reforef.ru 1 2 3



Мұхамедова Қарлығаш Ғинаятқызы 1953 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылында дүниеге келген. Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, 1974 жылы үздік дипломмен бітіріп, тарих пәні мұғалімі мамандығын алып шықты.

2004-2005 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласындағы №13 орта мектеп-гимназиясында тарих, адам және қоғам, құқықтану пәндерінен сабақ беріп келеді.

Маңғыстау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының 14.02.2007 жылғы №01-24/87 хатының негізінде Маңғыстау тарихына шығармашылық топтың мүшесі болып «Маңғыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімін жазуға қатысты. Мақала «Маңғыстау мұғалімі» газетінде жарық көрді.

«Маңғыстау» газетінің 2007 жылдың 20 ақпанындағы санында «Ғалымның хаты өлмейді» деген мақалада «С.Қондыбай – қазақ мефологиясы ілімінің негізін қалаушы» атты ғылыми конференция өткізгендігі жайлы жазылды.

2008 жылдың 17-24 қараша аралығында және 2009 жылдың 6-13 сәуір аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес №8, №17 орта мектепті аттестаттаудан өткізетін мемлекеттік комиссия мүшесі болып тағайындалды.

2007-2008, 2008-2009, 2009-2010 оқу жылдарында қазақстан тарихы пәнінен қалалық пәндік олимпиадасының қазылар алқасының құрамында және осы жылдары облыстық ғылыми-жобалар сайысының қазылар алқасының құрамында болды.

Маңғыстау облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының 2 желтоқсан 2009 жылдың №01-24/875 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің іс-шаралар жоспарын талқылап, ұсыныстар енгізетін шығармашылық топтың мүшесі болды.

2008-2009 оқу жылдары тарих және құқық негіздері бойынша аудандық, қалалық олимпиадаға дайындық және жеңімпаздарды облыстық олимпиадаға дайындау мақсатында сабақтар жүргізді. Осы жылдары 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындауға арналған оқу бағдарламасын құрастырды. 2009-2010 оқу жылында Ежелгі Қазақстан тарихынан 6-сыныпқа арналған жұмыс дәптерін құрастырды.


Оқушылары тарихтан пәні бойынша облыстық пәндік олимпиададан 2005-2006 оқу жылында Д.Ерғалиева – ІІ орын, Б.Каримбаев – ІІІ орынды иеленді және Б.Каримбаев республикалық пәндік олимпиадасының IV орын жеңімпазы. Ж.Қартбаева осы жылығы облыстық КҒА-ның ІІ орын және аймақтық КҒА-ның І орын жеңімпазы.

2006-2007 оқу жылында облыстық пәндік олимпиададан Б.Каримбаев І орын, республикалық пәндік олимпиадаға қатысты (сертификат берілді). Қ.Сақтағанов облыстық ғылыми жобалар сайысынан ІІ орын иеленді және аймақтық КҒА-ның ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

2007-2008 оқу жылында Қ.Сақтағанов облыстық және республикалық КҒА-нан І орындарға ие болды.

2008-2009 оқу жылында облыстық жас өлкетанушылардың «Атамекен» слетінде «Тарих тереңінде» бағыты бойынша Қ.Сақтағанов І орын алды.

Биылғы 2009-2010 оқу жылында 10-сынып оқушысы А.Ағатаева оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» бағытының «Өлкетану» секциясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 11-сынып оқушысы Н.Байниязов қалалық пәндік олимпиадасынан ІІ орын алды.

2008-2009 оқу жылында оқушысы Сақтағанов Қанат облыс аралық «Жүзден жүйрік» телеолимпиадасының жылдық ойын жеңімпазы.

ҰБТ қорытындысы бойынша мынадай көрсеткіштерге жетті:

2006-2007 оқу жылында: қазақстан тарихынан 96% , дүние жүзі тарихынан 100%

2007-2008 оқу жылында: қазақстан тарихынан 97,3% , дүние жүзі тарихынан 100%

2008-2009 оқу жылында: қазақстан тарихынан 100% , дүние жүзі тарихынан 100%

Биылғы 2009-2010 оқу жылында 9-сыныптарда дүние жүзі тарихы бойынша өткен МАБ қорытындысынан өзі оқытатын барлығы 65 оқушының 58-і «5»-тік баға, ал қалған 7-і «4»-тік баға ала отырып, 100% сапа берді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі



МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Ежелгі Қазақстан тарихы
6 сыныпқа арналған жұмыс дәптері

Ақтау қаласы, 2010 жыл
Алғы сөз
6-сынып оқушыларына ұсынылып отырған бұл дәптер ұстаздың ұзақ жылғы педагогикалық іс-тәжірибесінің жемісі. Балаларға өз бетінше жұмыс жасата отырып, сабақта, сабақтан тыс мезгілде өз Отанының тарихын білуге, құрметтеуге үйретеді.

