reforef.ru 1 2 3
Ғабит Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесі


«Жазушы шеберлігі»


Жоспар.


I.
Кіріспе: Қабілеттілік

ІІ.
Негізгі бөлім: Жазушы-асқан шебер.

ІІІ.Қорытынды бөлім: Жазушы шебер болса, шығарма көркем болады.

Қабілет-табиғаттың адамға сыйлайтын ғажайып сыйы. Біреуге азырақ, біреуге көбірек бұйырады. Демек, екінің бірі сурет сала да, өлең де жаза алмайды. Әр суретші, әр әнші, әр жазушы қабілетті, шебер болады. Оқырман қауымға өзінің түйсігінде жүрген мәселені әсемдеп, көркемдеп, шығармасының әр сөйлеміне, әр сөзіне көңілін аямай, тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізсе, ақын-жазушылар қазақта аз емес.

Бәрін жіктеп айта бермей, Ғабит Мүсірепов ағамыздың «Шұғыла» әңгімесін талдап көрейік. Ғабекеңнің қара сиырды келтірген себебі: Қара сиырдың мүшкіл хәлі, ол қалың қазақтың сол кездегі хәл-жағдайы еді. Жазушы шеберлігімен қара сиырдың, яғни қазақтың бейнесін мінсіз суреттеген. Безгегі ұстағандай қалшылдап, тоңып жатыр. Қаншырдай қатқан арық. Дәл жаялығында «Алып» деген күйдіріп басқан таңбасы бар. Астына жаялықтай ғана құрым киіз төсепті де, иесі тастап кетіпті.

Тоңып қалшылдап жатқан бейшара сиыр тұра салып жүгіріп кететіндей ілгері-кейінді сырғып қояды. Бұл әрине, шегіне жете жіңішкерген тіршілік. Сиыр байғұс соның өзінде қия алмай, шолақ құйрығын қысып алыпты деген сөздер бірден жүрегіңді жаулап алады. Егер бұл сөйлемдердің әр қайсысына көңіл бөліп қараса, оның түбінде қаншама мән-мағына, тәлім-тәрбие жатыр. Сол кездегі қазақтың хәлін бізге жеті сөйлеммен-ақ жеткізген Ғабит Мүсірепов ағамыздың шеберлігін айқын көрсетеді. Ауылдағы шолақ белсенділердің басқаларға қарағандағы жарқын өмірін жазушы асқан шеберлікпен суреттеген. Атына сай сұрқия-сұр атанған Ұрқия мен оның сұмырай байы Егізектің халықты тонауын бейнелеген сөздері жүрекке жылы тиеді. Жазушының тағы бір шеберлігін мына сөйлемдерден байқадым: Жергілікті қызметкерлер өлке басшыларының жоқты бар дегізіп отырған ыңғайына көндіріп алыныпты. Өлісі-тірісі белгісіз, әйтеуір аудан көлемінде жоқ адамдарды бар дегізіп, жәрдем алады. Өлі жандардың несібесі өлік тонаушылардың несібесі болып жатыр, тірі жандар қоса тоналып жатыр. Неткен әсемдік! Неткен шеберлік! десеңізші. Белсенділердің істегеніне әбден төзіп, шыдамы таусылған әйелдердің сөзі ерекше: Жайлап дедіңдер ғой, өздеріңде жайлап тыңдасаңдаршы, ей, - деді бізге. Бір шана астықты мына түлкі малақай үйіне жөнелтті ме? Жөнелткен жоқ деңдерші кәне? Ол бізге деп берілген қазынаның астығы емес пе? Тағы бір шанасын мына жарылайын деп отырған қатынның үйіне жібердіңдер ме? Жіберген жоқпыз деңдерші, кәне? - деген сөздері әсерлі көркем жазылған.


