reforef.ru 1
Шетелдердегі қазақстандық туристердің қауіпсіздігі

Орындағандар:

Туризм” мамандығы

303-тобының студенттері

Ногайбаева И., Муханбеткалиева А.

Жетекшісі:«Туризм» кафедрасының оқытушысы Адбанова А.А.
Туризмді дамытудың негізін қалаушы шарттардың бірі оны туристер үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болып табылады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында мақұлданған Туризм хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылғы 1 қазанда қабылданған Этикалық туристік кодексте жарияланды.

Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, туроператорлар мен турагенттердің турларды ұйымдастыру кезінде қабылдайтын шараларына тікелей байланысты. Террорлық актілердің, індет пен техногендік сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсіп отырған жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторлардың бірі ретінде сақтандыруды айтуға болады. Алайда мұның өзі туристің өмірін толығымен қорғайды дегенге сенім жоқ. Оған басты себеп – қаржы, яғни шетелдік аурухана қызметі құнының удай қымбаттылығы.

Жалпы біздің туризм нарығы екі жағдай­да сақтандырылады. Біріншісі — туристік опе­ратордың жауапкершілігін сақтан­дыру. Яғни әр туристік фирма өз қыз­метіне қатысты сақтандыру жасауы тиіс. Екіншісі — шетелге шығушы адамның ден­саулығын сақтандыру. Ұшақ­тың уақытында ұшпауынан болған зардапты сақтандыру және тағы басқасы бізде есепке алынбайды. Бір сөзбен айтқанда, қауіп-қатер сақтандырыл­май­ды. Ал әл­ем­де күтпеген саяси, экономи­калық тұ­рақсыздық және табиғи апат секілді түр­лі келеңсіз оқиғалар орын алып жатады. Міне, солардан біздің отан­дастарымыз сақтандырылмайды. Бәрінен қызығы, сақтандыру компания­лары тұтынушысының барған жерінде со­ғыс, азаматтық көтеріліс секілді оқыс оқи­ғалар орын алса, төлем жасаудан бүтін­дей босатылады екен. Ал туристік фирмалар мұндай қауіпті аймаққа қыды­рып бару­ға болмайтындығын айтып, бұл бағыттағы жұ­мыстарын доғарудың орнына қолда бар жолдамаларының құнын арзандатып, тұ­тынушылардың делебесін қоздыра түседі. Мысалы, соңғы халық­ара­лық жағдай – Бі­рік­кен Араб Әмірліктерінде саяси тұрақ­сыз­дық орын алғанда, біздің мемлекет бұл бағытқа ұшатын ұшақтардың рейсін кілт тоқтатып тастаған. Ал арзан жолдамаға алданған жерлестеріміз Ресей­дің туристік компаниялары қызметіне жүгі­ніп, Мәскеу арқылы ол жаққа жетіп алған. Бұл арада кінә кімнен? Қауіпті аймаққа адамды арзан жолдамасымен еліткен жауапсыз туристік оператор ма, әлде «экстремал» турист пе? Мұның жауабы да сауалына сай әрқилы болуы ықтимал. Бірақ, бір анығы, қиын­дыққа тап болған азаматының мәселесін шешу үшін бұл арада тағы да мемлекет шығындалады. Осы жағынан алғанда, бү­кіл жүкті мемлекеттің мойнына артпай, оны жарым-жартылай емес, тең жартысын сақ­тандырушылардың бөлісуін міндеттеу қа­жет секілді. Әрине, ол үшін заңнамалық нормативтегі туризм нары­ғын­дағы медици­налық міндетті сақтандыру көлемін арттыру керек болады.

Елшілікте көптеген өркениетті елдер туристке сақтандыруы болмаса виза ашпайды. Ал бізде туристер полисті алу керек пе, жоқ па деген таңдау жасауға құқылы, және де бұл құжаттың қандай ауырпалық алатынын, оның неден сақтандыра алатынын, ал қандай жағдайда күші жетпейтінін түсіне бермейді.

