reforef.ru 1 2 3

Экзамендық сұрақтар:

1. Ісіктік өсу ауруларының алдын алу үшін әртүрлі алдын алу шараларын қолданады. Концерогенез үрдісіне кедергі жасауға негізделген ісіктік өсулердің алдын алу шарасы қалай аталады?
2. Жас балада ЖРВИ негізінде дене температурасы 37,4°С дейін жоғарлаған. Қызба қандай жағымды қасиеттерге ие?
3. Тұмау эпидемиясы уақытында ауруханаға температурасы 39,8°С 7 жасар бала жеткізілген. Эндогендік пирогендер қай жерде өндіріледі?
4. Эксперимент жүзінде студенттер қоянның ішектеріне мұздай уксустық қышқылмен әсер ету арқылы, ішектің шырышты қабатының ойық жарасын алған. Ішектің шырышты қабатының ойық жарасы төменгі жағдайлардың қайсысына жатады?
5. Қантты диабетпен ауыратын науқаста инфекциялық ауру баяу, ұзақ өткен. Науқаста реактивтіліктің қандай түрі дамыған?
6. Ревматоидтық артрит және басқа да иммунопатологиялық аурулар еркектерге қарағанда әйелдерде 3-4 есе жиілікпен дамитыны белгілі. Бұл жағдайдағы реактивтілік түрі қандай?
7. Тұқым қуатын ауру аутосомды-рецессивтік генге негізделген, сонымен бірге ата-анасының екеуіде фенотиптік сау және осы ген бойынша гетерозиготалы. Бірінші балаларының ауру болып тууылу қауіпі қаншалықты (%)?
8. Жас альпенисте тауға көтерілуі кезінде келесі белгілер дамыған: эйфория, эмоциялық және қозғалғыштық қозу, адекватты емес қылықтар, қимыл-қозғалыстарының бұзылуы және басқа. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған?
9. Хирургиялық бөлімге иығының терісіндегі ірінді қабынулық үрдіспен ер адам түсті. Үрдіс ұзақ уақыт, баяу, жүрген, регенерация үрдісі ұзаққа созылған. Организмнің реактивтілігін қалай бағалауға болады?
10. Экстремальді жағдайға шалдыққан адамда қанның биохимиялық анализында катехоламиндер және глюкокортикоидтардың жоғарғы концентрациясы байқалған. Бұл феноменді немен түсіндіруге болады, ол немен байланысты?
11. Скарлатинамен ауыратын баламен қатынаста болған балада 5 күннен кейін бұл аурудың бірінші белгілері пайда болды. Бұл кезең қалай аталады және немен байланысты?

12. Анафилактикалық шок жағдайындағы науқасты ауруханаға ес-түссіз әкелген. АҚ 60/40 мм с.б. Жедел дамитын аллергиялық реакцияның иммунологиялық кезеңінің дамуын қандай фактордың түзілуімен байланыстырады?

13. Жас балада бронх демікпесі, экспирациялық ентігу байқалған. Аллергиялық реакцияның I типі (анафилактикалық тип) қандай иммуноглобулиндердің қатысуымен дамиды?
14. Аллергиялық патологиясы бар науқаста Т лимфоциттердің жоғарғы титрі анықталған. Аллергиялық реакцияның IV( жасушалардың қатысуымен) типі ненің қатысуымен дамиды?
15. Ауруханаға естен таңған науқас жеткізілген, ауызынан ацетон иісі шығады. Экзогендік коматоздық жағдай дамуының себебі қандай?
16. Науқаста жедел инфекциялық ауру негізінде жалпы адаптациялық синдром белгілері дамыған. Жалпы адаптациялық синдромның дамуын қандай жүйелердің белсенуімен байланыстырады?
17. 25 жасар С. деген науқас суық күндері қол саусақтары ауырсынып, сезімталдығы жоғалатынына шағымданады. Ұстама кезінде саусақтар терісі бозарып, жергілікті температура төмендейтіні байқалған. Ишемияның даму себебі қандай?
18. Қоянның көзінің кілегей қабатына қыша майын тамызғанда бір сағаттан кейін көзі қызарып, конъюнктива, кілегей қабат капиллярларының гиперемиясы дамыған. Екіншілік альтерация тіндерге қандай заттардың әсері нәтижесінде дамиды?
19. Қоянда қабыну ошағын ішіне 0,1 мл скипидар енгізу арқылы алған. Қабыну ошағындағы онкотикалық қысымның жоғарлауының себебі қандай?
20. Қабыну аймағында тамыр эндотелийінің зақымдануы және Хагеман факторының белсенуі жүреді. Бұл фактордың белсенуі салдарынан қанда қандай қабынулық медиаторлардың пайда болуы байқалады?
21. Адамда қандай да бір инфекциялық ауру жедел түрде басталған. Қызбаның бірінші сатысында (stadium incrementum) симпатикалық жүйке жүйесі тонусының жоғарлауы қандай өзгерістермен сипатталады?
22. Жас бала инфекциялық паротитпен ауырған. 3 тәулікте дене температурасы 39,1ºС жеткен. Қызбаның екінші сатысында (stadium fastigium) парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусының жоғарлауы қандай көріністермен айқындалады?

