reforef.ru 1
Тыңдаушының өздік жұмысын (ТӨЖ) орындау бойынша


ұсыныстар

Эссе.


1 . Эссе құрылымы.

Эссе
француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.

Тыңдаушы өзі істейтін мемлекеттік орган функциялары мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйрену. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Мәселе бойынша авторлық позицияны қорытындылайтын, қорытынды, концепция және сөздікті қолдануымен өзі өткізген талдау жазылады. Тақырып ерекшелігіне қарай, эссе түрлері қомақты деңгейлік болу мүмкін. Кейбір кездерде оқитын тақырып бойынша бар статистикалық мәліметтерді талдау болу мүмкін, бұқаралық ақпарат басылымдардан материалдардың талдауы және толық пікірлермен, мысалдарды іріктеу мен нақты талдау, мәселені суреттейтін және т.б. оқитын модельдерді қолданумен ұсынылған мәселені нақты талдау болып келеді. Эссе жасау бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эссе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе, барлық жұмыстарда сияқты ішкі логика болу тиіс.


2. Эссе жанры еркін шығармашылықты болжалдайды. Оның жақсы ерекшелігі автор өз ойын өз еркінше кез келген тақырыпта жаза алады. Эссе — бұл қандай болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Сол себептен эсседе басқа авторлармен (олардың пікірлерімен) пікірталас жіберіледі. Басқа авторларды цитат келтіруге болады, бірақ орынды және баяу. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитат аз болғанда жақсы.

3. Эссенің алдында — автор тұлғасы. Оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы шығарма негізі болып келеді. Эссе жазуда қиындық туу мүмкін. Бұл тақырып, жазу стилін таңдау және кез келген мәселеге ерекше ой.
4. Эссе кез келген тақырыпқа: кәсіпорнының қаржылық-шаруашылық әрекетін талдаудан қоғам сатысына дейін бес абзац немесе жиырма бетке созылуы мүмкін. Бастысы, сіз жазып отырғаныңыз «эссеге» жарайтын болғаны, француз тілінде «талпыну, тырысу» дегенді білдіреді. Әдетте, эссе – бұл өз көзқарасыңызды түсіндіру талпынысы, ал жақсы жазылған эссе үнемі ашық түсінікті және ақпаратқа толы.

5. Эссе құрылымы:

- Бірінші парағы (үлгісі алдын-ала беріледі);

- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);

Бірінші парағы (біркелкі үлгі бойынша толтырылады, Эссенің бірінші парағын орындау үлгіге қараңыз)

Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар компоненттерден құрылады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Эссе тақырыбында айтылған терминдерге түсінік беруге керек пе?», «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?»


Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеуі.

Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан, маңыздысы тақырыпшалар олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе қатаң ой толғауларды) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибені де пайдалануға болады.

Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау оны қолдану саласына және т.б. сілтеме. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстау мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.

6. Эссе жазуда практикалық қадамдар:


  • 1 қадам. Контексті анықтаңыз.

Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.

  • 2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.

Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.


  • 3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезис үшін дәлелдерді таба алады.

  • 4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.

  • 5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.

  • 6 қадам. Қорытынды жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

  • 7 қадам. Кіріспені жазыңыз.

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерді қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.


  • 8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.

  • 9 қадам. Қателерді тексеріңіз.

Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Қосымша:
1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.

2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады.

3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория символ және астарлы образдар.

4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.

5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
P.S. Есте сақтаңыз, эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы - өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
Эссені қорғауға дайындық.
Тыңдаушы эссені өз әріптестердің алдында қорғайды.

Тыңдаушы эссені қорғаусыз, тестілеуге жіберілмейді.

Эссені қорғау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

  1. Міндетті түрде барлық қатысушылармен сәлемдесу;

  2. Эссенің таңдаған тақырыбын анықтау;

  3. Тақырыпты таңдау себебі;

  4. Мемлекеттік қызметшілер жұмысында аталған теорияны практикада қолдану;

  5. Бұл жұмыстың Қазақстан Республикасының саясатымен байланыс;

  6. Қорғауға берілген уақыт, үш минут.

Тыңдаушының эссені қорғау барысында міндеті – нақты тақырыптың мәселелерін терең түсінуін, тақырып бойынша материалды жақсы білуін көрсету.

Пән және тақырып бойынша әдебиетті терең білу негізінде факт материалдарын өз бетімен талдау және дәлелді сын берілген, ғылыми шығармашылық элементтері бар, өздік қорытынды шығарылған жұмыстарға «үздік» баға қойылады.

Жұмыста тақырып мәселелері толық және жанжақты қамтылған, бірақ қажетті шығармашылығы болмағанда, «жақсы» баға қойылады.

Егер тыңдаушы пікір берушінің сұрақтарына жауап бере алмаса, жұмыстың мазмұнын білмесе, аталған мәселе бойынша теориялық қағидалар мен қорытындыларға түсінік бере алмаса, «қанағаттанарлықтай» баға қойылады. Мұндай жағдайда тыңдаушы қайта қорғалуға жіберіледі.

Эссені қорғау мен бағалау – бұл тыңдаушының өздік жұмысын қорытындылау.

Жақсы эссе ғылыми жұмыстар байқауына ұсынылуы мүмкін, конференцияларда қолдану мүмкін, сонымен қатар семинар сабақтарында реферат ретінде пайдалануы мүмкін.

Сонымен, эссені қорғау дайындығы, пікірде жазылған қателер мен кемшіліктерді жою, қосымша әдебиетті оқу, жұмыста жазылғанды түсіну, эсседе айтылған кез келген қағидаларды түсіндіре білу.

Эссенің бірінші парағын орындау үлгісі:


Қостанай облысы әкiмдігінің

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңірлік орталығы”

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


ТАЛДАМАЛЫ ЖАЗБА
«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ӨСУДЕ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ РОЛІ»


ТОП ТЫҢДАУШЫСЫ: Ахметов Ғ.Е.

ҚОСТАНАЙ, 2012