reforef.ru 1
Ф КГМУ 4/3-07/01


ПП КГМУ 4/01





Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

физиология кафедрасы



Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау



«Тыныс алу реттелуін зерттейтін әдістер» тақырыбы

«Физиология» пәні

05110 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы

1 курс

Құрастырушы Шандаулов А.Х.

Қарағанды 2010 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ 14а хаттама 25.06.2010 ж.



Кафедра меңгерушісі _______ Ф.А. Миндубаева


  • Тақырыбы: Тыныс алу реттелуін зерттейтін әдістер

  • Ма
    қсаты:

- қан құрамының тұрақтылығын ұстап тұратын жүйкелік механизмдерді түсіндіруді үйрену;

- тыныс алу орталығы мен ағзаның тіршілігі үшін тыныс алу реттелуінің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру;

- қанның газдық құрамының тұрақтылығын ұстап тұратын жүйкелік механизмдерді түсіндіруді үйрену.

  • О
    қыту міндеттері:

Білуі қажет:

- тыныс алу реттелуінің жүйкелік механизмдерін;

- қанның газдық құрамын ұстап тұратын өзіндік реттеу механизмдерін;

- тыныс алу реттелуінің гуморальды механизмдерін;

Істей алуы қажет:

- ағзаның түрлі қызметтік жағдайында (гипервентиляция, физикалық жүктеме, тыныс алуды ерікті тоқтатқанда) пневмографияны жасау;

- тынысын тоқтатқанда Штанге және Генчи қызметтік сынамаларын жасау.

  • Ө
    ткізу түрі: шағын топтарда жұмыстарды орындау, пікір таластыру, жағдайлық есептер, ауызша сұрау, тестілеу.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

Сұрақтар


1. Тыныс алу орталығы туралы физиологиялық түсінік пен оның шоғырлануы. Тыныс алу орталығының автоматиясы.

2. Тыныс алу орталығының пневмотаксикалық бөлімінің ролі. Бас миының жоғарғы бөлімдерінің ролі.

3. Тыныс алу реттелуінде кезбе жүйкесінің ролі. Геринг-Брейер рефлексі.

4. Рефлексогендік тамырлы аймақтардың тыныстық рефлекстері.

5. Тыныс алудың гуморальды реттелуі.

6. Фредерик тәжірибесі.

7. Жоғарылаған атмосфералық қымыс кезіндегі тыныс алу. Кессондық ауру.

8. Төмендеген атмосфералық қымыс кезіндегі тыныс алу. Акклиматизация.

9. Сирейтілген ауаның әсеріне акклиматизациялану.
Орындалатын жұмыстарды талқылау.

Жұмыстарды орындау.


  • Таратылатын материал

1. Кестелер
Орындалатын жұмыстар тізімі.

Жұмыс 1. Түрлі қызметтік жағдайлардағы пневмография

Жұмыстың мақсаты: Ағзаның түрлі қызметтік жағдайлардағы тыныс алуының өзгеруін бағалау.

Жұмыс барысы:

А). Тыныштық жағдайдағы пневмограмманы тіркеу.

Б). Математикалық есептерді шешу кезінде пневмограмманы тіркеу.

В). Күрделі эмоциялық маңызды сұрақтардан кейін пневмограмманы тіркеу.

Г). Физикалық жүктемеден кейін пневмограмманы тіркеу.

Д). Тынысты ерікті түрде тоқтатқанда пневмограмманы тіркеу.

Е). Ерікті емес демікпе кезінде пневмограмманы тіркеу.

Жұмыс 2. Штанге және Генчи сынамалары

Жұмыс мақсаты: Ерікті тыныс алуды дем алу кезінде және дем шығару кезінде тоқтату ұзақтығын анықтау, тыныс алу орталығының сыртқы аппаратының дағдылану деңгейін анықтау үшін.

Жұмыс барысы: 1 минут аралығында тыныс алу жиілігін есептеп, зерттелуші адам терең дем алып, тыныс алуды тоқтатады. Зерттеуші тоқтату ұзақтығын белгілейді. 1-2 минуттың аралығында зерттелуші адам дем ала отырып, қалпына келгеннен соң терең дем шығарып, тыныс алуды тоқтатады. Зерттеуші оның ұзақтығын анықтайды.


Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу: қалыпты жағдайда дем алу кезінде тыныс алуды тоқтату ұзақтығы кемінде 50-60 сек жуық облады. Дем шығару кезінде тоқтату ұзақтығы 30-40 сек жуық болады. Штанге және Генчи пробалары бас ми қыртысы клеткаларының тыныс алу орталығының белсенділігін тежеу ұзақтығының көрсеткіші болып келеді және оларды ңкөмірқышқыл газына сезімталдығын көрсетеді. Қалыпты деңгеймен салыстырып, қорытынды жасаңыздар.



  • Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адам физиологиясы. Х.К.Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева, А., 2005, 663 б.

2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

3. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

4. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филнмонов, МИА, 2002, 957 стр.

5.Ф изиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

6. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.Б.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

Қосымша:

1. Основы физиологии человека, 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

2. «Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986

3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.АЛеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.


  • Бақылау

Сұрақтар:

1. Тыныс алудың жүйкелік реттелуі.

2. Өкпенің механорецепторларының түрлері.

3. Инспирациялық нейрондардың шоғырлануы.

4. Экспирациялық нейрондардың шоғырлануы.

5. Ирритантты рецепторлардың шоғырлануы.

6. Юкстаальвеолалық рецепторлардың ролі.

7. Тыныс алудың өзіндік реттелуін қалай түсіндіреді?

8. Тыныс алудың реттелуінде үлкен жартышарлар қыртысының ролі.

9. Орталық хеморецепторлар қайда орналасқан? Олар неге сезімтал?

10. Неліктен жүрек-өкпе жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға таза оттегі емес, ал 96% О 2 және 4% СО2 қоспасын береді? Тыныстық қоспа әсерінің физиологиялық негізі қандай?


  • Тесттік сұрақтар (мысал)

1. Қандағы газдар

  1. азот, иісті газ, гелий

  2. көмір қышқыл газы, сутегі, азот

  3. оттегі, көмір қышқыл газы, азот

  4. инертті газ, оттегі, көмір қышқыл газы

  5. гелий, сутегі, азот



2. Карбоангидраза дегеніміз

  1. көмір қышқыл газының гидратациясы мен дегидратациясын катализдеуші фермент

  2. Нв көмір қышқыл газымен қосылысы

  3. Нв иісті газбен қосыысы

  4. оксигемоглобиннің түзілуін катализдеуші фермент

  5. метгемоглобиннің түзілуін катализдеуші фермент




  • Жағдайлық есептер (мысал)

1. Альвеолалық ауаның газдық құрамын анықтайтын негізгі фактор?

- көмір қышқыл газы

- оттегі

- азот
2. СО2 көп бөлігі қанда қандай түрде тасымалданады?

- бикарбонаттар

- физикалық еріген СО2

- карбаминдық форма