reforef.ru   1 2 3

М.Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар тақырыбы және‘’Жетім” әңгімесіндегі Қасым бейнесі


Мұхтар Әуезовтің балаларға арналған шығармаларынын катарына жазушылык өнердін алғашқы баспалдағында жазған әңгімелері жатады. Атап айтсак, “Жетім”, “Қорғансыздын күні”, “Қараш - Қараш оқиғасы” жэне “Абай жолы” эпопеясындағы Абай мен Оспанның балалық мінездерін танытатын тараулары жатады. Жазушынын балаларға арналған әнгімелерінін негізгі лейтмотиві, концептуалдық түйіні - қорғансыздар жайы.

Бала жанын ширықтырып, ізгілік әлеміне жетелейді. Мүхтар Әуезовтің балалар әдебиетіне арналған мүраларының басты кейіпкерлері дала тағылығы мен жауыздығы алдында шарасыз болып, тапталса да бірак ары мен жанының мөлдірлігін пәк калпында сактаған Ғазиза, Қүрмаш, Қасымдар. Өмірдін соншалыкты дәрменсіз, қарсы түрар каукары жок бейшаралығын жазу ісін әдебиет өнерінде символизм яки модернизм деп атайды.

Бүл ағым түсында жазушынын көрсетер дәмені жоқ сол зүлымдықпен күресудін жолын таба алмай, еріксіз жас тағдырын қүрбан еткен кейіпкерлерінін өміріне деген жанашырлық ілтипаты ғана болады. Бүндай ағым коғамда саяси дағдарыстар болып, ізгілік жойылып, тағылык үстемдік күрғанда, өзге бір қоғамдык күрылыс орнап, ескісі күйреп, жанасы өз жолына түсе алмай түрған шақта жазылатын шығармашылык көркем тәсіл.

Кемеңгер жазушы Мүхтардың 1917 - 1930 жылдарда жазған шығармаларында осындай ағымдык белгілер айкын көрініс тапкан. Оған ел жағдайы да, қоғамдык қүбылыстар да сонымен катар жазушынын ішкі жан дүниесіндегі күйзелістері бір арнаға тоғыса келіп, шығармашылык ізденіс болып көрініс табады. Осы түста Мүсілім Базарбаевтың осынау бір пікірін айта кету орынды. “ Сонау алғашкы әңгіме, повестерінен бастап, драмалык шығармалары, атакты “ Абай жолы” романы - бәрі де алған кейіпкерлерінін оны мен сезімін терең меңгеріп, солардын жүрегіне жол таба білудің, тағдыр мен жеке бас аралығындағы дәнекер арқаудын үзілмеуін, мензеген максатын солардың қан тамырынын соғуына карай дәлелдегенін байкатады. [ Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет - Алматы: Ғылым, 1997.- 504 6]

Жазушы жетім балалар тағдырына катты толғанып, бар жүрегімен аяныш сезімін білдіреді. Мүхтар мүншалыкты жан төзгісіз тағылыкка жайбыракат карауды ар санайды. Ол өз каһармандарымен іштей табысып, солармен бірге бір күй кабылдап, бар жанымен қатты тебіренетіні әңгіменің өн бойынан анык байқалады. Балаларға арналған сондай әңгімесінің бірі - “ Жетім “