23. Адам аяғын жаралап алған. Аяғы тез іріндеп, дене температурасы жоғарлаған. Қызбаның бірінші сатысында (stadium incrementi) дене температурасының тез жоғарлауы қандай көріністермен сипатталады?

24. 52 жасар Г деген науқас хирургиялық бөлімге төменгі ернінің рагы бойынша операция жасау үшін түскен. Ауру бір жыл бұрын басталған. Төменгі ернінде шекарасы күрт айқындалған, шығынқы тығыз өспе байқалады. Анаплазия ненің тән ерекшелігі болып табылады?
25. Күйіктік ауру плазма жоғалтумен қосарланады. Бұл жағдайда су-тұз балансының қандай бұзылысы дамиды?
26. Жедел қансыраудың бірінші күні науқаста су-тұз балансының бұзылысы дамыды. Организм судың және натридің эквиваленті санын жоғалтатын, тұз-су алмасуының бұзылысы қалай аталады?
27. Науқастың беті мен аяғы ісінген. Саусақпен басқан кезде шұнқыр қалмаған. Эндокриндік жүйе қызметінің қандай бұзылыстары кезінде шырышты ісіну дамиды?
28. Эксперименттік жануарларда судың жоғалуы электролиттердің жоғалуынан басым болатын су-тұз балансының бұзылуы дамыған. Гиперосмолярлық гипогидрияның пайда болу себебі қандай?
29. Кон синдромы бар науқаста гипернатриемия дамыған. Гипернатриемияның салдары қандай?
30. 26 жасар А деген науқасқа операция уақытында аппараттың көмегімен жасанды өкпе желденуін өткізген. Науқаста қышқыл-негіз жағдайы көрсеткіштерін анықтағанда байқалған: рН – 7,26, рСО2 – 67,5 мм.с.б. Газды ацидоздың біріншілік механизмі қандай?
31. Гипоталамустың ісіктік өсуі дамыған науқаста газдық алкалоз қосарланған. Газдық алколоздың біріншілік механизмі қандай?
32. Эксперименттік жануарда өкпенің гипервентиляциясы салдарынан газдық алкалоз дамыған. Газды алкалоздың даму себебі қандай?
33. Қышқыл-сілті гомеостазы бұзылыстарын компенсациялауда 3 қорғаныш жолы берілген, оның біреуі – компенсацияның бүйректік механизмі. Олардың қайсысы төменде берілген?
34. Ауруханаға науқас ауыр қалде жеткізілді. Маторы жұмыс істеп тұрған автомобиль кабинасынан табылған. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 8 көлемдік пайыз. Артерио-веноздық айырмашылық – 2,5 көлемдік пайыз. Қанның оттектік сыйымдылығы төмендеген. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыды?

35. 45 жастағы науқас ұзақ уақыт ойық жара ауруымен зардап шегеді, ауруханаға асқазаннан қан кетумен түсті. Түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, жүрек айну,бас айналу,құлақта шудың болуы,көзінің қарауытуы. Науқас бозарған,айқын ентігу байқалады. Эпигастрий аймағында ауырсыну белгілері бар. АҚ – 100/70 мм.с.б.б.. Пульсі 95 минутына. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыды?

