reforef.ru 1
Қайырлы күн құрметті сайысқа қатысушылар, қонақтар!


«Бабалар жүрген жолымен» атты сайысқа екі топ қатысып отыр.Топтары 8 – 9 сынып оқушыларынан құрылған.

1 топ – Әл – Фараби тобы ( 8 сыныптар )

2 топ – Қожа Ахмет Иассауи тобы ( 9 сыныптар )

Мақсаты: жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын, тарихи кештердің маңызы өте үлкен. Ежелгі замандағы Отырар мен Түркістан топырағында туған, халқымызға мол мұра қалдырған ғалымдар Әбу Насыр Әл - Фараби мен Қожа Ахмет Иассауидың өмір жолдарымен, тарихтағы алатын орындарымен таныстыру.

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттерден тұратын шағын көрме.

Жоспар:


  1. Топтарды таныстыру:

а) топ аты;

ә) ұраны;

б) топ мүшелерімен таныстыру.

Әділ-қазы алқаларымен таныстыру.

  1. Әл – Фараби тобы:

«Біздің тобымыз Әл-Фараби атында. Ұлы ғалым қазіргі Отырар қаласында дүниеге келді. Ол ғалым, дәрігер, сазгер болған. Ат спортымен айналысып, саздық аспаптар жасаған»

Ахмет Иассауи тобы:

«Қасиетті Түркістанда дүниеге келген, Ахмет Иассауи ақын, сопы болған. Қарапаймдылығымен, көпшілдігімен, ғылым жолындағы даралығымен ғасырдан – ғасырға жетті ».





ІІ. Сәлемдесу;

а) Әл-Фараби тобы:

Отырар Әл-Фараби туған қала

Таңқалған ол туғанда барша дала

Бір өзі-ғалым, сазгер, тарихшы да

Дәрігер өз халқына болған шипа.

ә) Иассауи тобы:

Ахмет Иассауи тобынанбыз

Білім мен өнерге шындалғанбыз

Жолдаймыз сәлем саған ғұлама топ

Талай-талай сайыста шындалғанбыз!

ІІІ. Танымдық сұрақтар.

1 топқа:
  1. Әл-Фараби қай жылдарда өмір сүрді?


  2. Әл-Фараби еңбектерін атаңдар.

  3. Сиқырлы қобдиша. « Мына қобдишада Әл-Фарабиге қатысты бір нәрсе бар, ол затты күн сайын баршамыз қолданғанбыз. Ол не нәрсе деп ойлайсыз? ».

2 топқа:

  1. «Түркістан» өлеңін кім жазған, жатқа айт.

Түркістан – екі дүние есігі ғой

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

  1. Сиқырлы қобдиша. «Бұл қобдиша Ахмет Иассауиге қатысты бір нәрсе бар, ол не деп ойлайсыңдар?»

  2. Ахмет Иассауи кесенесін кім салдырған?

ІҮ.«Жылдар сөйлейді?» Қандай оқиға болды? –

І топ: 1723ж., 1991 ж. желтоқсанда, 1730ж., 1736-1738жж.,

1731 ж.ақпанда, 1992 ж. маусымда

ІІ топ: 1993ж.қараша, 1773-1775жж.,1995ж.қыркүйек, 1783-1797жж.,

1726ж., 1916ж.

Ү. «Кім алғыр» - 1 минутта жауап беру.

1. Абайдың шын есімі.

2. Етікке ұқсас мемлекет.

3. Республика күні.

4. Абылайдың шын есімі.

5. Тұздалған сүт өнімі.

6. Ең терең көл.

7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

8. Ең кішкентай материк.

9. Ең ұзын өзен.

10. Судың қатты түрі.

11. Ең жұмсақ алақан.

12. Қазақтардың бұрыңғы тұрғын Үйі.

13. Конституция күні.

14. Қазақ жеріндегі «2-ші Мекке» - атанған қасиетті жер.

ҮІ. Шағын қойылымдар: 1 топ - «Әл – Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы»

1 оқушы: «Әл-Фараби адам қасиеті туралы, жан туралы ұғымдары орта ғасырлардың жемісі».

2 оқушы: «Араларын мың жылдай болып тұрған

Ғылымға үлестері ерекше ерен

Әбу-насыр, Абаймен қол созады

Кейінгіге шындардан, биіктерден».

3 оқушы: Әл-Фараби есімі дүние жүзіне танымал. Оны шығыстың Аристотелі деп атайды.


4 оқушы: «Әл-Фарабидің жан туралы ұғымы мен Абайдың 7,19,27,38,47 – ші қара сөздерінде сабақтастық бар».

2 топ: «Ахмет Иассауидің Арыстан бабадан бата алуы».

Арыстан баб: Иә, балам қай баласың?

Ахмет Иассауи: Мен бе, ата ? мен халықтың баласымын.

Арыстан баб: Балам, өзің болайын деп тұрған бала екенсің?! Үш сауал қояйын, мүдірмей жауап берсең, шәкіртім боласың.

Ахмет Иассауи: Қойыңыз сұрағынызды ата, шама келгенше жауап берейін.

Арыстан баба: Ақылды кім береді, кім алады?

Ахмет Иассауи: Ата! Көз де сөз де халықтыкі, себебі көзбен көретін де, сөзді тындайтын да халық.

Арыстан баба: Білім алсаң кім үшін жұмсайсың, балам?

Ахмет Иассауи: Құдай жолына арнап, халыққа жұмсар едім!

Арыстан баба: Олай болса, балам сен менің шәкіртім боласың! (Бата береді).

ҮІІ. Музыкалық сәт: Әр топ мәнерлеп оқу, би және ән өнерлерін ортаға салады.

ҮІІІ. Қорытынды: Екі топ өз білімдерін ортаға салып, біліктіліктері мен танымдарын көрсетті.

Сөз кезегі қазы алқаларына беріледі.

Ә.Бөкейхан атындағы № 76 ЖББОМ

Бекітемін:

Мектеп директоры: Ө.И.Бимендин

Бабалар жүрген жолымен

( интеллектуалды тарихи танымдық сайыс )

8 – 9 сыныптар

Дайындаған: Абильдина М.Б.

Қарағанды – 2011

«Кім алғыр» - 1 минутта жауап беру.

1. Абайдың шын есімі.

2. Етікке ұқсас мемлекет.

3. Республика күні.

4. Абылайдың шын есімі.

5. Тұздалған сүт өнімі.

6. Ең терең көл.

7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

8. Ең кішкентай материк.

9. Ең ұзын өзен.

10. Судың қатты түрі.

11. Ең жұмсақ алақан.

12. Қазақтардың бұрыңғы тұрғын Үйі.


13. Конституция күні.

14. Қазақ жеріндегі «2-ші Мекке» - атанған қасиетті жер.

ІІІ танымдық сұрақтардың жауаптары


  1. 870-950жж. Өмір сүрген

  2. Музыканың ұлы кітабы, музыка жайлы талдау еңбектері бар

  3. Әл-Фараби бейнеленген ақша



  1. М.Жұмабаев

  2. Тайқазан Қарнақта жеті түрлі металдан жасалған, қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін Эрмитаждан киелі Түркістанға қайтарылды (Тайқазан сүреті)

  3. Әмір Темір