“ Жетім” әнгімесінде жазушы Қасымның тағдырын ашу арқылы сол кездегі қазак даласындағы әр жетім баланын шынайы типтік бейнесін жасаған. Бұл әңгімеде жинактау тәсілімен қоса даралау әдісі де бар. Сондықтан да Қасым бейнесін әбден жинақталған, сонымен бірге әбден дараланған бейне деп танимыз. Типтік бейне дегенде жетімдік хакысы әр кімге бір кетіп, көрінгенге жем болып, кіріптар күйге түскен кісі табалдырығын тоздырып, жалшылыкта жүрген жетім өмірі, әр кімнен бір жылы сөз мейірім күткен Қасым мінезі типтік тәсілмен өрілген. Қасым бейнесінің даралығы неде? Даралығы сол естияр болып, әжесінен айырылған сәттегі жан азасын шырқырай жеткізуінде де танылады. “ Әже -тай, мені тастап кеттің? Мені неге ала кетпедің, менін қаңғып калғаным ба? Менін шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба деп зарлағанда, елдін сай - сүйегін босатып, кәрі - жастың жүрегін еріткен болатын деген әңгіме үзіндісінен Қасымнын әже казасын бар жанымен түсінген күйін танимыз. Міне енді әжесінің кешкі мезгілде алдына алып, күпісіне орап отырып, тербетіп айтатын сезімді қоныр әні де жоғалды, келмеске кетті. Әке - шешесінен айырылса да Қасымның басына әжесінің көзі тірісінде шын жетімдік орнамап еді. Ал Қасымның әжесінің өлімі Қасымнын өз өлімімен бара - бардай. Әже өлімі компазициялық пішінде алғанда шарыктау шегі болып табылады. Жазушынын шеберлігі де осы. Ол әже әлімі аркылы онсыз да жетім баланын күйін мүлдем ауырлатады. Шығарманың әсерлі күйі де бас қаһарман Қасымды соңғы тірегі әжесінен айырып, үлкен бір трагедия күрсауын сығымдай түседі.

Қасымнын ендігі тағдыры тірліктегі өмір жолы, бәрі - бәрі Иса мен онын кекбет, қатыбас, долы әйелі Қадишанын қолында. Мүхтар Әуезовтін осынау “Жетім” әңгімесі Сәбит Дөнентаетын “Көркемтай” әңгімесімен сабактасуы ерекше бір шетін жайдын үшығын таныткандай.

Қос әнгіменің мазмүны мен пішін, болмыс үқсастығы әдебиетшілерді таңдандырмай қоймасы анык. Әңгімелердегі трагедиялық шешім де барынша бірдей болуы неліктен деген заңды сүрак туындайды. Оның жауабы біреу.


Сәбит Дөнентаев пен Мүхтар Әуезовтің кешкен заманы бір, жазушылык мүддесі бір және сол замандағы алапат та жойкын, сонымен катар топас коғам алдындағы каламгерлердің ұстанған тенденция бірлігінен. Әнгіменін еріксіз адам күлкісін шақыратын Қадиша мінезінін кекселік түсы бар. Ол онсыз да тағдырдан таяк жеп, тағдыр таукыметін арқалап жүрген Қасымға берген Қадишаның қарғысы мен Исаның аяусыз соккыға жығуы. Бүл не деген сөз? Сонау бір каранғылык ыкпалынан шыға алмаған кара ниетті жандар Қадиша мен Иса расынша, жүрегі мүлдем таска айналып, бір түйір мейірім таныта алмас топастық танытуы - сол коғамнын әлсізді аямайтын, тағылык мінезі мен жыртқыштык пиғылын дәл керсетеді.Исанын аты еркек болғанымен, туыстык, бауырмалдық, жанашырлық мінезден мүлдем макүрым болып сайқал әйел мінезіне ауысқан жан. Неге десеңіз, өмір тауқыметін онсыз да тартып жүрген әлсіз де корғансыз жетімге кол көтеріп, өлімші етіп соккыға жығып салуы, шындыгын айтайык, еркектік емес, керісінше - сезімі мүлдемге тактайланып, бар мейірімнен ада болған


катын мінезді танытса керек. Табиғатынан бауырмал казак халкынын мұншалықты ұсакталып, жүрек мейірімінен айырылу себебі неде? Жауап тағы біреу. Сол заманның әлеуметтік түрмысы бүріп жіберген, сүреңсіз пендешілік ниеттің үстемдік алуы, тағылыкты, әлсізге күш керсетуді, қорлау, қанау - кәдімгі өмірдін калыпты ғана ісі, заңы деп таныған пендешіліктің қасан да пасык ой түюуінен.

Бауыры үшін бауыр еті езілетін, туғаны үшін қоң етін ойып беретін казак үшін жатбауыр мінездін жат, бөтен екендігін біле түра Исаның адам арашалап алмайтын катігездікке барынша бөккен топастығы- сол заманнын әлеуметтік шешімі я болмаса озбыр коғамнын жетімдер тағдырына карғыс танбасындай басылған әрекеті. Бүл коғамдық індеттің шын аты - канаушылык, саяси тілмен айтқанда - капиталистік коғамның дендеп келуі.