36. Науқас көлік апатынан кейін аяқ-қолдың көптеген сынуларын алды.Ессіз күйде, бозарған, суық тер басқан.Қарашығы тарылған.Тынысы-беткей. Жүрек тондары тұйық. АҚ – 60/40 мм.с.б.б. Пульсі әлсіз байқалады. Науқаста шоктың қай стадиясы?
37. Психикалық дамуы шектелгендерге арнлаған мектепте Даун ауруымен 3 бала білім алады. Даун ауруы үшін қандай көрініс тән?
38. Сырт келбеті дені сау еркек.Аяғы өте ұзын, түктің өсуі әлсіз байқалады, аталық без жетілмеген.Ақыл-есінің жеткіліксіздігі байқалады. Азооспермия. Кариотип – 47 хромосома,сонымен қатар 3 жыныстық (тип ХХУ).Еркек қандай тұқым қуалаушылық аурумен зардап шегеді?
39. Эксперименте егеуқұйрықтарға ісіктердің трансплантациясы жүргізілді (бластомды ұлпа кесіндісі).Ісік шақыртылған егеуқұйрықта теріні жеке бөліп , ісікті ажыратып алады., стерильді Петри чашкасына салады. Интактты егеуқұйрықта терісін кесіп, ісікті шығарады..Бірнеше аптадан кейін біртіндеп өсетін ісікті түйін пайда болады.Бір жануардан екіншіге ісіктің транспортталуы қалай аталады?
40. Егеуқұйрықтарда экспериментте тері астына әр жерге пластинка түрінде пластмасса орналастырған (тефлон, полиэтилен, целлофан) бірнеше аптадан кейін имплантант орнында ісік дамыды (саркома). Бұл заттар химиялық концерогендердің қай тобына жатады?
41. Ыстық цехтарда жұмыс жасайтын жұмыскерлерге минералды немесе тұзды су ішу ұсынылады. Көп мөлшерде терлейтін және ағынды су қабылдайтын адамда су-электролит алмасуының қандай бұзывлысы дамыуы мүмкін?
42. 3 жасар балада бірнеше күн үлкен дәреті болмаған. Сондықтан анасы екі сағат ішінде 3 рет балаға клизма қойған. Қышқыл-негіз балансының қандай бұзылуы дамуы мүмкін?

43. Науқас П., 10 жаста, аяқ жарақатынан кейін алдын алу мақсатында Безредке бойынша 3000 бірлік тырыспаға қарсы сарысу енгізген. Балада сарысу енгізгеннен кейін 9-шы күні иық және аяқ буындарында қатты ауырсыну және жайылған бөртпе пайда болды. Жалпы әлсіздік, жүрек тондарының әлсіреуі, АҚ төмендеуі байқалады. Бала ауруханаға жатқызылды. Балада қандай аллергиялық реакция дамыды?

44. Науқаста диабеттік кетоацидоздық кома, анықталғаны: рН = 7,17, рСО2 = 30 мм.рт.ст., ВВ = 38,0 ммоль/л, SВ = 15,5 ммоль/л, ВЕ = - 13 ммоль/л, қандағы кетонды денелер = 58 мг %, зәрдің титрлік қышқылдығы = 70 мэкв/сут. Науқаста қышқыл-негіз жағадйының қандай бұзылуы дамыған?
45. Вирустық гепатит эпидемиясының қызуы кезінде ауруханаға температурасы 39,9°С жас бала түскен. Қандай пирогендер экзогендік түріне жатады?
46. Эксперименте егеуқұйрықтарға ісіктердің трансплантациясы жүргізілді (бластомды ұлпа кесіндісі). Ісік шақыртылған егеуқұйрықта теріні жеке бөліп, ісікті ажыратып алады., стерильді Петри чашкасына салады. Интактты егеуқұйрықта терісін кесіп, ісікті шығарады. Бірнеше аптадан кейін біртіндеп өсетін ісікті түйін пайда болады. Бір имбридтік тізбектегі жануардан екіншіге ісіктерді трансплантациялау қалай аталады?
47. Ыстық цехтарда жұмыс жасайтын жұмыскерлерге минералды немесе тұзды су ішу ұсынылады. Көп мөлшерде терлейтін және ағынды су қабылдайтын адамда су-электролит алмасуының қандай бұзывлысы дамыуы мүмкін?
48. 3 жасар балада бірнеше күн үлкен дәреті болмаған. Сондықтан анасы екі сағат ішінде 3 рет балаға клизма қойған. Қышқыл-негіз балансының қандай бұзылуы дамуы мүмкін?
49. Басының жарақатымен ауыр жағдайда науқас ауруханаға әкелінген. Тыныс сирек, терең, АҚ - 140/90 мм.сын.бағ., жүрек қызметі бұзылған. Тері қабаттары көгерген. Қышқыл-негіз балансының қандай бұзылуы дамуы мүмкін?
50. 40 жасар науқас ауруханаға механикалық сарғаю диагнозымен түскен. Қаныңда липазаны жоятын өт қышқылдары табылған. Биохимиялық анализде: жалпы липидтер - 8,5г/л (нормада 3,5-8 г/л). Қандағы липидтердің өте көп болуымен байланысты бұл май алмасуының бұзылуы қалай аталады?
51. Кеуде безіне радикальды операция жасағаннан кейін ұзақ уақыт бойы сол жақ қолының ісінуі байқалады. Бұл ісіну қалай аталады?

