reforef.ru 1




ШӘКЕН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ







БАСПАСӨЗ – БАЯНЫ



2011 жылы 21 қыркүйекте VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қазақ кино майталмандарына арналған жұлдыздар аллеясы ашылды. Бұл мәдени іс-шара Алматы киностудиясының 70 жылдығы аясында өткізіліп отыр.

Бүгінде жұлдыздар аллеясында қазақ киносының дамуына үлкен үлес қосқан Шәкен Айманов, Сұлтан-Ахмет Қожықов, Мәжіт Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сералы Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Әмина Өмірзақова, Әнуар Молдабеков, Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин, Кененбай Қожабеков сынды дарынды тұлғаларға естелік жұлдыздар орнатылған. Олардың қатары бүгін тағы да үш талант иелерінің есімдерімен толтықтырылды, олар: КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, театр және кино актері Асанәлі Әшімов; кинорежиссер, суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Отан»орденінің иегері, қазақ анимациялық өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаров, және кинорежиссер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Отан»орденінің иегері, қазақ ұлттық деректі кинематографиясының негізін қалаушылардың бірі – Ораз Әбішев.

Жұлдыздар аллеясының жаңа есімдермен толықтырылу рісімінен кейін «Қазақстан киноэнциклопедиясы» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл шараға басылымның редакциялық ұжымы мен бас редакторы Смайлова Тұмар Кенжебекқызы қатысты.


Қазақстан киноэнциклопедиясы – бұл, Қазақстан кинематографиясының өткені мен бүгінгі күнін суреттейтін ерекше анықтама басылымы. Кітап мұрағат материалдарға жүргізілген зерттеулер мен газет-журналдардағы басылымдарға, сұхбаттар мен жеке анкеталарға негізделіп құрастырылды.


Пресс-служба

АО «Казахфильм» им. Ш. Айманова

Казахстан, г. Алматы, ул. Аль-Фараби 176

Тел.: +7 (727) 313-11-32

www.kazakhfilmstudios.kz

press@kazakhfilmstudios.kz

Press-center

JSC "Kazakhfilm" Studio named after Sh. Aimanov

176 Al-Farabi Str., Almaty, Kazakhstan

Tel.: +7 (727) 313-11-32

www.kazakhfilmstudios.kz

press@kazakhfilmstudios.kz