Жазушы, яғни Ғабит Мүсірепов бұл шығарманы әсем жазған. Сөз арасында эпитет-теңеулерді көп қолдана білген. Қазақтың айдай маңдайына біткен азаматтары, асқар таудай арыстары мына кең даланың өзіндей дарқан ақын жазушылары аз емес. Қазақтың әрбір жазушысы өзінше шебер. Оған мысал келтіру қиынға соқпайды. Абай өз өлеңдерінің өрнегін орыстан алса да, оның қазаққа қолдануына болатынын дәлелдеген. Абай аз жазса да мағынасы көп, терең болады: Сәбит Мұқанов сөзге сараң, Ілияс поэзиясының құлагері, Мағжан - дүл-дүл ақын. Яғни, жазушы қанша шебер болса, шығармасы сонша құнды болады.

Ғабит Мүсірепов қазақтың орасан зор, зілді қайғысын, төрт бетке сыйдырып, оқырман қауымға, яғни бізге жеткізген. Ғабит Мүсірепов - шебер жазушы.

Сексен алтыншы жылы Алматының орталық алаңында талай жастар қыршын кетті. Қазақтың қайратты, жігерлі жастары елін бостандыққа қарай демеді. Олар шыбын жаны шыққанша тәуелсіздік үшін аянбай қүресті. Арманда кеткен азаматтардың рухы бүгінгі ұрпағына бек-бақыл болады. Қазаққа тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, ол талай ақын-жазушыларымызды, жастарымызды құрбан етті. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші қазақ халқы туғызған, ел қамқоры болған азаматтарды мәңгі жүректерінде сақтайды. Тәуелсіздік- ұлы ұғым. Оны қастерлеуге үйрету, дағдыландыру адам бойындағы ең басты қасиетке айналдыру- әр қазақстандықтың парасатты парызы деп ойлаймын. Ендеше, сөзбен емес, іспен мықты экономикамызды нығайтып, өркендей берейік, ағайын!

Алимжанова Айдана, 9А

Дулат Исабеков


«Ата
үміті»

(талдау)


1. Сыбдыр естілгенде, шалдың өз басы әрбір тысырға құлақ түріп, қалайша көз іле алмады?

Бозторғай шырылдағанша

2.Шал немересі екеуі оразаларын немен ашты?

қара сумен

З.Кісі бойы келетін төрт қада дейді. «Қада» деген қандай мағынада айтылған?

күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш


4. Шал сақалы шошаңдап қалай күлді? кеңкілдей

5.Шал немересіне қалаға барса не алып бермек болды?

маймен жүретін велосипед

6.Омаш шынтақтай жатып, нанды аузына салған кезде Тоқсанбай қарт іштей не деді?

қайдан сап ете қалды бұл жалмауыз

7. Жалмауыз жігіттің аты кім? Омаш

8.Тоқсанбай шалдың немересінің есімі Еркешбай

9.Немересі ұйықтап жатады. Шал ұйықтаған жоқсың ба?

- Қарағым, бұл сенбісің, - дейді. Сонда Омаш не деп айтты.

мен сайтан болмаса, бұл жерге басқа кім келеді?

10. Омаштың қорылы қыр астынан бері келе жатқан неге ұқсайды?

трактор

11. Омаш дәу ошақтың бір бүйірінде жұмыртқа жарып отырады. Бұл ненің жұмыртқасы? Бозторғайдың

12. Омаш бір жұмыртқаны жарғанда жетілген балапанды көреді, сол жұмыртқадағы балапанды не істейді? отқа лақтырып тастайды

13.Омаштан қорыққан Еркешбай қашып кетеді. Оны ақсақал қалай жұбатады? Еркежан, тоқта кұлыным.

14. Немересі ұйықтаған кезде, шалдың кемпіріне табалдырығынан қанша ақша аттайтынын айтты? үш мыңдай

15. Кемпірі: Әнеу күні сенің жәрдем ақшаң келгенде үш-төрт бала жарапазан

айтып кетті. Ішінде молданың баласы бар дейді. Молданың есімі?

