reforef.ru 1 2 3




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВТІҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

(5-8 сынып әдебиеті пәні оқулығына әдістемелік көмекші қ^рал)

3 орта мектеп кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пэнінің мұгалімі Төлеубаева К.М.

Семей-2011

Пікір жазған: филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Бибеков Қ.Т.

Төлеубаева К.М.

М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын оқыту әдістемесі. (5-8 сынып әдебиет оқулығына арналған эдістемелік көмекші қүрал. №3 орта мектеп. 2011. - 32 бет).

Әдеби - көркем білім беру жүйесінде эдебиет пэнін жүргізетін мұғалімдерге арналған бұл эдістемелік көмекші құралда М.О.Әуезовтіц өмірі мен шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелері мен оны оқыту әдістемесіне қысқаша шолу жасаған жэне оларға байланысты пайдаланылатын әдебиеттер тізімі қамтылған. Оқушылардың ұлы суреткер турасындағы көптеген мэліметтер алуға үлкен мэн берілген. Сондай-ак, мүхтартану ғылымын танытуға эдістемелік қыр-сырларын аша білген. Оқушы зердесіне М.Әуезовтің көркем де бай мүрасыи сіңіруге эрі өрнекті сөзін сүрыптау қасиетін лайықтап жеткізу ісінде осы әдістемелік қүралдың өзіндік себептерін тигізері анық. Әдістемелік қүрал орта мектепте сабақ беретін мүғалімдерге, әдіскерлер мен әдебиет сүйер көпшілік қауымға арналған.

Семей қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі жэне әдебиет бірлестігі отырысы: (№7 хаттама, 25.01.2011) жэне әдістемелік кеңесте басуға үсынылған (№7 хаттама, 30.01.2011).

АЛҒЫСӨЗ

¥лы жазушы Мүхтар Омарханұлы - казак балалар әдебиетінің такырыптық және мазмүн жағынан байып, жаңа бір сатыға көтерілуіне қапысыз кызмет еткен жазушы. Бүгінде казак балалар әдебиетінің ерістеу, өсу динамикасын танып білу үшін ұлттык дүниетаным түрғысынан М. Әуезов шығармасын кайта таразылау талабы келіп туындайды. Әрі кемеңгер жазушының балаларға арналған шығармаларынын кеңестік идеология түрғысынан талдануы бүгінде жазушы шығармаларына берілген толык қанды әділ баға емес.


М. Әуезов шығармаларынын күндылығын, балаларға арналған мүраларының көркемдік, танымдық сипатын әр дәуір әр кырынан өзінше танып, оған өзінің ой - пікірін білдіріп отыруы заңды күбылыс. Әр дәуір, әр үрпак канша пікір білдірсе, мүхтартану саласы соншалықты байып, қордалана түспек. Мүхтар шығармаларының балаларға арнап жазған туындыларының рухани табиғатын танып білуде, зерттеуде үлттык рухани тәрбиені басты назарда үстанамыз.

Әдістемелік еңбектің езектілігі бүгінгі уакыт талабына сай, кемел жазушының балалар ой -парасатына, сезім кабылдауына лайыкталып жазылған еңбектерін егеменді ел парасаты түрғысынан пайымдау және сол аркылы жазушының казак балалар әдебиетін каншалыкты биіктеткенін саралауболып табылмак.

Мүхгар Әуезовтін өмірі мен шығармашылығын оқыту әдістемесін зерттеп карастыру өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталса да, бүгінге шекті жүйелі ғылыми әдістемелік калыпка түсіп, өз бағасын әлі де толык алып болмауымен өзекті. Сонымен катар, Мұхтар Омарханүлының жас еспірімдерге арналған туындылары жастар тәрбиесіндегі өз маңызын жоймаса да, оны тәрбие күралы ету бағытындағы ізденістер әлі де ширата, дамыта түсуді кажет етеді.

