reforef.ru 1
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты: Ф дыбысы мен әрпі туралы білімдерін одан әрі кеңейту. Жасалу жолына қарай тіспен еріннің қатысуымен. Ал айтылу жолына қарай ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін екенін түсіндіре отырып, ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға, қатесіз жазуға үйрету. Шығармашылық , танымдылық қабілеттерін дамыту. Зстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі:Түсіндірі, сұрақ-жауап, топтастыру, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,сөз жұмбақ, тест жұмысы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

--Оқушыларды тәртіпке шақыру.

--Психологиялық дайындық

--Ұй жұмысының орындалуын бақылау, талдау.

--Өтілген сабақты пысықтау. «Жапырақ жинау» ойыны арқылы


  • Дыбыс және әріп дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • В қандай дауыссыз дыбыс?

  • Вагон сөзінде в дыбысы нешінші буында?

  • Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

Оқушылар жапырақтың түсіне қарап күз мезгілі екенін, жерге түскен жапырақтың пайдасы туралы өз ойларын айту.

Жаңа сабақ: Ф дыбысы мен әрпі. «Сөзжұмбақ» шешу арқылы бастау.

1

ф












2

4

5





У





3

Т

















Б














О














Л





6

  1. Оқушылардың мектеп киімі.

  2. ҚР-ның рәмізінің бірі.

  3. 2х2-нің мәні

  4. Адам болам десеңіз өлеңін кім жазған.

  5. Сұйық сөзіне қарсы мәндес сөзді тап.

  6. Дәм сезу мүшесі.

--- Қандай сөз щықты? (Футбол сөзі шықты) Қане балалар ф дыбысын айтып көрелік.

--- Ф қандай дыбыс? Дауыссыздың қай түрі?

--- Ф дыбысы бар сөздер ойлайық, ойлаған сөзімізге сөйлем құрастырайық.

--Осы айтылған сөздеріміз қай тілде көбірек қолданамыз.?

-Осы айтылған сөздерімізде ф дыбысы сөздің нешінші буынында келіп тұр?
Сергіту сәті: Жұмбақтар шешейік.

1.Қос бүйірін таянып. Тұратын қай әріп (Ф әрпі, қимылмен көрсету)

2. Жысыл желек көгалда.

Бірде артқа, бірде алда.

Желаяқ көп бала

Таласып жүр бір допқа. (Футболшылар)

Сөздік диктант: Телефон, шкаф, туфли, фабрика, телеграф, форма, буфет, футбол, асьфальт, Фарида, лифт.
Кітаппен жұмыс. 93-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, ф әрпі бар сөздерді көшіріп жаз.

Микрафон дауысы ауылға естіліп тұр. Алматыда Мұстафа Өзтүрік атында көше бар. Оңтүстік Африкада түйеқұсқа қой бақтырады екен. Әкемнің қарындасы Ферғанада тұрады.
Шығармашылық жұмыс:

1-қатарға: «Футбол» сөзін қатыстырып бір шумақ өлең құрастырыңдар.

2-қатарға: «Буфет» сөзін қатыстырып шағын әңгіме жазыңдар.

3-қатарға: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

Киіміңді -------- ілдім.

Балалар -------- алаңына келді.

Қала көшелері тегіс ------- .

Сабақты қорытындылау: Тест жұмысы.


  1. Ф дыбысы қандай дыбыс? А) дауысты. В) дауыссыз С) үнді Д) ұяң

  2. Ф дыбысы дауыссыздың қай түрі? А) үнді В) ұяң С)қатаң Д) жуан.

  3. Ф дыбысы сөздердің қай буындарында келеді?

А) барлық буында. В) бірінші буында С) үшінші буында Д) соңғы буында.

4. Телеграф сөзінде ф дыбысы нешінші буында келіп тұр.

А) бірінші буында. В) екінші буында С) үшінші буында Д) басқы буында

5. Ф дыбысы қай тілден енген сөздерде қолданылады.?

А) орыс. В) қазақ С) ағылшын Д)неміс

6. В қандай дауыссыз дыбыс? А) ұяң. В) қатаң. С) үнді Д) жуан

7. Қатаң даыссыздар қатарын табыңдар.

А) а, б, в, г, т. В) к,қ, т, с,ш, х, ф, л. С) л,м,н, р, ғ, ы. Д) к, қ, қ, с, ү, з.
Оқушыларды бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Үйге: 94-жаттығу.