Иса үшін ен күнды не нәрсе деген занды сүрақ алдымыздан кес - кестейді. Соншалыкты үлбіреп түрған, корғансыз туысы Қасымды өлімге киғаны несі? Сонда адам жанынан артық нәрсе болғаны ма, иә, тасбауыр, паразиттік қоғамның типтік өкілі Иса үшін Қасым өмірінен де бес -алты саулығы кымбат. Абай тілімен айтсақ “Өзі үшін оттаған хайуанның бірі”. Исаны езі үшін оттаған хайуан деп білсек, сол коғамды не деп, калайша танимыз? Капиталистік коғам бір ғана жетімдер тағдырына ғана өзінің касіретті де канды шенгелін қүрсап кана койған жок, сонымен бірге Қасым секілді қорғансыз аз халыктың отаршыл елдерден көрген зорлык - зомбылығының бір де бір кемдігі жоқ.


Иса да капиталистік шеңгелдің түткыны. Ол - дүние -мүлік үшін өз туысын күрбандыкка шалуға әркез даяр түратын аяр жан. Қасымнын жетім тағдыры: жалғыздық пен қорғансыздығы, ертеңгі күнге деген сенімсіздігі және іштен түйыктанған жатбауырлык мінез табуы - бәрі - бәрі - сол қоғамның ісі.

Иса мен Қадишанын дүниекоңыздығы Қасымнын әке -шешесінен, әжесінен қалған азын аулак он шақты кой, он шакты ірі қараны талан


  • таражға салуы - Қасым бойына жиіркеніш сезімін тудырып кана қоймай, сонымен катар сол кылыктарына карсы жауап, өз қүкығын корғауға итермеледі. “Әне бір көк саулык пен карабас қойды соғымға жібереміз. Қаска сиырды сойып, үй ішіне, бала - шағаға саудагерден пүл аламыз” ,- деп Қасымнын дүниесін жаудан, шабындыдан түскен олжадай ашкөздікпен бөлісуі - бала жүрегіне шын жетімнің халін көрсетіп, жетімдіктің кайырымсыз қара камытын кигізеді. Осы әңгімеден казак даласына дендеп кірген сауда дүниесінің болмысын көреміз. Шындығын айтсақ, Иса да Қадиша да саудагер, алып - сатар, дүниешіл сасықкоңыз пиғылындағы адамдар екенін танытады.

Қоғамның жанашырлык, ізгілік, гуманистік касиеттерін кашанда жетімдерге керсеткен мейірімділіктерінен танимыз. Қасым өмір кешкен коғамнын гуманистік мінездерден мүлдемге макүрым болғанын әңгіме желісінен байкаймыз. Малын өз кажеттілігіне жаратып болған соң, енді панасыз жетім Қасымнын керегі жок, көжеге ортак кылғанша деп, үрып- соғып, аштан - аш қаңғытып жіберуі - бүл Иса мен Қадишаның типтік моделі болып танылатын сүркия да сайкал қоғамнын белгілері.

Қасым - осынау озбыр коғамның зүлым әрекетіне карсы шыға алмай, тағдыр жазуына еріксіз мойынсүнған корғансыздардьщ әлеуметтік тобының өкілі. Қасымды даралай көрсете түскен жазушынын ерекше шеберлігі де әнігіме желісінен мөлдірей көрінеді. Иә, Қасым әбден дараланған образ. Даралык түстарын санамалай кетсек... Исаға тас лақтырып өзінің қаукарсыз болса да ажал алдындағы түяк серпуіндей әлсіз ғана бір болмашы әрі өр карсылығы. Әрине, жетім балалардын баршасы асыраушысына каншалыкты ызаланса да кол көтеруге батылы бара бермейтіні акиқат. Ал, біздін кейіпкер Қасымнын және бір даралығы


  • аруак канын сыйлайтын ер казақтын мінезін көрсеті. Азғындыктың басы сол Иса мен Қадишанын жетім какысын жеуі, әрі аруактан корықпай өз озбырлықтарын жүзеге асыруы.