Оспан

16. Еркежанның атын атағаннан кейін, кемпірге қанша ақша ұсынды? жеті сом

17. Шал кемпірінен: Қарызды беріп пе едің дейді. Бұл кімнің қарызы еді? Айдаркүл

18. Тоқсанбай мен кемпірін ұйқыдай балбыратқан не? Арман

19. Омаш, Тоқсанбай қартты алдап кеткенде, Тоқсанбайдың екі көзінен қандай тамшы шықты? Жазғы жаңбырдай

20. Омаш Тоқсанбайдың аяғына жығылғанда қария оған қандай жігіттің аяққа жығылғаны жақсылық емес деді. Алпамсадай

21. Қай күні Тоқсанбай немересімен бұзаулы шырын жетектеп базарға шықты? Жексенбіде

Сөздікпен жұмыс

1. Дермене деген не?

жусанның дәрі жасайтын түрі

2. Шайла сөзінің мағынасы

Күрке

3. Жасымықтай сөзінің синонимі Ноқаттай
Байтова Дана, 8А


Әке үміті

Дулат Исабековтің «Ата үміті»

шығармасынан кейінгі ой толғау
Біз көзімізді ашып, дүниеге келгеннен бері, Жер Анаға шыр етіп өмір бастағаннан бері бізді әке мен ана баптап, өсіреді. Бұлар бізге ең қадірлі де қайратты кісілер ретінде көрінеді. Әке мен анамыздың орны бірдей. Олардың менің өмірімде алатын зор маңызы бар. Олар мені әрқашанда түсінеді. Әсіресе - әкем. Әке деген - таудың асқарындай биік, бұлақтың суындай таза асқарлы жан. Қазақтың қадірлі ақсақалдары айтқан: қалың малың болғанша, бір қадірлі әкең болсын,- деген. Бұл өте орынды сөз. Себебі, біздің үйіміз бар, ақшамыз бар бай болсақ, ал әкеміз болмаса яғни бұл бақытсыздық. Бұны әркім әрқалай түсінеді. Әкеміз бізге әрқашанда жақсылық тілейді. Біздің адал жолға түсіп, жақсы адам болуымызды қалайды. Үмітсіз шайтан демекші, әр әкенің балаға деген бір үміті, арман аңсары бар. Әр әкенің үміті менің ойымша баласының адам болуы. Бұл - ең бастысы. Себебі, адам бола білу керек. Әрқашанда адал жүріп өтірік айтпай, зұлымдық пен зорлықтың жаман екенін білу адамгершіліктің болуы осының бәрі - адам деген атты иеленеді. Әкемнің үміті де осы. Әке үмітінің ауқымы кең. Әке кейде ұрсып жекіреді, ондайда біз әкеге реніш ұстамауымыз керек. Себебі, әкең сені жақсы, түзік адам болсын деп ұрсады. Бұл да әкенің бізге деген жақсылығы. Сондықтан да әке үмітін ақтауға бел буайық.

Әке деген қадірлі де ұлы сөз,

Әке деген жарқыраған нұрлы көз.

Әке деген асқар таудай биік шың

Әке мөлдір бұлақ, осы шын.

Атыбек Азат, 9А

Әке аманаты
Әке аманаты деген - әкенің балаға үлгі көрсетуі, бата, тілек айтуы. Осыған мысал ретінде Ыбырай атамыздың «Әке мен бала» әңгімесін алсақ.

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр,-деп.

Бала әкесіне:


  • Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатып жібереді. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан бірталай шие сатып алды. Шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді.

Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біткен соң және бір шие, онан біраз өткен соң бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жүрді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:

- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, ал жерге түскен шиені аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаласың, -деді. Бұл өсиеттен үлкен тәлім аламыз.

Енді Күлтегін батырға тоқталып кетсем. Оның әкесі Елтеріс қаған «түркі халқы жойылмасын» деп, қырық жеті рет басқынщы тайпалармен жауласып, соғып салады. Күлтегін батыр әкесінің ізін қуып, он алты жасынан бастап-ақ жиырма үш рет соғысады, «жаулардың елдігін әлсіретеді». Елтеріс қаған Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы Білге қаған ел бастап, Күлтегін қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты.

