік қысымның) сұйықтық хроматографиясы.

  2. Қозғалатын және қозғалмайтын фазаларға қойылатын талаптар.

  1. Газ хроматографиясына арналған кең таралған материалдар (адсорбенттер, қатты таратушылар, қозғалмайтын сұйық фазалар).

  2. Органикалық және бейорганикалық заттарды бөлу, олардың құрамын анықтау үшін ГСХ қолдануы.

  3. Сандық газ хроматографиясы. Хроматографияда сандық анықтаулар үшін қолданатын детекторлар.


Орындау түрі: реферат, тақырыпты өз бетінше оқу.
Тапсырманы орындауға талаптар:

Тапсырма реферат түрінде, қолданылып жүрген әдебиеттегі түсініктемелерді пайдалану арқылы орындалу керек. Реферат көлемі 5 парақтан кем болмау керек, әдебиеттер саны 4-ден кем емес болуы қажет. Реферат тақырыбы бойынша тұжырымдама жасау керек

Тапсыру мерзімдері: семестр бойы тақырыбы ұқсас сабақта.
Бағалау критерийлері: реферат қорғау.
Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия Алматы «Білім» 1994. І.Харитонов Ю.А. Аналитическая химия.кн.1,2. М.; ВШ, 2003

  2. Цитович И.К. Курс аналитической химии. М., 2004.

  3. Васильев В.П. Аналитическая химия. кн. 1,2. М., Дрофа, 2003.

  4. Кельнер P., Мерме Ж.М., Отто М, Видмер Г.М. Аналитическая химия. т. 1,2. Перевод с англ. яз. М., Мир, 2004.

  5. Отто М. Современные методы аналитической химии т.1,2. М., Техносфера, 2003.

  6. Пономарев В.Д. Аналитическая химия, ч. 1,2. М., ВШ, 1982.


Бақылау сұрақтары:

1. Егерде қозғалатын фаза - газ болса, ол хроматографияның түрі:

  1. газдық

  2. сұйықтық

  3. жіңішке қабатты

  4. колонкалы

  5. електі

2. Егерде қозғалатын фаза - газ болса, қозғалмайтын фаза - қатты нәрсе болса, хромато-
графияның түрі:

  1. газ-сұйықты

  2. газоадсорбциялық

  3. сүйықсұйықты

  4. сүйықтыадсорбциялық

  5. електі

3. Егерде қозғалатын фаза - газ болса, қозғалмайтын фаза - сұйық болса, хроматографияның түрі:

  1. газ-сұйықты

  2. газоадсорбциялық

  3. сұйықсұйықты

  4. сұйықтыадсорбциялық

  5. електі

4. Егерде қозғалмайтын фаза толтырылған колонкадан, сұйық қозғалатын фазаны өткізсе,
хроматографияның түрі:

  1. сұйықты колонкалық

  2. газды

  3. қағазды

  4. жіңішке қабатты

  5. електі

5. Полярлы қозғалмайтын фаза және полярсыз қозғалатын фаза пайдаланатын сұйықты
колонкалық хроматографияның түрі:

  1. тік фазалық түрі

  2. айналма-фазалық түрі
  3. жіңішке қабатты


  4. қағазды

  5. електі

6. Тік фазалық түрінде элюент ретінде мына зат пайдаланады:

  1. полярсыз органикалық еріткіштер

  2. су

  3. сулы-спиртті қоспалар

  4. су мен гидрофуранның қоспасы

  5. су мен ацетонның қоспасы

7. Полярсыз қозғалмайтын фаза және полярлы қозғалатын фаза пайдаланатын сұйықты
колонкалық хроматографияның түрі:

  1. тік фазалық түрі

  2. айналма-фазалық түрі

  3. жіңішке қабатты

  4. қағазды

  5. електі

8. Айналма фазалық түрінде элюент ретінде мына зат пайдаланады:

  1. су және сумен полярлы органикалық еріткіштердің қоспасы

  2. гексанол

  3. бензол

  4. толуол

  5. диэтил эфирі

9. Қозғалмайтын фаза ретінде иониттер, қозғалатын фаза ретінде су мен буферлі
ерітінділердің қоспаларын пайдаланатын сұйықты колонкалық хроматографияның түрі
төмендегідей аталады:

  1. ионалмастыру

  2. айналма-фазалық

  3. жіңішке

  4. қабатты тіке

  5. електі

10. Хроматографияда концентрацияның анықтауының негізі:
А. хроматографиялық шыңның биіктігін өлшеу

В. шыңның диаметрін өлшеу

С. түсінің қарқындығын өлшеу

D. сорбент жұтүын өлшеу

E. судың көлемін өлшеу