Қасым - әжеме қатым түсірем, әке -шешемнің аруағына қүран оқытам деп Исадан бар болғаны бір саулық сүрауы - бас қаһарманның жан аскақтығын танытады. Қасым - әділетгі ту қылып көтерген кешегі батыл көшпенді елдін әңгімедегі ең сонғы түяғы. Азып -тозған озбырлыкты бакыт, жан рахаты деп түсінген топас та тас жүрек коғамнын бір ғана ізгілікті ойлаған әлсіз де бас қаһарманы Қасым ғана.

Жетімнін енбегін канау, онын хакын жеуі - Қадиша мен Иса үшін қарапайым ғана бір түрмыс ісі секілді. Қадиша мен Исанын әлемі ‘’кім күшті болса, сол -жеңімпаз” деген үятсыз қағиданы берік үстанған мейлінше әділетсіз коғамның алғашкы буыны. Қасым өліміне кім себепкер? Әрине, Қасымнъщ жетімдігі емес, керісінше сол бейшара корғансыздын тынысын тарылткан Қадишалар кінәлі. Иса - өз тамырынан үзіліп, ата-баба дәстүрін мүлдемге үмытқан жаңа қоғамнын мәнгүрті. Бүл түста алғанда Иса бейнесі Шынғыс Айтыматовтын “Боранды бекет” туындысындағы Найман ананы өлтірген өз күрсағынан жаралған мәңгүрт те мәкі баласымен тағдырлас әрі рухсыз жандар.

Барлык қасіреттің әңгімедегі тамыры, түп иесі дүние үшін сайтанмен жолдас болып, керек десе оған жанын сатуға дайын түртын Қадиша бейнесі бар кырынан ашылған типтік бейне. Әсіресе, күйеуін билеп - төстеп алған Қадиша үшін Исаны өкпеге теуіп, аяққа баскандай өктем мінез көрсеткендігі шын жүрексіз, тас мейір екендігін айғактайды.

Өз балалары бола түра ана мейірін түсінбейтіндей қатігездік пен топастык сезім танытудын себебі де сол коғамнын казак халкын үлттык бояуынан мүлдемге алшактатып, дүние десе жақынын күрбан етуге әзір түратын топастығында, дүниеқоныздығында.

Жетімдік такырыбы прозада, поэзияда болмасын үнемі көтеріліп, коғамның індеті, мейірімсіздігі екені үнемі танылып отырса да әлі күнге Қадиша сынды мейірімнен ада мінездер әлі күнге кездесіп отыратыны рас. Осынау жетім такырыбын бар касіретімен ашып


көрсете білген Тыныштықбек Әбдікәкімовтің “Жеке қоныр” өленін айта кету орынды іс.

Қайта -қайта маңырап қоңыр козым,

Суландыра бердің -ау көніл көзін.

Қозысы едім менде бір қонырлықтың,

Көп өксіктен көкірек сегілгесін...

Жалғыздықтүр түріңнен байкалыпшын.

Сол шындыкты косыла айталыкшы.

Жетім зарын үкпайтын жандар да бар,

Желіні жоқ мал сені қайдан үксын!

Жетімдікті солайша мал да сынар,

Жырым -жалғыз, мен -жалғыз,

Сен бе сыңар?...

Жүр, іздейік, біздерді түсінетін,

Кім біледі, біреулер бар дашығар?! [12:10]

(Әбдікәкімов Т. Ырауан. Алматы, Атамүра, 2000) Бүл өлеңде жетімдікке хайуанша тон да айбат мінезін барынша жан - жақты танытқан қоғамның мерез мінезін көрсетеді. Әсіресе күйеуін билеп алған Хадишаның катігез типтік бейнесін қоғамдык дерт есебінде көтерген жазушы ойы мен акыннын жан толғауы үндестік табуы -такырыптык бірлігінен ғана емес, сонымен бірге ізгілік концепциялары бір болғандыктан еркін жарасым тапкан.

Әңгіменін финалы әкесі мен шешесінің, әжесінін кабірін іздеп, тау - тасты аралап жүріп, күздің қара суығына үрыныған бала түн қараңғысында зәресі ұшып, шошынып казаға үшырайды. Әңгімеде мифтік мотивт те сәтті шешім тапкан. ¥зын бойлы кара кісінін артымнан ер деп онсыз да сорлы баланы артынан жүгіртіп, караңғылыкка шакыруы - нағыз археомифтік сарын.