М.Әуезовтің балалық шағы - балаларды жазушылык өнерге баулудағы ғибрат

Мұхтар Әуезовтің жазушылык өмірін, әсіресе балалык шағын зерделеу, казак балалар әдебиеті үшін де, жастар тәрбиесі үшін де маңызды. ¥лы суреткердің ойын баласы болып, балалык бал дәуренді қалай өткізгені оқырман балалар үшін ғибраттты іс. Сондықтанда Мүхтар Омарханүлының жазушылык, қайраткерлік өмірін, балалык шағын осы тараушада зерделей карастыра кетуді жөн санадық.

М.О.Әуезов 1897 жылы 28 - кыркүйекте бүрынғы Семей облысының Абай ауданында Бөрілі ауылында дүниеге келген. Бүл түста жазушынын естелігіне жүгінгенді лайык кердік. “Менің аталарым, XIX ғасырдың бас кезінде Орта Азия жактан келіп, тобыкты руына сіңіп кетіпті... ”деген Мүхтар Омарханүлыныя балалық шағы Абай ауылында, киелі өңірде, казак маңдайына кемеңгерлер сыйлаған касиетті топыракта өсуі - оның бүкіл жазушылык болмысына әрі ірі талант иесі, кесек түлға болып өсуіне зор ыкпал әрі шығармашылык мектеп болды. Жазушынын балалык шағы турасында сөз өрбіткенде басшылыкка алынатын дерек - Ахмет Әуезовтің ”Бала Мүхтар” естелік -кітапшасы . Мүхтар Омарханүлы 1908 жылы білімнін қара шаңырағы болған Семей қаласындағы медреседе оқып білім алуы - зор бастама болды. Айта кететін жайт - Мүхтардың . үлы акынды танып, бала жасынан жаттап есуіне себепкер, тәрбиешісі - өз атасы Әуез.


Мүхтардың аталары, бүл кожалар әулетінін - Сауд Арабиясындағы арабтын хашия тайпасынан, Мүхамед Пайғамбар мен Халиф Әзірет Әлиден басталатыны бүгінде шежірелер аркылы белгілі болып отьір. Мухаммед пайғамбар ғ.с. кызы Фатима мен Әлиден Хасен, Хүсайын дүниеге келеді. Хасеннен - Шәмшіахмет, Шайхыбүлдрык," Шайхыбүлдырыктан - Қожа Ахмет Иассауи, Арыстанбаб, Шәмшіахметтен - Қорасан, Қырықсадақ, Дуана, Аккожа, Бакшайыс, Жүніс, Сәйіт, Түркімен, Қылжи. Бүлар әртүрлі лауазым дәрежедегі дін басылары болып танылған, Ескілік жырларының бірінде ‘’Қорасанға қой шалып” деген түрақты тіркес бүгінгі күнге жеткен . ”Бакшайыс ұрпақтарынын өзінен кейінгі көрнектісі Шаһанәдір болады. Одан Сарғалдақ, Мүхмүн, Сәдір туады.Мүхмүннан Саякып (Саяк). Саяқтын бәйбішесінен Өзбек, Қанкожа, Қаракожа, Сәсейіт, Солтан, Темір тарайды. Бүлар Аякөздін Акшатау , Акшәулі, Қоңыршәулі бойында өсіп - өнген. Саякптың кіші әйелінен - Берді, Қылыш, Төлген туады. Үрпактары тобьіқты елінде өсіп, өнген. Саякып - ЬІрғызбайдың, Берді - Өскенбайдын, Әуез - Қүнанбайдын, Омархан - Абайдың замандасы.” [Жұртбаев Т. Бесігінді түзе. Алматы 1982, 30 -бет.]


