reforef.ru 1 2 3

11-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;

11) туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;
12) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
13) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
14) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
15) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
16) туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
17) туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
18) туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
19) жеке құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады;
20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


12-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының
(әкімдіктерінің) құзыреті

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

2) туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;

3) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;

4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында:
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;

6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

10) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

11) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;


12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;

13) туристік ақпарат орталығын құрады;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес

1. Туризм жөнiндегi кеңес консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан құрылады. P990247

2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.

3. Туризм жөнiндегi кеңес:

1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;

2) туристiк қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.

4. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

14-бап. Туристік ақпарат орталығы


Туристік ақпарат орталығы Үкімет және (немесе) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, Қазақстан мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ

15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

1. Туроператорда және турагентте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.
Туроператор және турагент туралы мәліметтер олардың өтініштері негізінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.
Туроператор туристерге дербес немесе туристер алдындағы оның міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туроператорлық қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.

Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке берілетін лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Турагент турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған (қайта жасаған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы өтінішті уәкілетті органға жолдауға міндетті.
Турагент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы мәліметтер, туристік бағдардың сипаттамасы, туристік өнім туралы дәйекті ақпарат болуға тиіс.
4. Туристік өнімнің құрамында жоқ экскурсиялық қызметті немесе туризм нұсқаушысының қызметін көрсеткен кезде экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының), туризм нұсқаушысының қызметін көрсететін тұлғалар туристерге саяхаттың ерекшеліктері, олар саяхат жасаған кезде кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беруге, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде саяхат кезінде туристермен болатын төтенше жағдайлар туралы мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына ақпарат беруге міндетті.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы

1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.

2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.


3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.
Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру

1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.

2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.

3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.
Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау

Туристік қызметті стандарттау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты

1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Туристік қызметтер көрсету шартының елеулі талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартта белгіленеді.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


2. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.

4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:

1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi;

2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;

3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгiзу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;

4) тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.

5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы.

6. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

7. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8. Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн сатып алған жағдайда туристiк ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.

9. Туристiң кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету шартын орындау мүмкiн болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актiлерiнде немесе өтелмелi қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде ақы төленуi тиiс.

10. Туристiк қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристiк ұйымға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi.


11. Туристiң кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушiге шартты бұзудан келтiрiлген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

12. Басқа елге келген жерi бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты болады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



<< предыдущая страница   следующая страница >>