reforef.ru 1 2 ... 5 6


УДК 624.012:539.37(574) (043.3) Қолжазба құқығында


НАУРУЗБАЕВ КАБДУЛЛАГАЗЫ АРЕНОВИЧ


Темірбетон стерженді элементтердің деформациясын көп мәрте қайталанбалы емес жүктеу кезіндегі зақымдалу тарихын ескере отырып есептеу


Мамандығы 05.23.01- Құрылыс конструкциялары, ғимараттар мен имараттар
Техника ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Қазақ бас сәулет-құрылыс

академиясында (Алматы қаласы, ҚазБСҚА) орындалды.



Ғылыми кеңесші

- Халықаралық және Қазақстан Республикасы инженерлік академияларының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор

Ә.А. Құсайынов

Ресми оппонеттер:

- техника ғылымдарының докторы, профессор

Д.М. Сахи










- техника ғылымдарының докторы, профессор

М.С. Абаканов










- техника ғылымдарының докторы, профессор

А.К. Джалаиров












Жетекші ұйым


- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және
коммуникациялар академиясы


Диссертация 2010 жылдың «28» қараша күні сағат 10.00 - да Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясындағы ОД 14.50.04 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 050043, Алматы қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 28. Факс 8-(7272)-205979

Диссертациямен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылдың «______» қазанда таратылды
Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, техника

ғылымдарының докторы, профессор Д.М. Байтурсунов
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеудің өзектілігі

Темірбетон конструкцияларды есептеу әдістерін материалдардың нақты қасиеттері мен әсер етуші жүктемелерді ескере отырып жетілдіру – құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ғимараттар мен имараттарды жобалаған кезде темірбетон элементтердің қатаңдығын барынша дәл анықтау – олардың жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кейбір жағдайларда, материалдардың орынсыз шығынын азайтуға едәуір септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта бір мәрте ғана жүктелген темірбетон конструкцияларды есептеу әдістері жеткілікті түрде толықтай өңделген және мөлшерлеу құжаттарына енгізілген. Сонымен қатар, көптеген темірбетон конструкциялар көп мәрте қайталанбалы емес жүктелулерге де ұшырайды. Мұндай жүктемелердің әсерінен конструкцияларда қираудың прогресивті деп аталатын ерекше түрі өтуі мүмкін, яғни мәні жағынан бір мәрте шектік жүктемеден аспайтын қайталанып түсірілген жүктемелерде, конструкция деформациясы шексіз өсуге бет алады. Сол себепті, қайталанбалы жүктемелер әсеріне конструкция беріктігін есептегенде жүктелу деңгейін анықтау – негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жүктелу деңгейінде деформацияның әлі де болса тұрақтануы өтеді, яғни жүктелу циклының белгілі бір санынан кейін деформацияның (орын ауыстырудың) өсуі тоқталады да, конструкция серпімді түрде жұмыс жасай бастайды. Конструкцияның бұл қасиеті жағдайға бейімделу ретінде анықталынады.


Қазіргі уақытта, шектік жүктеменің бір мәрте әсеріне конструкция беріктігін есептегенде сол конструкцияның бейімделуге есебі сабақтас жүруге тиісті және осы мәселе – есептеу теориясының өзекті мәселесі болып саналады.

Темірбетон конструкциялардың қатаңдығы мен орын ауыстыруын бағалау – конструкцияны шектік жағдайдың екінші тобымен есептеумен қатар, статикалық анықталынбаған конструкцияларда ішкі күштеулерді анықтау бойынша да қызығушылық тудырады.

Темірбетон элементтердің көп мәрте қайталанбалы емес жүктеме кезіндегі жұмыстарын зерттеу қиманың кернеулі-деформациялық күйінің әртүрлі деңгейдегі жүктемемен жүктеу және жүктен босату барысында, сондай-ақ циклдар санында өзгеруін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде назар аударатын мәселе – конструкцияны көп мәрте қайталанбалы жүктемемен зерттеу нәтижесі элементтің циклдардың үлкен санымен жүктелген әсерінен кейінгі ақырғы күйін ғана көрсететінін баса айту керек. Сол себепті, элемент қимасының жүктеменің көп мәрте қайталанбалы әсері барысындағы кернеулік-деформациялық күйі жөнінде анық түсінік алу үшін элементті көп санды емес жүктеме барысындағы беталысын зерттеу қажет.

Осыған байланысты темірбетон элементтердің көп мәрте қайталанбалы емес жүктемелерге жұмысын зерттеудің практикалық маңызы орасан, себебі кей жағдайларда, конструкцияның қайталанбалы жүктеме кезіндегі деформациясын бағалау қажеттілігі туындап отырады.

Стерженді жүйелер үшін В.М. Мурашевпен ұсынылған және А.А. Гвоздевпен, С.А. Дмитриевпен, Г.А. Гениевпен, Н.И. Карпенкомен және басқа да ғалымдармен дамытылған жарықшақты темірбетон конструкцияларды есептеу теориясы элемент қимасының негізінен бір мәрте жүктелу кезіндегі кернеулі-деформациялық күйін анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың бәрі қолданыстағы мөлшерлеу құжаттарында көрсетілген және де қайталап жүктеу элементтің кернеулі-деформациялық күйіне ықпалы қарастырылмаған. Бірақ, тәжірибелер көрсеткендей, қайталанбалы жүктемедегі элементтердің кернеулі-деформациялық күйінің бір мәрте жүктелген элементтердің кернеулі-деформациялық күйінің едауір айырмашылығы байқалады.


следующая страница >>