I

Осы түста назар аударарлык тағы бір жайт. Бердікожа балалары Қүнанбай Нұрғанымды өзіне кіші әйелдікке алған соң, Бөріліге Архаттан көшіп келуі. Бердінің Архаттағы конысы - Бетағаш. Жазушы жерлесіміз Кәмен Оразалиннін дерегіне сүйенсек, Саяқып пен Берді

Бетағашта жерленгендігіне көз жеткіземіз. Бұл орайда шығыстанушы, саяхатшы ғалым А.Янушкеевичтің естелігіне жүгінсек: ” Бердікожа Архат - Аягөз - Лепсі сапарында Архаттың қопа көлінде өздерін Қаратаулыкпыз деп таныстырды.” Ата - тек баяны мен дерегінде келтірілген үлы жазушыньщ шежірісінде баяндалғандай арғы тегі, түп заты Мүхаммед пайғамбар ғ.с. мен Әзірет Әліден басталғанын тәпсірледік. Мүхаңнын әкесі Омархан мен анасы Нұржамалға токтала кету Мүхтардын балалык шағы мен жазушылык болмыс -бітімін, шығармашылык ізденіс келбетін айкын тануымызға мол ыкпал етуі сөзсіз. Нүржамал Әбсәмбетқызы - Алматы қызы. Туған жері Қапшағай Іле бойындағы Байсерке ауылы. Әбсәмет үлы ақын, өлең сөздің пайғамбары, данышпан Абай Қүнанбайүлының туған жиені. Бүл турасында ”Абай жолы” эпопеясында эпизодттар келтірілген. Абайдың сүйікті баласы Әбдірахман ауыр науқаска шалдыққанда оған жанашырлыкпен қарап, күтіміне алған осы Әбсәмбет еді. Абайдың өлеңмен сәлем жолдайтын жылы ықыласына ие болған да осы - Әбсәмбет. Әбсәмбеттің әкесі Әлімбек аға сұлтан әрі кажы, шынжыр балак, шүбар төс ірі түлға, өз заманының кайраткері Қүнанбай інісі Жакыптың кызынан туғанАбайдын өз өлеңінде Әбсәметті туыс тартып, жиен деп арнайы атап өтуінің шын мәнісі осы екендігін тарихи шежірені тарқату арқылы деп танимыз.


Әбсәмбет жиенің,

Ол сенің біреуің.

Достығын достыкпен,

Өтемек тілеуің - [Қүнанбаев А. Шығармалары. Алматы. 1985. 117 -бет] деп сәлем хат жазуының сыр үшығы осыдан. Яғни, үлы суреткер Мүхтар Омарханүлының бойында ел қорғаны, ата дәстүрінің мызғымайтын катал сакшысы Құнанбайдың қаны бар екені акикат сөз. Дарынды талант иесі Мүхтардың әкесі Омархан 1856 жылы туып, 1909 жылы дүние салса, аяулы анасы Нүржамал шешей 1912 жылы дүниеден озады. Бірак болашак жазушыға жетімдік таукымет тартқызбай, ерке - бүла болып өсуіне қамкорлык етушілер көп болған. Өйткені Қожа ұрпактарынын ынтымакты береке - бірлігі мызғымастай берік болған. Әсіресе ең бір маңыздысы, Тобыктыға Ырғызбай, Қүнанбай болуымен бірге, Абай ауылының жас балаларын тәрбиелеуден еш аянбай окытқаны тарихи шындық болды.

“ Мұнлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі” деп туған жерін ерекше кадірлеген жазушы шабытының қайнар бүлағы, өнерінін бастауы, ізденімпаздық қабілетінін түсау кесер орны болған топырағы касиетті мекен - Бөрілі. Мүхтар Әуезовтің өнердегі де, өмірдегі де алғашкы үстазы сол кезенде жасы жетпісті алкымдаған карт, туған атасы - Әуез. Сүйікті немересі Мүхтарға қара танытып, әліппе үйреткен сон, араб