52. Қоянның дене қызуын көтеруге болады бұлшықетішілік 0,5 мл сикипидар енгізу арқылы, 1 кг массаға 0,3 г тері асты кофеин енгізу, тамырішілік динитрофенол (0,02г/кг) енгізу арқылы, сондай-ақ үлкен дозада адреналин және тироксин енгізу арқылы. Көрсетілген жағдайлардың қайсысмнда қызба орын алуы мүмкін. Қызба қандай затты енгізгенде дамиды?

53. А., деген 14 жасар науқасқа сол жақ санының жарақатына өңдеу жасалды. Жараны өңдегеннен кейін 6 сағаттан соң науқас өзін жағымсыз сезінген, аяқтарының тоңазығанын сезген. Біраздан соң ауырсыну басталып, уақыт өткен сайын күшейе түскен. Аяқ терісі бозарған. Балтыр мен тобықтың артерияларындағы пульсация анықталмайды. Науқаста перифериялық қанайналымның қандай түрі дамыды?
54. 15 м тереңдікте декомпрессиялы жұмыс істеген сүңгуірде (водолазда) 15 минуттан соң кессондық аурудың белгілері: терінің қышуы, бұлшық еттері мен буындарында ауырсыну, бас айналу, жүрек айну, жалпы әлсіздік байқалған. Сүңгуірде эмболияның қандай түрі дамыды?
55. Ауаның иісті газдармен және өндірістік шаңдармен ластануынан гипоксия дамиды. Бұл жағдайда қандай гипоксия түрі дамиды?
56. Ісіктік өсу ауруларының алдын алу үшін әртүрлі алдын алу шараларын қолданады. Олардың қайсысы ісіктерді ерте табуға және оларды нәтижелі емдеуге негізделген?
57. Канцерогенез бірнеше кезеңдерден тұратын белгілі. Ісіктік өсу патогенезінің бастапқы звеносы қалай аталады?
58. Қабынудың дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады. Қабыну ошағына тамырлардан лейкоциттердің шығуы қалай аталады?
59. Л. деген науқас естен таңған, жүрегінің соғуы, тыныс алу тоқтаған. Өлімнің қандай сатыларын ажыратады?
60. 27 жасар Д. деген науқаста баспамен ауырғаннан кейін жедел гломерулонефрит дамыған. Қабынулық реакцияға қандай анықтама беруге болады?

61. Дәрігер науқаста баспа дамуына күдіктеніп, қанның жалпы анализін тағайындаған. Төменгі көріністердің қайсысы симптомдық кешенге (синдром) жатады?
62. Күйік орталығына құрсақтың алдынғы бетінің күйігімен бала жеткізілді. Визуальді қабылдау бөлімінің дәрігерлері терінің эпидермисінің терең емес жаралану дефектілерімен некрозды аңықтады. Сіздің ойынызша пайда болған күйіктің дәрежесі қандай?

63. АЭС қызметкері ядерлы реактордағы авариясы кезінде 100 Гр астам сәулеленуге ұшырады. Бір тәуліктен кейін онда тырысулар пайда болып, салдануға жалғасқан, зәр шығару жүйесінің қызметінің бұзылысы, артериалық қысымның төмендеуі байқалған. Зардапшегушіде жедел сәуле ауруының қандай формасы дамыған?

