reforef.ru 1
Тапсырма құрылымы



/ Курстың тақырыбы

JOUR 101: Статистикалық және сандық ақпарат

Тапсырма тақырыбы


Тиыннан теңге құралады

Тапсырма түрі (әдіс)

Жоба

Тапсырма түрі (керегінің астын сызу)

Шағын топ (үш адам)

Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар

Компьютер, Интернетке шығу мүмкіндігі болуы керек

Оқу аптасы (мерзімі)

Алтыншы апта

Тапсырманы орындауға берілетін уақыт

Екі сағат

Орындалған тапсырманы бағалау критерийі

Ақпаратты өңдеудің шынайылығы,ақпараттың толық болуы

Оқыту тапсырмасы (үштен кем емес)


  • Санмен жұмыс істей білуі

  • Сандық ақпаратты талдай білуі

  • Алынған ақпараттан қорытынды шығара білуі



Тапсырманы сипаттау

Студенттерге инфографиканы қолдану арқылы Қазақстандағы журналист мамандарын дайындайтын ЖОО-ғы оқу ақысын біліп кесте түзу. Студенттерге ең әуелі өздері оқитын факультеттегі үш жылдың студенттерінің санын білу тапсырылады. Мәліметтерді үш түрлі бағанға енгізіп, оны кесте түрінде көрсетеді. Бұдан соң, ғаламтордың көмегімен оқу ақысына қатысты мәліметтерді табуы керек. Алынған мәлімет пен студенттер санының арасында қандай байланыс болуы мүмкін екені анықталады.



Оқытушыға немесе тренерге ескертпе

Студенттер интернеттегі сенімді дереккөздерді, мәселен stat.kz тәрізді білуі керек. Әрі мәліметтерді кесте түрінде көрсету үшін excel құжаттарымен жұмыс істей білулері керек. Осы тапсырмадан соң, студенттерге Статистикаға сүйеніп ақпарат жазу тақырыбында лекция оқуға болады.

Автор(лар)

Мейрамхан Жәпек,Әсемгүл Касенова,Динара Базарбекова,Фархат Бижанов

Статистика и цифровая информация