  • парсы тілдерін үйретумен катар Абайдың өлендерін жатка окыткызған. Мүқаң алпыс жыл бойына Абай өлеңін шығармашылык ғүмырынын темірказығы етіп алған. Ойын баласы Мүхтар ойлы Абайдын өленін жаттап өседі. Мұхтардын схуденттік шағында 1911 жылы Семей қаласындағы “Ярыш” футбол командасынын күрамында, оның ішінде жартылай қорғаушы болып ойнаған жас Мүхтардың бүл істері балаларды салауатты өмір салтына, спортқа шақырудағы өнеге болар түсы. Мүхтардын өміріндегі ең бір өнегелі мектебі - мүғалімдер семинариясы. Ондағы үстаздары М. Белослюдов пен В. И. Попов. Осы түста айта кетер жайт, Мұкаңнын шығармашылык жолына бастау болған да оку ордасы. Жазушыньщ есінде дәл уакыты сакталмаған 4-5 жас мөлшерінде кыста Ералы жазығында шанаға түйе жеккен бір шалмен екеуі ақ боранда адасуын шығарма етуі - ең алғашқы шығармасы. Түтеген боран ішінде, таудан гері жазыкта,, белгі ететіні жок түлдырда адасу өте киынға соғады. Ак түтек боран ішінде адасып жүрген түйе болдырып, жынын шашып жатып алыпты. Шал “ өлдігін” айтып жылап, каршадай Мүхтарды ескі жыртык күрым киізбен орап, шымкап отырғанда, жылқы отарынан елге қайткан жылқышы кезіккен екен. Сол боран кейіннен де түсіне еніп, Мүкаңды корқыта берген екен. Он бес жастағы Мүхтар оқитын сынып балаларына орыс тілінің жанадан келген жас мүғалімі Василий Иванович Попов “ Әркім озін толғандырып жүрген такырыпта еркін шығарма жазуды” косады. Сонда Мүқаң сонау бала кезіндегі боранда адасуын есіне алып, “Буря” атты шығармасын жазады. Окытушы Попов талапкер Мүхтарды тақтаға шақырып: - Мүхтар Омарханович, сен “’Большой писатель” боласын +5 койдым!” деп жас шәкіртгін шығармашылық өміріне ен алғашкы тамсанумен қатар әділ бағасын берген екен. Мүқан “ол кезде ондай мәдениетіміз жок, әттен сол алғашкы шығармамды сақтамаппын” деп өкініш білдіруі шындығында да опынарлык іс. Мүхтартанудағы ерекше токтала кетер және бір әнгіме - 1937 жылы А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерекесіне орай алғы “Известия” газетінде басылған “Песня Татьяны в степи” кейіннен казак елінін ағымдағы бар басылымдарына “Татьянаның кырдағы әні” деген атпен басылып жүргені белгілі.


Мүхтардың аталмыш әнгімесі Мәскеудегі орталык басылымдарда жария көрген сон, қаламдас досы, сол кездегі Қазакстан Жазушылар Одағынын төрағасы Ілияс Жансүгіровтін: “Татьянанын қырдағы әні” мен сенен өзге тірі казак Абай туралы көркем шығарма жаза алмайды. Осы әнгімемен романнын эпилогын жазып койған екенсін” деген сөзінің Мүканнын роман жазуына канат бітіргендей эсер бергені анык.

Мүхтар Омарханүлының шығармашылык әміріндегі және бір зор белес - 1928 жылы Ленинград университетін бітіріп кеп, Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасына түсіп, академик Гавриловтан үш жылдык тапсырма алып, өзі де абайтанудан арнаулы дәріс оқуды бастаған түсы. Мүхтар Әуезовтін алғашқы әңгімелері туралы С.Мұканов: “Қазак прозасын шын мағынасындағы Европалык прозанын дәрежесіне көтерді” деп ерекше серпіліспен айтатын түсы да осы сәті.

Сыншыл реализм мен романтика астаскан оның алғашкы шығармалары, әңгімелері, ұлы жазушының ұлы талантына сол жиырмасыншы жылдардың өзінде - ак жарк еткізіп, окырман қауымды да әдебиетшілерді де елен еткізген болатын.Ол шығармалардың кұндылығы неде деген заңды сұрақ туындайды. Қазақ прозасын еуропалық үлгіге жеткізген ерекшелігі неде? Бальзак, Мопассандардьщ прозасындағы үстем таптың зорлығы, акша мен байлық аркылы махаббатты да, адамдык сезімдердін барлығын да сатып алуға болатынын, тіпті әке мен бала арасындағы карым - катынас та соған бағынатынын батыл ашып көрсетті. Байлык пен ақша алдындағы корғансыз адамдар өмірі олардың әр түрлі тағдыры, тапталған ары, сөнген сезімі, кесілген үміті туралы бүл жазушылар әлем әдебиетіне асылын мәнгі жоймас ғажап туындылар жазып қалдырды.

