reforef.ru 1 2 ... 6 7
Логикалық сипаттағы тесттерді


апробация зерттеуден өткізу бойынша

НҰСҚАУЛЫҚ

Мектепте апробация зерттеуді ұйымдастыруға және өткізуге

жауапты адамға арналған

нұсқаулық
1. Негізгі ережелер
Мектепте апробация зерттеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адам (бұдан әрі – жауапты адам) тағайындалады.

Мектепті апробацияға дайындау және апробацияны өткізу барысында келесі шаралар арқылы жүзеге асады:


  • оқушылар журналының құрастырылуы (№1 үлгі);

  • оқушылар журналын Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығына (ҰБСБО) тапсыру;

  • оқушылардың апробацияға қатысуын қамтамасыз ету;

  • апробацияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын кабинеттер тізімін ҰБСБО-мен жоспарлап мақұлдау, (бұдан әрі – аудиторлық қор);

  • аудиторлық қорды апробация өткізуге дайындау;

  • аудитория бойынша кезекшілердің тізімін құрастыру;

  • кезекшілерді негізгі ережелермен таныстыру;

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері үшін жұмыс орнын ұйымдастыру (бұдан әрі – ҚР БҒМ өкілі);

  • ҰБСБО-ға ақпараттың жіберілуін бақылау.



2. Апробацияға дайындық


Мектептен тағайындалған жауапты адамы:

  • апробацияның өтуіне дайындық жұмыстарын жүргізуді ұымдастырады;

  • оқушылар журналының дұрыс және толық толтырылуын бақылайды;

  • аудитория бойынша кезекшілердің жұмысына басшылық етеді.

Апробация өтетін мектепте жауапты адамның жұмыс орны есептеуіш техника құралдарымен және кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз етілуі қажет:

  • Компьютер Pentium - IV, 2 GHz, RAM 256 Mb және HDD 20 Gb және басқа да интерфейс COM, LPT және USB;

  • Flash-диск;

  • жылдамдығы кем дегенде минутына 14-15 бет шығаратын лазерлік принтер;

  • модем;


  • ксерокс;

  • қағаз, папкалар,қаламдар, қарындаштар.

Мектептен тағайындалған жауапты ҰБСБО-дан телекоммуникациялық жүйе арқылы оқушылар журналының үлгісін қабылдайды (№1 үлгі). Мектептен тағайындалған жауапты оқушылар журналының толтырылуын ұйымдастырады, дұрыс толтырылуын тексеріп, қате табылған жағдайда оны түзетеді.

Оқушылар тізімін есепке ала отырып, жауапты апробацияны өткізуге қатысатын аудиторлық қорды ҰБСБО-мен мақұлдайды.

Бақылау мерзімдерінде жауапты мектеп басшысы мөр басып бекіткен оқушылардың журналы мен аудиторлық қорды электронды және қағаз түрінде ҰБСБО-ға жібереді.

Мектептің жауапты адамы оқушыларға апробацияның уақыты мен өтетін орнын хабарлайды.

Мектептің жауапты адамы:

  • аудитория бойынша кезекшілердің тізімін;

  • ҚР БҒМ өкіліне қажетті есептеуіш техникалық құралдарды мен телефонмен қамтамасыз етілген жұмыс орнын;

  • апробация өтетін аудитория (әр аудиториядағы отыратын орындарды нөмірлеу, аудитория нөмірлері) мен көрсеткіштерін дайындайды.

Мектептің жауапты адамы ҚР БҒМ өкіліне аудитория бойынша кезекшілердің тізімін тапсырады.

3. Апробацияны өткізу


Апробацияның өтуі кезінде мектептің жауапты адамы төмендегіні қамтамасыз етеді:

  • ҚР БҒМ өкіліне бөлінген бөлмеге бөгде адамдардың кірмеуін;

  • оқушылардың аудиторияларға кіргізілуін ұйымдастыру;

  • апробацияның өткізілу уақытында тәртіптің сақталуын.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сенімді өкіліне арналған

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Негізгі ережелері



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сенімді өкілі апробацияның тестілеу технологиясына сәйкес өткізілуіне, апробацияның өтетін жерінде тест материалдарының құпиялығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне басшылық жасап бақылау жүргізеді.

ҚР БҒМ өкілі келесі қызметтерді жүзеге асырады:


  • Технологияның сақталуына бақылау жүргізеді;

  • кезекшілерге нұсқау шараларын өткізеді;

  • аудиториялардың апробацияға дайындығын тексереді;

  • аудитория бойынша кезекшілерді күнделікті тағайындау;

  • апробация материалдарының берілуін және қабылдануын ұйымдастыру.




следующая страница >>