reforef.ru 1

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министрлігі Экономикалық даму және

сауда министрлігі

2011 жылғы 28 наурыз №131 2011 жылғы 11 сәуір №101

Астана қаласы Астана қаласы
Жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолданатын, сақтайтын жеке және заңды тұлғалардың, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:

1. Мынадай:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметі субъектілерін;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғаларды;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында жарылғыш заттарды сақтайтын субъектілерді;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын субъектілерді;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында улы заттарды сақтайтын субъектілерді;


7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканы сақтайтын және пайдаланатын субъектілерді;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында штемпельдік-гравюралық кәсіпорындарды тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (Қ.С. Тыныбеков):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі Экономикалық даму және сауда министрі

______________ С.Баймағанбетов _____________Ж. Айтжанова
2011 жылғы «___» __________ 2011 жылғы «___ » ______

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6917 болып енгізілді.