reforef.ru 1

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 893 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасы және оны төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі



К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 1 тамыздағы № 893

қаулысымен

бекітілген

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

қағидасы және оны төлеу мөлшері




1. Жалпы ережелер

1. Осы Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасы және оны төлеу мөлшері (бұдан әрі - Қағида) қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді қорғаншылық және қамқоршылық органдары (бұдан әрі - орган) жүргізеді.


3. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақыны төлеу ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекет етуге қабiлетсiз, әрекет ету қабiлетi шектеулi деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргiзiледi.

2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі

4. Егер баланың (балалардың) оның жалақысы, алименттері, зейнетақылары және өзге де әлеуметтiк төлемдері түріндегі табыстарының, сондай-ақ өзіне тиесілі мүлкінен түсетін табыстарының орташа айлық сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстардан аспайтын болса, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы әр балаға (балаларға) тағайындалады.

Баланың орташа айлық табыстарын анықтау кезінде адам жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген күнге дейінгі кезеңде баланың ақшалай нысанда нақты алған табыстары ескеріледі.

5. Баланың орташа айлық табыстары табыстар сомасын жылдың басынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген сәтке дейінгі, адам жәрдемақы тағайындауға жүгінген айды қоса алғанда, айлардың санына бөлу арқылы анықталады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес формула бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасы ай сайын анықтайды.

6. Қорғаншылар немесе қамқоршылар жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы алу үшін баланың (балалардың) тұрғылықты жері бойынша органға мынадай құжаттарды:

1) қорғаншының немесе қамқоршының осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтінішін;

2) қорғаншының немесе қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесін;

3) жергілікті атқарушы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімін;

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлiктерінің көшiрмесiн;

5) балаға жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-аналық құқықтарын шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті, әрекет етуге қабiлетсiз (әрекет ету қабiлетi шектеулi) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелерін;


6) екінші дәрежелі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесін;

7) қорғаншының немесе қамқоршының салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының және жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмелерін;

8) баланың (балалардың) табыстары (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер, балаға (балаларға) алименттердің төленуін (төлемнің болмауын) растайтын анықтама, баланың еңбекақысы туралы анықтама) туралы мәліметтерді ұсынады.

7. Тұрғылықты жері бойынша орган болмаса, өтініш беруші осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.

8. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексереді және өтініш берушілерден құжаттар қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей оларды органға жөнелтеді.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынылады, кейiн олар тіркеледі, құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң жыртпалы талоны өтiнiш иесiне қайтарылады.

9. Орган қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша орган қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешімді осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес шығарады және тіркеу журналында белгілейді.


10. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы органның немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің барлық қажетті құжаттарды қабылдаған айдан бастап тағайындалады.

11. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақының төлемі ай сайын жүргiзiледi.

12. Орган ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын осы Қағидаға сәйкес ай сайын аударады.

13. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген оларды төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, оның туған айын қоса отырып, қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейін төленедi.

14. Органның кінәсінен қорғаншы немесе қамқоршы уақтылы алмаған жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейiн берiлсе, органға, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне жүгінген күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.

15. Қорғаншы немесе қамқоршы органды тұрғылықты жерінің өзгергені туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етедi. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы алатын қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жері өзгерген кезде, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша орган тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарламаны алған күннен бастап қамқорлыққа алушының жеке iсін жаңа тұрғылықты жері бойынша органға жеті жұмыс күні ішінде жібереді. Төлем қамқорлыққа алынушының жеке ісін алғаннан және оны жаңа тұрғылықты жері бойынша орган тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүргiзіледi.


16. Егер Қазақстан Республикасының азаматы шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншысы немесе қамқоршысы болған жағдайда, жәрдемақының төленуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының мұндай балалармен нақты тұратын жері бойынша олардың өзара есеп айырысуларынсыз жүргізіледі.

17. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақының пайдалануына бақылауды орган жүзеге асырады.

18. Тәрбиелеу, емдеу және өзге де ұқсас мекемелерде немесе стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған, сондай-ақ ата-анасы өз баласын жеке өздері тәрбиелей және асырай алатын, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлек тұратын, бірақ оларды асырап-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындалмайды.

19. Органның қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешіміне жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

20. Қорғаншыға немесе қамқоршыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеу органның шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) қамқорлыққа алынушының кәмелет жасқа толуы;


2) қамқорлыққа алынушының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасуы;

3) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) асырап алынуы;

4) қорғаншының немесе қамқоршының «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы және шеттетілуі;

5) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) некеге тұруы;

6) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-1-бабына сәйкес толық әрекетке қабiлеттi (эмансипацияланған) деп жариялануы;

7) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) органның қорытындысы негізінде ата-аналарына қайтарылуы;

8) баланың (балалардың) қайтыс болуы;

9) баланың (балалардың) орташа айлық табыстары сомасының тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артуы.