64. Рентген-құралындағы апатттан кейін радиологиялық лабораторияның қызметкерінде жедел сәулелі аурудың ішектік формасы дамыған. Бұл феноменді гистологиялық тұрғыда қалай түсіндіруге болады?
65. Хирургиялық бөлімге иығының терісіндегі ірінді қабынулық үрдіспен ер адам түсті. Үрдіс ұзақ уақыт, баяу, жүрген, регенерация үрдісі ұзаққа созылған. Организмнің реактивтілігін қалай бағалауға болады?
66. Экстремальді жағдайға шалдыққан адамда қанның биохимиялық анализында катехоламиндер және глюкокортикоидтардың жоғарғы концентрациясы байқалған. Бұл феноменді немен түсіндіруге болады, ол немен байланысты?
67. Орбитада космонавтар ауру туындатушы факторлар әсеріне ұшыраған. Космостық кеңістіктегі патогендік әсерлердің механизмі қандай?
68. Жоғары атмосфералық қысым әсерінен адамда соқырлық, аяқ-қолдың ауырсынуы дамыған. Адам организміне патогендік жоғарғы қысымның әсер етуіне қандай себеп ықпал етті?
69. Ауруханаға К. деген науқас гепато-лентикулярлық жеткіліксіздік бегілерімен түскен. Вильсон-Конавалов ауруы кезінде қай фермент синтезі бұзылады?
70. «Ген-белок» тұқым қуатын аурулардың даму механизмінің бірі болып табылады. Қандай тұқым қуатын аурулардың дамуында бұл механизм басты рөлді атқарады?
71. Егер ата-анасының біреуі Коновалов-Вильсон ауруымен ауыратын, ал біреуі сау болған жағдайдағы аутосомдық-рецессивтік тұқым қуалау жолымен берілетін тұқым қуалайтын патологияның даму мүмкіндігі қандай?
72. Анафилактикалық шок жағдайындағы науқасты ауруханаға ес-түссіз әкелген. АҚ 60/40 мм с.б. Жедел дамитын аллергиялық реакцияның иммунологиялық кезеңінің дамуын қандай фактордың түзілуімен байланыстырады?

73. С. деген науқас суық күндері қол саусақтары ауырсынып, сезімталдығы жоғалатынына шағымданады. Ұстама кезінде саусақтар терісі бозарып, жергілікті температура төмендейтіні байқалған. Ишемиялық стаздың даму себебі қандай?

74. Аяғы веналарының варикоздық кеңеюі бар 60 жасар К деген науқаста жүрген кезде ауырсыну сезімі пайда болған. Сол жақ балтырының цианозы мен ісінуі байқалған. Іркілулік стаздың даму механизімі қандай?

75. 55 жасар Н деген науқас сол жақ сан венасының тромбозы бойынша хирургиялық бөлімге түскен. Тромб түзілу патогенезінде қандай фактор маңызды болып табылады?
76. 45 жасар П деген науқас инсулин тәуелді қантты диабетпен ауырады. Ұйқы безінің В-жасушаларына байланысты қандай цитокиндер троптық қасиетке ие?
77. 6 жасар балада инфекциялық ауру негізінде дене температурасы 39 градусқа дейін жоғарлаған. Қандай биологиялық белсенді заттың әсерінен жылу реттеу орталығының қайта құрылуы жүреді?
78. Бақа шажырқайына гистамин ертіндісін тамызғаннан кейін қан ағысы жылдамдығының азайғаны байқалған. Экссудацияның дамуы қандай патогенедік фактордың жоғарлауына байланысты?
79. 13 жасар Ю деген бала оң жақ бетіне фурункул шығуына байланысты дәрігерге қаралған. Шайнаған кезде ауырсынатынына, бас ауыруына, температурасының жоғарлауына шағымданады. Жедел асептикалық қабыну ошағында қандай физико-химиялық өзгерістер байқалады?
80. 38 жасар Е деген науқас оң жақ аяғын қайнаған суға күйдіріп алуына байланысты дәрігерге қаралған. Аяғы қызарған, терісі ісінген. Қабыну кезінде майда тамырлар қабырғасы өткізгіштігінің жоғарлауы қандай себеппен байланысты?



следующая страница >>