reforef.ru 1



Павлодар қаласының №38 жалпы білім беру мектебі





Тақырыбы:




Сын. жетекшісі: Уалиева А.Р.

Павлодар 2011 жылы

Мақсаты: Оқушыларға тұмау ауруының зардабын ұғындыру, онымен күресу жолдарымен таныстыру, таралу тарихы мен клиникалық белгілері туралы мәлімет беру.

Көрнекілігі: шара тақырыбы, нұсқау қағаздары , суреттер көрмесі.

Барысы
Мұғалім:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тұмау неден басталады».

-Балалар сендер «Тұмау» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар өз пікірлерін айтады, дұрыс болса, жазады).
-Сендер тұмаумен ауырғанда аналармане немесе әкелермен, әжелермен дәргірге барасыңдар да, дәрігер сендерге тұмауға қарсы вакцина немесе дәрі- дәрмектерді жазып береді.

Қазіргі уақытта тұмау, баспа, тамақ ауруы жиіліп кеткені барша жұртқа белгілі.Тұмау дертінің шығу тарихы өте ертеден басталаған екен. Тұмау –жоғары тыныс жолдары жұқпалы дерттерінің арасында ең кең таралған түрі. Адамзат бұл дертпен есте жоқ замандардан таныс. Мұны б.з.д. 5 ғасырдың қалған Гиппократ жазбалары растайды. Ал тұмау пандемиясы алғаш рет 1580 ылы құжатқа іліккен екен.

Тарихтағы ең аты шулы тұмау пандемиясы 1918 -1920 жылдарда тіркелді. «Испанка» деген ат алған тұмау түрінен сол кездегі әлем жұртының 40 пайызы зардап шегіпті. Қайтыс болғандар саны 20 миллионға жеткен. Ең алған тұмау вирксы 1931 жылы анықталды. Тұмау вирусы алуан түрлі және олардың бәріне тән қасиет. –өзгергіштік.

А тұмауы –өте жұпалы инфекциялық ауру, оны аса қауіпті А типті тұмау вирусы қоздырып таратады. 2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мексика халқының арасында етек алаған адамнан жұғатын жедел респираторлық аурулар А типті «Доңыз тұмауы» вирустарымен берілетін жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. Доңыз тұмауның


ошағы ЛатынАмерикасында, яғни Мексикада деп айтылып жүр және жұқпалы А вирусты тұмауы Австралияда, Канадада, Оңтүстік Кореяда,Израильде,Испанияда, Францияда, Ресейде т.б. елдерде қаншама адамның өмірін қиып кетті. Ал Куба, АҚШ Мексикаға шығатын әуе жолдарын жауып тастады. Біздің Сыртқы Істерминистрлігі де «Доңыз тұмауы» шыққан елдерге баруды тоқтата тұруды жөн көріп отыр, себебі А пандемиялық тұмауы Қазақстанға шетелден келген деп есептелінуде. Жалпы «Доңыз тұмауының» клиникалық маусымдық тұмауларға ұқсас болып келеді: денесі тоңады, қалтырайды, қызуы көтеріледі,бас ауырады, тамағы жұтқызбайды, бұлшық еттері ауырады, мұрнынан су ағады, жөтеледі. Тіпті кей жағдайларда жүрегі айнып, асқазаны ауырып құсуы мүмкін. Сондықтан да қай жеріңіз ауырса да дер кезінде маман дәрігерлерден кеңес алып отырсаңыз, аты жаман ауру бізге жолай қоймас. Осы мақсатта бізге кеңес беруге салауатты өмір салтын сақтау орталығының маманы, дәрігерге сөз кезегің береміз.

Саша: Ерте көктемде Атлант мұхитының арғы жағында пайда болған бұл індет күллі әлемді ойландырып тастағаны рас. Мамандардың айтуынша аталмыш аурудың алдын алу үшін гигиеналық ережелерді сақтап қана қоймай, денсаулық кепілі спортпен айналасуды ұмытпаған жөн. Келесі кезекте назарларыңызға көріністі ұсынамыз.

Көрініс


Ауырған бала:
Шаншиды басым,

Татымай асым,

Келіспей ешбір жұмысым.

Жөтеліп жүрмін,

Бітеді мұрным,

Тарылып еркін тынысым.

Бірде ысып денем, мұздайды,

Буындарым сыздайды.

1 –AHINI: Білмессің бәлкім ажалың қалай келгенін,

Басыңа келіп тұмау дерті төнгенін.

2-AHINI: Тұмау бар жерді еркін жаулап аламын,

Тұмаудың досы мен боламын- AHINI дегенің.

Екеуі: Біз бар жерде сау жүрмейді адамдар,

Әлемді шарлап келе жатырмыз сайрандап.

Мексикадан бастау алған дертіңнің

Қазақстанға білдірпезпіз қалай кіргенін тайраңдап.

Ауырған бала: Болдым мүлде әбігер,

Табыңызшы емін бір,

Арашасы болыңыз,

Құрметті білігір дәрігер!

Дәрігер: Дұрыс болған келгенің,

Дәрігерге сенгенің.

Біліп жүрген бәрің де

Әлемге AHINI келгенін.

Бұл ауру өте жұқпалы,

Бұны жұрыс ұққаның.

Айтайын саған мен емін,

Дұрыс болар мұны білгенің.

Үйде жат,күтін емделіп,

Бөлмеңді желдет өң беріп.

Қуаты мло тағам іш,

Бақылап тұрам мен келіп.

Адамдар болып жүрсін сақ.

Дәрісіз егер ауырсақ,

Алғашқы қарсы тұратын-

Лимон, пияз, сарымсақ.

Пияз, сарымсақ: Біз сарымсақ, пиязбыз,

Бойға ашуды жиярмыз,

Тұмау болып жабысқан

Вирустарды жоямыз.

Лимон: Лимонмын мен шипагер,

Ұнатар мені білгендер.

Тұмауға еркін пайдалан,

Ауыра қалсаң сен егер.

Спортшы: Мен спортшы баламын,

Жарқылдап от боп жанамын.

Қан ойнап бойда жігерім,

Аурудың бұзған қамалын.

Келсе де ауру сайланып,

Қармақтарын қолға алып,

Денемді көрген шыныққан

Кетеді теріс айналып.

Дәрігер: Ем іздеп жанына ауру батқандар,

Жанды қояр бір жерді іздеп таппағандар.

Тұмауың мен A HINI-ге қарсы тұрар,

Оксолин майы, заналивер, тамидлю деген дәрілер тағы бар.

Ауруыңның алдын алар бұл дәрілер,

Пайдаланар, бәлкім, тағы басқа елдер.

Ажалыңның алдынан қағып түсер,

Ауруыңнан арылтып бір –ақ демде.

Бәрі: Бірге болсақ бәріміз,

Ауруға қарсы тұрармыз,

А (HINI) үшін

Алынбайтын қамалмыз!

Саша: Ауруды жұқтырып емделгенше,

Ауырмаудың алдымен жолын ізде!

Дариға: білсең де қаперге алмай жүре берме,

Сақтануға амал қыл жолын біл де.

Мұғалім: Жоғарыда келтірілген мәліметтердің сіздерге зор пайдасы тиеді, -деп ойлаймын, деніміз сау боп , аман болайық!