Мен де әкемді құрмет тұтамын, үлгі аламын. Атамды да қатты қадірлеймін. Өкінішке орай мен туғанда, атам осы дүниеде жоқ еді. Бірақ, үлкен ағам дүниеге шыр етіп келгенде атам тірі болатын. Ағам бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы туып еді. Сондықтан атам ағамның атын «Азат» деп қойған. Атам қарапайым еді, бала кезінен адал еңбек етіп келген. Сонда да, халыққа қосқан еңбегі зор. Атам туралы газетте жазып еді: «Қоңырат руднигінің экскаваторшысы Сағындық Жұмағұлов бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылдан бері осы мамандық бойынша үзбей еңбек етіп келеді. Көп жылдық тәжірибесіне сай оның еңбек табысы да айтарлықтай. Сағындық Жұмағұловтың халық байлығын дамытудағы зор үлесі жоғары бағаланып, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен наградталды».

Сонау қиыншылық замандарда атам мен әжем сегіз бала асыраған. Бәрін киіндірген, оқытқан. Оңай шаруа емес...

Әрине, атамды көрмегеніме көңілім түсе береді. Бірақ мен сонда да ол кісіні мақтан тұтамын.

Сағындық Шолпан, 9А

Әке арманын жалғастырушы
Бұрынғы кездері ұлдары әкесінің ісін жалғастырып, армандаған мақсатына қол жеткізіп, әке жолын таңдаған. Бұған мысалға Күлтегін батырды алсақ. Ол әке жолын қуып, әкесінің арманын орындады. Түрік тілдес өз тайпаларының бақытын, бірлігін қалаған батыр болды. Күлтегіннің батыр болуына, елінің, жерінің қамын ойлайтын кісі болуында оның әкесінің рөлі үлкен болғанын байқаймыз. Бірақ, өкінішке орай, бұл өмірде әке жолын қуып жатқандар шамалы ғана. Мұнда ата-ананың тәрбиесі басты болады. Қазіргі балалардан «кім боласың?» деп сұрасаңыз, көпшілігі «министр, президент боламын» дейді. Ұшқыш, ұстаз, шахтер болғысы келетін бала жоқ деуге болады. Бәрі елге қызмет етудің орнына, халықтың төбесіне шыққысы келеді. Ата-анасы баласына «сен бастық боласың» деп айтқанмен, сол сөз баланың санасында жатталып қалады. Тәрбиенің ең жаман тұсы осы. Ал бұрынғы біздің ата-бабаларымыз «елдің ұлы, халықтың батасын алатын азамат бол» деп тәрбиелеп өсірді. Мүмкін, содан шығар, қазіргі кезде Күлтегіндей батырлардың жоқ екені. Бірақ мен бұған мүлдем кері мысал алғым келіп отыр. Өнер адамдарының көбі балаларының өз кәсібін жалғастырғанын қаламайды. Неліктен? Өйткені, өзі сол саланың барлық қиындықтарын көрді ғой! Бұл бір жағынан дұрыс шешім деп ойлаймын. Қай елді алсақ та, қай отбасын алсақ та, қай әкені алсақ та, барлығының да бір уайымы, арманы болады. Ер адам әке болғаннан кейін балаларын ойлап, қатты алаңдайды, қызығын көргісі келеді. Әр ата-ананың арманы сол ғой. Менің ата-анам «Қай мамандықты таңдасаң да, ең алдымен жақсы адам бол» дейді. Ал кейбіреуінің әкесі басқа мамандықты таңдауға рұқсат бермейді. «Біздің тұқымда жоқ кәсіпті бастап..!» деп ренжиді. Бұл дұрыс емес деймін. Егер баланың, әкесі қалаған істі жалғастырғысы келмесе, не ол іске икемі жоқ болса, онда қинаудың қажеті не?! Себебі соңында бала бақытсыз болады, ал түсінген ата-ана бармағын шайнайды. Кейін сол бала атақ-дәрежеге жетсе, егер бұл жүрегі қалап тұрған мамандық болса қарсы келудің қажеті жоқ. Керісінше, ақ жол тілеу керек шығар. Негізі адам баласы әкесінің жолын қуа ма, әлде өзі таңдаған жолымен бара ма, бәрібір емес пе? Бастысы келешек өмірінде адамгершілік қасиетінің өшпей кетуі...