Мүхтар Әуезов те өз кезегінде балалар әдебиетіне үлкен жанашырлықпен қарап бейшара, әлсіз, бірак күнәдан пәк, сәбидей таза корғаны жок адамдар тағдырын ез шығармаларына негізгі аркау етіп алуы жазушының өзі таныған өмір көріністерін терең түйсінгендіктен.

Ташкент қаласындағы аспирантуралық Мүхтар кезеңі - онын он шақты жыл алдындағы әлеуметтік саяси күрестен бойын тартып, алды - артын бағамдап, байсал тарткан, жалпы ғылымға, Абай ортасына бір жола кіріскен шағы. Осы түстағы ғалым Мүхтардың ерекше еңбегі - ұлы ақын, хакім Абайдың екі томдык мүрасын, естеліктерді жинап шығармаларының библиографикалық көрсеткіштерін жасап, баспа бетіне әзірлеп қойған еді. Әрі Абай төңірегіндегі полимикалык бай- баламдарға қарсы пікір, әділ ой білдіріп отырды.


1930 жылдары “Қазак жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін, Менін бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнін барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой үрғанда маған Абай деген сөз, казак деген сөзбен тенбе - тең түсетін кездері бар сиқты. Абайды сүюім үнемі акылдан туған, сыннан туған сүю емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен бара - бар болатыны бар” деген жүрек жарды пікірі жазушының бүкіл болмысын бар кырынан жаркырата танытқан.

1930 жылдардағы аласапыран шақтың алдында Қазақстандағы үжымдык - коллективтік ауыл шаруашылык күрудын күйреу салдарын, елдің жаппай аштан қырылуына жеткізген апаттын кінәсін өзгелерге аударып, өлкелік компартия басшылығы акталуды кажетсінген мезет тудырды. Оны сонау кездегі Алаш орда жетекшілеріне арта салып, акталу ұрымтал тәсіл еді.

Осы максатты, аяр ойды іске асыру мақсатында Ф. Голощекин 1930 жылдын күзінде қазактың алдынғы катарлы интелегенниясын, зиялы каймағын күрту науканын бастауды колға алды.

Мүхтар осы түста аспиранттык бағдарламасы - неміс, ағылшын, түрік тілдерін менгеруде табыска жетеді. Әсіресе, неміс тілін еркін менгеріп, ағылшын тілінен сөздік бойынша жүмыс істеу дәрежесіне жетеді. Түрік халқынын тілін еркін біліп, ал азербайжан тілін ана тіліндей жетік біліпті. Ал араб, шағатай тілдерін жас кезінде атасынан үйренгенді.

Академик Гавриловтың аспирант М. О. Әуезовтін ғалымдык деңгейге білімінін жеткендігін көрсеткендігін мәлімдеп, енді оны өз туған еліне жіберу керектігін айтып, университет ректоратына хабарлама жазады. Әр бір қазак баласы үшін М. Әуезовтің көп тіл меңгергендігі бір ғанибет болса, ал тар жол тайғақ кешкен, қуғын көрген өмір түсы әсіресе кызықты. Балалардын ерекше ықылас қоятын жері де Мүкаңның жаламен жазыксыз түтқын болуы. Бүл жайт балалардын ғазиз жазушы өміріне деген аяушылык сезімдерін тудырса, екіншіден, сол заманның әділетсіз коғамынын зүлымдығына деген ашу - ызасын туғызады.

Бүгінде баршаға белгілі тарихи факт - 1930 жылдың қыркүйек айынан бастап үлт зиялыларынын түтқындалуы. Осы науканшылдыктың қүрығына кеменгер жазушы М. Әуезов те ілініп, 17 кыркүйек күні Қошке Кеменгеровпен бірге университетте түткындалды. Деректерге сүйенсек, бүл түткындаудың басы 17 кісі болса, кейіннен жалпы саны 70 кісіге жетті. Бүл түткындардын барлығына жабылған ен басты айыбы - И.Ф. Голощекинге кастандык жасамак болған делінген жала еді. Ол айып дәлелденбеген сон, үзақ тергеу жүріп, үш түрлі айып бабын таккан айыптау корытындысын шығарады.


