reforef.ru 1
Сабақтың тақырыбы: Алтын іздеген адам. Р. Мумеев


Сабақтың мақсаты:


  1. Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру.

  2. Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы ойлануға, шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай туғызу.

  3. Туған жер, еңбек қадірін білуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж. Қуанышбаев портреті, өмірі туралы деректер, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

І. Қызығушылықты ояту.

Балалар, өмірде құны өте қымбат зат не деп ойлайсыңдар?



Сұрақ бойынша топтау жүргізу.

Оқушылар өздеріне қажетті 3 зат бойынша топқа бөлініп отырады.

Таңдауға; Жер, Еңбек, Алтын.

Әр топ өздері таңдаған заттарының ерекшелігін сипаттап жазады.

Жазу аяқталған соң, топта талқылап, бір оқушы оқиды.

Оқушылардың жазғандары талқыланады. Жетістіктері мен ойлары туралы пікір айтылады.

II. Мағынаны тану.
- Олай болса,қымбат алтынды іздеген адам туралы қызық әңгімені оқығыларың келе ме?

1. «Жер» тобы басынан бастап, « Хантауында қой баға бастағанда, сол арманға жетуге шындап кірістім» деген сөйлемді соңына дейін оқып, мазмұнын білу.

2. «Еңбек» тобы ары қарай жалғастыра оқып, «Ештеңенің нышаны жоқ» деген сөйлемді соңына дейін оқып, мазмұнын білу.

3. « Алтын» тобы аяғына дейін оқиды.

- Балалар, сендерге берілген әңгіме бөлігін автор ретінде өздерің жаздыңдар деп есептейміз.

Топ ішінен бір оқушы шығып мазмұнын айтқан кезде, авторға басқа топтар сұрақ қояды. Сұрақ қоюға балалар да үйреңе бастайды. Ол үшін мәтінді бір топ әңгімелегенде, келесі топтар зейін қойып тыңдауы керек. Ал балалар сұрақ қоюға тосылса, өзіңіз бірер сұрақты бастап бересіз.


Сергіту сәті

- Қаздар,қаздар!

- Га,га! Қолдарын қағады!

- Жем жейсіңдер ме?

- Иә,иә!

- Жем жесеңдер келіңдер!

- Жоқ,жоқ!

- Неге?

- Тауда қасқыр орнаған, жібермейді оңбаған!
III.Ойтолғау

А) – Балалар, сабақ басында сендер жер, еңбек, алтын туралы өз ойларыңды жазған едіңдер. Ал Жазылбек аталарыңның осы қасиетті нәрселер туралы айтқан сөзінде жерді қалай сипаттаған екен?

- Ал осылардың бірінсіз-бірі болмайтыны туралы қандай ой айтылады?

Оқушылардың жауаптарына сай қорытынды жасау.

ә) Ойтолғау сәті үшін « 5жолды өлең» де құрастыруға болады. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларға да үңіліңіз. Ол мұғалімнің қалауындағы жұмыс.

ІҮ.Үйге тапсырма:


  • Әңгімені оқу,мазмұндау

  • “Егер де мен бай болсам...” тақырыбында эссе жазу