Біздін атамыз қазақтын түсінігінде адам өлер алдында әзірейілді керді деген дүниетанымнын сыр үшығы жатса, екіншіден, караңғылыкка шақырған адам баланың көзіне көрінген ажал есебінде. Қасымнын үзынға еріп жүгіруі - өлім алдындағы бой жазу іспетті далбаса әрекет. Өлім мен өмірдің арасындағы беймақсат сандалыс.

М.Әуезов күдіретті сез өнерін биік шеберлік деңгейіне жеткізіп, қолдана білді. Және сол арқылы көркемдігі ғажайып шығармаларды жарыкқа әкелді. Солардын бірі балаларға арналған каламгердің үлы суреткерлік әрі шеберлік кырын тантатын тағы бір туындысы --1921 жылы “Қызыл Қазакстан” газетінде жарияланған “Қорғансыздың күні” әңгімесі.


“Қорғансыздын күні” әңгімесінде қазак даласын жайлаған, қазак елінін ішін аралаған зүлымдық пен қатігездік шебер сурттеліп, окушыны эстетикалық биік әсерге жетелеп, корған болар түлдыры жок шын мәнісіндегі мүсәпір жандардың өмірін әнгімеге арқау етіп алған, әрі сонысымен оқиғаны ширата түсіп, оқырманға ой лейтмотивін дәл жеткізеді.

Он екіде бір гүлі ашылмаған сорлы уыз жастың қатігездік пен касіреттін шенгеліне тусіп, нәпсі күмар жанашырлықтан мүлдемге жүрдай қара пиғылды пенделердің түзағына түсіп калған ер тағдыр иесі, бас қаһарман -Ғазиза.

Бүл әңгіме басы, окиға өрбитін орын - табиғатты суреттеуімен басталуы да - композициялық сәтті шешім.

Қыз тағдырының ызғарлығындай табиғат та катал мінез танытып, кыр көрсетуі де - оқырманды трагедиялык ой - түйімге дайындайтын платформа іспетті. Шығармадағы оқиға, қаһармандар түрмысы мен табиғат мінезі қатар өріліп, ортак бір ызғар үндестігі бар екенін танытады. Бүл дегеніміздін өзі арысы психологиялық паралелизм болса, берісі қаһарман табиғатын ашуға қызмет етіп түрған деталь есебінде.

Суреткердің басты көздеген шығармашылық нысанасы, окырман қауымға айтпак ой- сыры- бейкүнә Ғазизаның аяусыз әрі жазықсыз қорланып, өзіне ғана тән катал, кешірімсіз үкім шығарып, ажал күшағына берілуі. Жазушы шығарманын прологы іспетті бастауында табиғат суреті мен қыздың ет жакын туыстарының кабірі басындағы өмірмен қоштасу сәтіне дейінгі аралыкта кабағат дамытылып отырған.

Табиғат суретінен кейінгі кезекте Күшікпай кезеңі, батырдын емір сүрген уакыты, батылдығы мен ерлігі суреттеледі. Автордың бүл түстағы жазушылык - концептуалдык муддесі - батырдын сонғы демі тоқтағанға дейін өр мінезі мен жауға кеудесін, намысын жауға таптатпаған асыл тегін таныту болса, Ғазиза болса уыз жастығына карамастан сол асыл тектен бойына мүра кылып алған ары мен намысын ешкімге таптатпай дүниеден баз кешуді қалап алады.

Кешегі батыр баба да, бүгінгі аяулы ғана еліктің лағындай соншалықты қорғансыз қыздын да ерлік өлімдері бірдей. Екі өлімдегі үқсастық неде деген сүрак тууы әділетті. Екеуінде де жауына ез ерлігі мен мөлдірлігін таптатпай, қорлыктан өлімді артык санаған үят пен намыс кодесктерінін бірдейлігі әрі кешегі көшпенді елдің ар мәдениетін танытатын тектіліктің бірлігі. Автордын Күшікбай мен Ғазиза ажалын. салыстыра көрсетуі де осы мақсаттан туындаған.