Мүкана тағылған бірінші айып - “Алаш партиясынын мүшесі, сол партиядағы жастар ісін басқарған президиум мүшесі. Екіншісі - Алаш өкіметінін артынан Колчакпен астыртын кездесу жасаған. Үшінші айыбы - башкүрт үлтының кайраткері Закиди Валидимен кездескен, сонын жетекшілігімен басмашылык үйым күруды қолдады. Осындай тарихи деректі окушы жас окырман Мүқаңның түбіне жетіп, ату жазасына ілігуіне осы айыптардын біреуінін де мойындалғаны жететінін жан тамыры шымырлай отырып үғынатыны белгілі. Мұхтар үш жаланы да мойындамаған.

Мүхтар Әуезов 1949 жылы екінші қантар күнгі өз қолымен жазған өмірбаяндык сауалнамасына ешкандай саяси партияға мүше болғаным жок деп толтырады. Ақикатына жүгінсек, Мұканнын бүл айтканы анык шындык емес. Мұхтар Омарханүлы Алаш партиясындағы жастар ісін баскарушы президиум мүшесі болғандығы тарихи дерек. Жэне атаман Колчакпен казак шаруаларына кару колданбауды әрі сол үшін казактардын Колчак әскерін ат пен азык - түлікпен жабдықтайтыны туралы келісім сөз жүргізгені де белгілі іс. Әрі башкүрт өкілі Закиди Валидимен басмашылықты Қазақстанға таратпау жөнінде келіс сөздер жүргізгені акикат.[Жүртбаев Т. Талқы. Алматы, Қазақстан, 1997, 60- 289 бет] Осындай істер жүргізіп басын катерге тіккені туған халкын апаттан алып каламын деп жанталасқан жүрек ізгілігінен туындайды. Түрме азабынын жан шошытар халі екі жылға жалғасады. Осы акылды үстанғанды лайык көріп, Мүхтар катесін мойындап ашық хат жазып, еркіндік алғандай болады. Сот үкімін езгертіп, ату жазасын үш жылға шартты түрде жазаға кеседі. Мүкан сонау 1931 жылғы үш жыл шартты түрме жазасы үкімін


  1. жылға дейін аркалайды. Тек содан кейін ғана кешірім алады. Кешірім алғаннан бастап Үндістан мен Европа - Берлиннен бастап, Жапония, АҚІІІ- ка саяхат жасаумен аяктайды. Және де бір атап өтерлік жай - сол

  2. жылдың қыркүйегіне дейін Мүхтар Әуезовтін атаулы мерей тойлары республика көлемінде тойланбайды. Бүл да Мүхтар тағдырының килылығын көрсетсе керек.

Мүқаңның шығармаларында үнемі басты планда түратын туған жер өзінің қүдіретімен барынша айқын ашылып, суретті бояумен танылады. Оған дәлел ретінде өз туған жері Қасқабүлакта тойланған 60 жылдық мерей тойында сөйлеген сөзін келтіреміз. “ Мен Қаскабүлақтағы туған жер, туған елімді, сіздер мен біз бір жан, бір тәнбіз деген едім. Соны сіздерге арнап айтсам. Бір мүдделі сөзім бар еді. Айтуға рүқсат етіңіздер дегім бар. Осында Мүхтар туған еліне келмейді, үмытты дейтіндер болса керек... Бүл ката сөз. Қайталап айтамын қата, ... ката сөз бүл! Апырау, Шыңғыстың елі мен жері сені үйкымда түсімнен, ояуда ойымнан кеткен жерін бар ма? Айтындаршы! Мейлі мен Европа төрінде, Берлинде жүрейін, мейлі Үнді елінде, мейлі Жапон елінде болайын - ойымнан кеттін бе? Қай уақытта, қай шығармада сені еске алмай, жазбап едім, ІІІыңғыс, Шыңғыс елі...