Иманбек Мөлдір, 9А


Ата жолы
Күлтегін жыры - ежелгі дәуір әдебиетінің ірі ескерткіші, шығармасы. Ондағы басты кейіпкерлер: Білге қаған, Елтеріс, Күлтегін, Тонұқұқ. Жырда олардың түрік тайпасы үшін соғысы, күйініш-сүйініші бейнеленеді. Маған аса ұнағаны - Күлтегін батырдың әкесі Елтерістің жолын қуғаны. Бұған менің әкем, атам және арғы атам тамаша мысал бола алады.

Менің арғы атам Алимжанов Әубәкір Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі саясаткелерінің бірі болған. Балқаш қаласының тау-кен металлургиялық комбинатында жұмыс істеген. Бұрынғы «Комсомольская» көшесі арғы атамның жүз жылдығына арнап «Әлімжанов көшесі» деп аталды. Жыл сайын металлургтер күніне Балқаш кен-металлургия комбинатының ең жақсы жұмыскерлеріне Әубәкір Әлімжанов атымен сыйлықтар ұсынылады.

Менің атам Алимжанов Серғазы молибден комбинатында жұмыс істеп, әке жолын қуған. Қазіргі уақытта онда атамның үш ұлы адал еңбектеніп жүр. Сол ағайындылардың бірі менің әкем - Жандос.

Алимжановтар әулетінің комбинатта еңбектеніп жүргеніне биыл жалпы 300 жыл!

Мен өз аталарым мен әкемді мақтан тұтамын. Біз - олардың өсіп келе жатқан ұрпағы, жолын қуып, олардың аттары мәңгілік өшпейтіндей еңбектенуге тырысамыз. Атына дақ түсірмей, адал еңбек ету, Қазақстанның даңқын көтеру - аталарымыздың бізге қалдырған аманаты.

Алимжанова Айдана, 9А

Ата жолы

Ой толғау

Қазақ халқы “Ата жолын қуса игі” деп бекер айтпаған. Мысалы, біз, Күлтегін батырды өз әкесі Елтерістің жолын қуған деп айта аламыз. Себебі, ол әкесі сияқты ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінезді, жас кезінен бастап қолына найза ұстап, жаудың басын алып, өзінің кіндік кескен жерін қорғаған.Тек Күлтегін ғана емес, оның ағалары Қапаған хан мен Білге қаған да ата жолын қуған. Елтерістің үш ұлы да жақсы жолмен жүрсе, ата жолын қуса, әкесінің қандай арманы болады? «Атаға қарап ұл өседі» демекші, егер Елтерістің өзі жаман адам болса, әрине көп жағдайда Күлтегін әкесі сияқты болады. Бірақ, кейбір кездерде әкесі жаман болып, баласының аты шығып жатады емес пе?Ата жолы баланың тәрбие беретін әке-шешесіне байланысты. Балаға беретін тәрбие қандай болса, ол да солай ержетеді.


Қазақ халқының дәстүрі бойынша ата жолын жалғастырушы - ұл балалар болып табылады. Бізде ұл туып жатса үлкен той жасап жатады. Ал, егер әкесі құрметті адам болып, ал баласы әке жолын қумай, жаман болса, әкесін ұятқа қалдырады емес пе? Мысалы, атақты Жамбыл Жабаевты алайықшы. Қазіргі күні қай қазақ оны білмейді? Жамбыл Жабаевтың ұлдары көп болған. Көптің ішіндегі тек біреуі ғана оның жолын қуа алды. Оның өзі соғыста қайтыс болады. Міне, осындай мысалдар айта берсек көп.

Абеуова Айгерім, 9А


следующая страница >>