21. Жәрдемақы төлеудi тоқтату органның шешiмi бойынша төлемдi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап жүргiзiледi.

22. Егер қорғаншыға немесе қамқоршыға іздеу, олардың емделу, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеуден босату нәтижесінде ата-аналарының табылғаны туралы белгілі болған және қорғаншыға немесе қамқоршыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақының төленуін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге де жағдайларда, ол органды бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.


23. Жәрдемақы төлеудiң тоқтатылғаны туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган қорғаншыларды немесе қамқоршыларды бұл туралы хабардар етеді.

24. Заңсыз төленген және алынған жәрдемақы, егер артық төлем алушы тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, қорғаншыдан немесе қамқоршыдан өндiрiлiп алынады. Артық төленген жәрдемақыны өндiрiп алу өз еркімен немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

3. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы

(жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды)

асырап-бағуға жәрдемақының мөлшері

25. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері он айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға

жетім баланы (жетім балаларды) және

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға

жәрдемақы тағайындау қағидасы

және оны төлеу мөлшеріне

1-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды есептеу формуласы

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстар мына формула бойынша анықталады:

ОШ=АШББ/БС/12 ай

мұндағы,

ОШ - тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы асырап-бағуға арналған орташа айлық шығыстар;

АШББ - еңбекке ақы төлеу шығыстарын, өтемақы төлемдерін, әлеуметтiк салықты және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, мемлекет ішінде және мемлекеттен тыс іс-сапарларды және қызметтік жол жүрулерді, орындаушылық құжаттарды орындауды, сот актілерін қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасының «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдағы жоспарлы шығыстарының сомасы,


БС - адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармаларының «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландырылатын ұйымдарда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде асырап-бағылатын балалардың нақты саны.

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға

жетім баланы (жетім балаларды) және

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға

жәрдемақы тағайындау қағидасы

және оны төлеу мөлшеріне

2-қосымша

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін өтініштің нысаны

___________________________

(орган атауы)

Өтініш

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) _________________________________________________ асырап-бағуға жәрдемақы

(баланың (балалардың) Т.А.Ә., туылған күні)

тағайындауды сұраймын

Қорғаншының немесе қамқоршының тегі____________________________________________________________________________________

Аты _______________________Әкесінің аты____________________________________ Мекенжайы__________________________________

Органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі __________________________________ 20__ ж. «___» __________

Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын растайтын құжаттың түрі

______________________________________________________________________________________________________________________

Сериясы _____________нөмірі ________________ кiм берген __________________________________________________________________

Жеке сәйкестендiру нөмiрi _______________________________________________________________________________________________


Салық төлеушінің тіркеу нөмірі____________________________________________________________________________________________

Әлеуметтік жеке код_____________________________________________________________________________________________________

Дербес шотының № _____________ Банктiң атауы __________________________________________________________________________

Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) _________________________________________________________________________________________

Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

20___ ж. «___» ________ ______________________________________________

(өтiнiш берушiнiң қолы)

Құжаттар қабылданды: 20___ ж. «___» _________

______________________________________________________ _____________

(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

(қию сызығы)

Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

Құжаттары қоса берiлген азамат

______________________________________________________________ өтiнiшi

_________________________ данада 20___ ж. «___» ____ № _____ қабылданды.

_____________________________________________________________________ ______________

(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға

жетім баланы (жетім балаларды) және

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға


жәрдемақы тағайындау қағидасы

және оны төлеу мөлшеріне

3-қосымша

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды)

асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

шешім

20 ___ жылғы «___» ___________

№ ________

______________________________________________________________________________________________________________________

(орган атауы)

Iстiң № ___________

Азамат _______________________________________________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

Өтiнiш берiлген күн _____________________________________________________________________________________________________

Баланың туу туралы куәлiгi (баланың туу туралы актiнің жазбасы)

Берiлген күнi _______________________ №_____________________

Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы ______________________________________

Баланың Т.А.Ә. ________________________________________________________________________________________________________

Баланың туған күні _____________________________________________________________________________________________________

Органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі ________________________________________________________

Тағайындау күні 20__ ж. _________________

Тағайындалған жәрдемақы

20__ ж. __________ бастап 20__ ж._________ аралығында

__________________ теңге сомасында _______________________________________________________________________ тағайындалсын


(жазумен)

Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жәрдемақының тағайындалған сомасы:

Баланың Т.А.Ә. ________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________ бастап ______________________________________________________аралығында

___________ теңге сомасында _______________________________________________________________________________ тағайындалсын

(жазумен)

____________________________________________________________________ себебі бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды

________________________________________________________________________ себебі бойынша жәрдемақының төленуі тоқтатылды

М.О.

______________(Орган басшысы)________________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)