Менің сіздерге айтайын деген арманды, иә - иә асыл арманды сөзім бар еді. Шыңғстың елі мен жері сендер дүнияға Абайды бергенсіңдер!... Сендер әлі де халкыма Абайдай перзент бересіңдер... беруге тиіссіндер...Бересін! Мен соны көрмей кетіп бара жатырмын. Әлде сол мына кара табандарым арасында түр ма екен! Осы Қарауылда, анау Жидебай, Орда бойында мен де жалан аяқ жүгіріп жүргенмін. Мүхтардын аяғы аспаннан салбырап түскен жок. Халық пен халық, адам мен адам біліммен тенеседі. Үлт дүнияға берген түлғалы үл


  • кыздармен өлшенеді.

Айтсандар, әне, Абайды айтыңдар... Абайды айтындар!...Мені осында осындай ой бунайды, жүртым... Тәңір жазса, әлі - ак келсі жылдардың бірінде ортана келемін. Менін де бір -ер кара домалағым бар. Орталарыңа әкеліп қосамын! Әзірше, осы келісіме ырза болыңдар. Менің ыкылас бейілімнің бөтендігі жок. Сіздермен біргемін! Риза-хош көңілім бүл, жүртым!..” деп ағынан жарыла Бөрілі жеріне айткан жан сыры оқушы баланын жан дүниесін тербетері акикат. Жазушынын туған елге деген махаббатын, туған жерге деген асыл да кимас сезім кылын тербейді. Біз осынау Мүқанның айткан сөзін тыңдай отырып, жазушы шеберлігін шыңы болған шабытты күш-каситті мекен, туған жер екендігіне көз жеткізміз.


Абай өлеңдерінің терең мазмүны Мүхтарға ез халқының адал перзенті болуға әрі оның килы тағдыр жолын түсінуге шакырды. Сондықтан да Мүхтар бала жасынан халықтың бай мүралары болған халык ертегілері мен халык әндерін зерделей тындап, одан өзіне азык болар рухани нәр ала білді. Осынын бәрі болашак үлы суреткерге елін, Отанын, казак жерінің сырлы да сырға толы көркем де бай табиғатын сүюге, оны дәріптей күрметтеуге баулыған. Мүхтар Әуезов 1961 жылы 18 маусым күні сөз өнеріндегі әріптесі, інісі Есмағамбет Ысмайыловқа арнаған хатында:

“...Бірақ бәрінен де үдайы сау, сергек кеудемен, әсіресе өмірді таза, мол сүюмен өтіп келемін. Солай топшыласам күйгенімнен сүйгенім көп, түңілгенімнен де сенгіштігім көп, жиренгенімнен гөрі қүмартқаным көп, бүгінгі өмірді шабыттана сүюім, шексіз қызыға сүюім анық мол”, [Әуезов М. Қазақ әдебиеті.1961ж, 18 маусым.]- деп жан толғанысын білдіреді. Бұл актық сөз каламгердің - бүкіл шығармашылык жолында сөз өнеріне адал, капысыз қызмет еткенін айқындап, әдебиетке деген жанашырльік көнілі мен ел өнеріне деген азаматтык парызын толыктай айкындап түрған арыздасу сөзі.

Осындай кесек бітімді жазушымыз, казақ халкынын мақтанышы, әдебиет өнерінің бойтүмары, дүние шеңберіне аты даңқты, мәдениетіміздің шын жанашыры, педагог, ірі ғалым, зерттеуші, қоғам кайраткері М.О.Әуезов 1961жылы27 маусым күні өмірден озды.

Мүхтар Омарханүлынын казак балалар әдебиетіне калдырған асыл мүралары мәңглік өміршеңдігі мен шыншыл табиғатымен ерекшеленіп, әр дәуір үрпағынын айтар пікірі бір -бірін қайталамай, мүхтартану іліміне салмакты үлесін косары сөзсіз.



следующая страница >>