Қаладан елге қайтып келе жаткан болыс Акан мен оның жандайшап әрі әккі де айлалы жырынды жолсерігі Қалтайға берілген мінездемелер қаншалықты кыска болса, соншалыкты нактылығымен ерекшеленеді. Ақанның түнгі жеңіл жүріске әсіре күмарлығы мен кожайынға жағына білуді өмірінің мақсаты деп таныған Қалтайдын кара ниетті, арам пиғылды адам екендігін еш қиындыксыз окиға өрбіп болмастан - ақ анғаруға болады.

Бүл турасында жас ғалым, мүхтартанушы, ф.ғ.к. Мүкажанова Раушан Мүратханкызының пікірін тілге тиек ету орынды. “Жауыздықтың қүрбаны болған пәк сезімді Ғазизаның өлімін суреттеу сәтіне дейін жазушы бірнеше түйдекті окиғаньщ басын біріктіріп сабактай отыра межеге жеткен. Яғни, табиғат суреті, Күшікбай кезенінің тарихы, жолаушылар жайы, кедей үй түрмысынын

суреттелуі, кемпірдің әнгімесі мәреге шығуға жетелер баспалдақтар тәрізді.” [13:91] ( Мүқажанова P.M. М.О.Әуезов жэне Семей. Алматы- Дарын, 2004ж)

Жүргіншілер бейіт секілді сүрықсыз, қу моладай күңіренген жүпыны үйге түсіп, түнемек болуы -оқиға желісінің бастауы болады. Бүл гүста жылпақай, әккі, сүрқия Қалтай өзінің пасық ойын алдын -ала жоспарлап алған. Екі бірдей ет жақынынан айырылған каралы үйдің ендігі түрғындары - кауқарсыз, карт кейуана, зағип ана, уыз жас Ғазизанын алдағы тағдарлары - күнгірт болса да келер қауіптен беймәлім конакжай үйтін. Үш мүсәпір жүргіншілерді қүдайы қонақтай қарсы алып барымен базар болып, әп сәтте мэре -сэре калыпқа түсуі - казақы менталит.

Шай үстінде кейуана катал да адам төзгісіз ауыр бейнетінін жайын болысқа мүн кылып шағып, ішкі зарын бір ағытуы да образдар табиғатының ашыла түсуіне кызмет етеді. “Жаны ашымастын басы ауырмас” деген қазақ мақалының кебі. Алайда, әуел бастан томырықтық пен ішкі аяр есебін бүгіп келген жүргіншілерді кемпірдін зары еш жібіте алмады. Жазушы Ақаннын безбүйрек мінезін соншалықты кысқа қайырыммен шебер аша салған. “Жалғыз - ак сол әңгіменің ішінде болып, қорлык көруші, ыза шегуші қайраты, қуаты жок сорлы кемпірдің өзі айтқандығы аз ғана жүрегінің тыныштық, сезімсіз калпын бүзғандай болып отырды.[14: 112](Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толык жинағы. - Алматы: Ғылым, 1998,- 432 б. т-2)


Ғазизаның арын аякка таптап, езінің нәпсіқүмар хайуандығын жүзеге асырған Акан өз киянатынан боран түнде ізім - ғайым жоғалған бейкүнәні іздеуге де бармай, кемпірдің зарынан күтылғанша асық болып, таңды атырған соң беті бүлк етпестен тартып отырады. Тан атканша Ақаннын сабасына түсіп, шалыс әрекетін мойындар мезет болған еді. Бірак ауызы канға бүлғанған жәдігөй боранның суығынан ыктап, каралы үйге қайта кіреді.

Жазушы Ғазизаға зорлык жасаған Аканды окиға орнынан бірден шектетпейді. Оны кайтадан отауға енгізеді. Ақанньщ зарлы үйден түнде аттанып кетпеуі жүбатпак болған ниеттен емес, қасқырға жем боламын деген қоркаулықтан.

Ғазиза ше? Қорлық пен мазақ көрген Ғазизанын алдында бірі өмірге, бірі өлімге апарар екі айырым жол жатты. “Жастығына лайык болған үміт, қиялдың бәрі де ойын баскан қараңғылыққа батты, көңіліндегі өмір сүрсем деген оттың акырғы жалыны сөнді. Ғазизаның кеңілін бүл киял кернеген сайын, үйге кіру керексіз бола бастады” [14: 121](Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толык жинағы. - Алматы: Ғылым, 1998,- 432 б. т-2) Қорлыкка төзбеген намысы өр Ғазиза әкесі мен бауырынын бейіті басында ол да ажал қүшты.