Ең бастысы полис - ауырған кезде және оқыс оқиға кезінде жедел көмек қажет. Шетелдерде медициналық қызметтер қазақстандық бағалармен қатар қойыла алмайды, және де көптеген туристердің оларды өз бетінше төлейтін жағдайлары жоқ. Дәрігерге бірінші көріну үшін сізге 50–80 доллар (келген еліңізге байланысты) төлеу қажет болады; бір күн жату үшін — $300–1000; жансақтау қызметі үшін — $1000–1500; медико-транспорттық көмек үшін — сағатына $60–80. Берілген полисті шетелдік медициналық ұйымның қабылдауы үшін, оны шығарған сақтандыру компаниясы жақсы белгілі болуы керек. Сол себептен де сақтандыру компаниялары шетелдік әріптестердің: әлемдік атағы бар (assistance) сақтандыру немесе қызмет көрсету компаниялардың көмегін пайдалануға мәжбүрлі. Мысалыға, жақында орын алған Мысырдың Шарм-әл-Шейх курортты қаласынан жүзден аса туристер елімізге қайта алмады. Оның үстіне 2 жас бала ауырып, ақылы дәрігер шақыртуға мәжбүр болды. Яғни, туристер медициналық көмек алу үшін өз қаражатын пайдаланған болатын. Полис толықтай көмекті жаба алмады. Бұл мәселеге келетін болсақ, бір жағынан арзан полиске ынтық болған туристер де кінәлі, екінші жағынан оқыс оқиғаға тап болған туристерге көмек көрсетпеген турфирма да кінәлі. Осындай жағдай орын алған кезде, турфирма өз клиенттерімен еш хабарласпай, оларға тіпті еліне оралуға көмек көрсеткен жоқ еді. Турфирма директорының айтуы бойынша, бұл жерде қателік келіскен мысырлық авиакомпанияның табло кестесін екі мәрте өзгертіп, кейін тіпті барлық ұшақтарды қажылықта жүрген мысырлықтарды алып кетуге жіберілген дейді. Сондықтан, осындай жағдай болды. Дегенмен, турфирма олардан өз туристерін еліне уақытында алып келуі туралы талап етуге құқылы болды. Тағы бір елімізді дүр сілкіндірген оқиға 2011 жылдың 7 тамызына қараған түні Ыстықкөл ауданы Қара-Ой ауылындағы "Рохат-НБУ" пансионатының жағажай аумағында Қазақстан Республикасының азаматы Ерлан Балмахаевты соққыға жығып, тонап кеткендігі жайлы еді. Ол Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл аудандық ауруханасына жатқызылған болатын. Өкінішке қарай, ол 14 тамызда есін жимастан қаза тапты. Бұл оқиғаға келетін болсақ, жалпы қателік туристерді қабылдап, оларға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пансионаттан болып отыр деп ойлаймын. Әрине, кез-келген өзге елге бара жатқанда турист сол орынның қауіпсіз екендігіне кәміл сенімді болады. Сондықтан, пансионатта қажетті шаралар алдын-ала, яғни туристер әлі келмеген кезінде-ақ жасалуы керек еді. Бұл тек мемлекеттің қателігі ғана емес, осындай шараларды ұйымдастырмаған пансионаттың да қателігі болып табылады. Жалпы қауіпсіздік туристер үшін оның демалысының маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда шетелде демалу жыл сайын қауіпті болып бара жатыр. Әрине, соған қарамастан шетелде демалаушылардың саны да азаяр емес. Еліміздегі шетелге шығатын туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында осы жылдар бойы біраз шаралар жасалды. Дегенмен, жыл сайын шетелге барып, оқыс оқиғаларға тап болып не мерт болып жатқан туристердің саны қаншама. Осындай жағдайларға тап болмау үшін, қорғаныс шараларын тек мемлекет ғана емес, осы турларды жүзеге асыратын турфирмалар да қарастыру керек. Біріншіден, туристті жіберер ел мен ондағы қонақ үй не болмаса, басқа тұрақтау орнының қауіпсіздігін тексеру керек. Көбінесе, турфирмалардың өкілдерінің өздері ол жерлерге тіпті барып та көрмеген кездері де болады. Екіншіден, сақтандыру клмпаниялары мен турфирма арасында белгілі бір келісім болуы керек. Яғни екеуі де қызметін бір-бірімен үйлестіре отырып, жүзеге асыруы керек. Бір мақсатты иеленуі керек. Үшіншіден, оқыс оқиға не туристтің өзге елде мерт болған жағдайларында полис ол шығындарды жаба алатындай дәрежеде болуы керек. Ол үшін сақтандыру компаниялары өз клиенттеріне сақтандыруға қаражатты аямау керектігін, және де орта классты туристердің қалтасы көтере алатындай етіп бағасын біраз төмендету керек. Төртіншіден, алдын-ала шетелде белгілі бір жағдайлар, қауіпті оқиғалар алып жатса, мемлекет ол жайлы туристерді хабардар етіп, мүмкіндігінше ол жаққа ұшатын рейстерді тоқтатуы керек. Ал турфирмалар, бұл жағдайды пайдаланып, ол жаққа баратын турлардың бағасын төмендетпей, мүлдем ол турларды сатпауы керек. Осы шаралардың барлығының орындалуын мемлекет қадағалауы керек. Қорытындылай келе, мемлекет те, турфирмалар да, туристтің өзі де өз демалысының қандай дәрежеде болатыны тек қауіпсіздікке байланысты екендігін ұмыртпауы абзал.

Қолданылған әдебиеттер:

Ғаламтор көздері:


  1. http://thenews.kz

  2. http://www.e.gov.kz/

  3. http://www.laic.kz/kz/

  4. http://caspionet.kz/



Резюме

Безопасность - главный фактор, влияющий на развитие туризма, прежде всего на увеличение или уменьшение въездных потоков.

Безопасность туриста напрямую зависит от политики государства, от мер, принимаемых турфирмами, а также от действий самого туриста.

Представление потребителю информации по обеспечению защиты и безопасности во время туристской поездки помогает ему воспринимать безопасность как неотъемлемую часть качественного туристского продукта, сопоставимого с другими товарами и услугами, в рамках которых безопасность и качество считаются важным элементом в контексте цены.