Әдебиет сыншысы, жазушы Түрсын Жүртбаев Мүхтар Әуезовтің осы әнгімесіндегі Акан болыстың протатипі Кәкітайүлы Біләл деп көрсетеді. Біләл Абайдын туысы бола түрса да, мен - мен такаппарлығын ағайын - жұртына, тіпті әкесі Кәкітайға да танытудан айылын жимаған. Кәкітай 1915 жылдың көктемінде кіші әйелі Бибі үйінде тесек тартып жатқанда, көңілін сүрай келіп түрып, “Кәкем калай?”- депті де, дағдысынша аттан түспей кайтып кетіпті. Есі кіресілі - шығасылы болып жаткан Кәкітай: “осы Біләл келді ме ?” - дейді екен. Біләл ісінен түңіліп отырған туыстың бірі шыдамай Кәкітайға бәрін бүкпей айтса керек. Сонда Кәкітай: - Әй, Біләл - ай, жынданып өлерсің- ау, сен жынданып өлерсің- ау,- деп кейіген екен. Сол Біләл айтқандай жынданып өліпті.

Қаһармандардын шынайы өмірден алынған болмыс пен бітім екендігін Ахмет Әуезов, Ғайса Сармурзин, Түрсын Жүртбаевтардың дәлелдеулерімен танылған тарихи шындык көркемдік фонында да өзінін полифониялык сарынын жоғалтпай, қайта шоқтығы асқактай көріне түскен. Т.Жүртбаевтың “Бесігінді түзе” атты эссе кітабында, мүхтарттануға өзіндік үлес қоскан Б.Байғалиевтің Біләлдін расында болыс болғандығын дәлелдейтін мүрағат қүжатарын тапканын айта кеткен дүрыс.


Зерттеуші Қ.Сыздыков “Қорғансыздын күні” әңгімесі жөнінде: “Осы әнгімеде тек қүрдымға кеткен қайғы - мүң ғана емес, мүнда білінер- білінбес болса да бүлкынып жатқан кайсар күш бар, карауытып түнжыраған мылкау ағыстың астында жатқан табан толкын бар сиякты.” - деп пікірін айтуы әнгіменің астардай қатпарлы мінез көрсетіп жаткан идеялық терендігін тап басып көрсетеді. [16: 22]

( Сыздыков Қ. М.Әуезов - әдебиет сыншысы. -Алматы, Ғылым: 1973.)

Зүлымдықтың қанды қүрсауының түтқыны болған, кайғы мен касіреттің ауыр жүгін аркалай алмай шорт кеткен бейкүнә да пәк бейнесін сомдауда суреткер Әуезов жазушылык шеберліктін озык үлгісін ұсынады. “Қорғансыздын күні” турасында соз қозғағанда сөз өнерінің ірге тасын қалаушылардың бірі де бірегейі болған Зейнолла Қабдоловтың төмендегі пікірін айту арқылы туындынын мазмүны мен пішініне әділ баға береміз. “Задында шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінін өнер өрісінде жаттығу жасап, онша үзак күйбендемейтін болса керек. Әуезовтін осынау алғашкы әнгімесінін езінде өзгеге үксамайтын өзіндік мәнер-машығы бар, кібіртіксіз көсіле жөнелген жорға каламынын ізі сайрап жатыр” [17:27] (Қабдолов 3. М.Әуезов және онын әсемдік әлемі. - Алматы: ҚазССР Білім қоғамы, 1986)

Қорыта айтқанда, “Қорғансыздын күні” әңгімесі аркылы жазушы сол заманнын қатыгез, катыгез болса да шынайы түрмыс келбетін, зарлы да мүңлы тағдырлар тоғысын кәрсетеді. Бүл әнгіме балалар әдебиеті үшін де қосылған сүбелі үлес. Ондағы фоьклорлық үлгі болып табылатын Күшікбай батыр әңгімесі де Ғазиза бейнесі де соншалыкты астасып, сабактасып бала жанын ізгілікке, мейірімділікке шакыратын көркем бейнелер.



<< предыдущая страница   следующая страница >>