Кез-келген елде және әр уақытта адамдардың қоғамдық-саяси санасының, жеке тұлғасының қалыптасуы өткір де өзекті мәселеге айналуда.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім беру ісі баланың жас ерекшеліктеріне сай, төл тарихының даму кезеңдерін білуі, қоғамдық ортаның әлеуметтік-экономикалық дамуына икемделіп отыруына бағытталған. Қоғамдық пәндер оқушының жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуге көмектеседі.

Ежелгі Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлінеді. Уақыт бойынша ең ұзақ тас дәуірі, оны қола дәуірі алмастырды. Қола еңбек құралдарының темір құралдармен ауыстырылуы, темір дәуірінің бастамасы болды.

Тас дәуірінде өмір сүрген адамдар еңбекке бейімделіп, терімшілікпен және аңшылықпен айналысты. Тұрмысқа қажетті еңбек құралдарын жасады. Қола дәуірінде еңбек құралдарын дамыта отырып, малшылық, егіншілікпен қатар әртүрлі рудаларды өндіруді, қалайыны, алтынды пайдалануды үйренді. Тұрмысқа қажетті киім, ыдыс-аяқ жасау кеңінен дамыды.

Ерте темір дәуірі б.з.б. 8-ғасырдан бастап, б.з.б. 3-ғасырға дейін 500 жылға созылды. Ал кейінгі темір дәуірі б.з.б. 3-ғасырдың басынан б.з.б. 6-ғасырын қамтиды.

Оқушылар ертедегі көшпелілер – сақ, ғұн, үйсін, қаулы, сарматтардың өмір салтымен танысады. Тарихы болмаған халықтар жер бетінде жоқ. Қазақстан тарихы - әлемдік тарихтың бір бөлігі. Әрбір адам өз халқының тарихына зор құрметпен қарауы тиіс. Ежелгі Қазақстан тарихы және оған қосымша жұмыс дәптері ежелгі Қазақстанның мыңдаған жылдық күрделі тарихын оқып білуге үйретеді.


Жұмыс дәптеріндегі бос орындарға ұғымдар, жаңа сөздер, терминдер, оқиғалардың болған мезгілі жазылады. Бұл тақырыпты меңгерту үшін жасалған. Схема, кесте, суреттер тапсырманы орындау кезінде ақпарат ретінде пайдалану үшін қажет.

ТАС ДӘУІРІ
I. Алғашқы адамдардың пайда болуы

II. Палеолит. Мезолит


  1. Неолит. Энеолит




  • Алғашқы адамдардың пайда болуы


1. Адамзат тарихы дамуының алғашқы кезеңі: ________________________________

  • Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады.

2. Адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарған: ____________________________

________________________________________________________________________

3. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы: _______

________________________________________________________________________

4. Ғалымдардың алғашқы адамға берген атаулары: _______________________________

5. «Епті адамның» (Ноmо habilis) табылған жері: ________________________________

6. «Епті адамның» өмір сүрген уақыты: _________________________________________

7. «Тік жүретін адам» (Ноmо еrесtus) деп аталғандар: _____________________________

8. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды: _________________________________

9. Питекантроп өмір сүрді __________________________________________________

10. Синантроп табылған жер: _________________________________________________

11. Синантроп («қытай адамы») өмір сүрді: ______________________________________

12. Жер бетінде 100 - 35 мың жыл бұрын өмір сүрген: _____________________________

13. Неандертальдық адам табылған жер: _____________________________________


14. 1938 жылы Өзбекстандағы неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір:______


  • Неандертальдық баланың бет әлпетін қалпына келтірген антрополог-ғалым:

____________________________________________________________________

15. Неандертальдықтардан кейін, 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан: ______________

16. «Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылған үңгір: ___________________________

17. «Саналы адамның» табылған жеріне байланысты ғалымдардың берген атауы: ____

________________________________________________________________________

  • Тас дәуірінің кезеңдері


18. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі:

I. Палеолит - _______________________________________________________

II. Мезолит - _______________________________________________________

III. Неолит - ________________________________________________________

19. Тас дәуірі (палеолит): ________________________________________________

  • Ерте тас ғасыры (ерте палеолит): _________________________________

  • Орта палеолит (мустье): _________________________________________

  • Кейінгі палеолит: _______________________________________________

20. Мезолит — орта тас ғасырының хронологиясы: ___________________________

21. Неолит - жаңа тас ғасырының хронологиясы: _____________________________
Палеолит

  • Ерте палеолит


22. Алғашқы еңбек құралдары негізінен жасалды: ________________________________

23. Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары:_______________________________

24. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу: ________________________________________________


25. Домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сияқты жасалған құрал:__________________________________________________


26. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал: __________

27. Ертедегі адамның ең алғашқы кәсібі: ______________________

28. Алғашқы адамдар аулаған аңдар:_______________________________

29. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы:_______________________

30. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесi:_________

31. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың замандасы:__________


Мамонт
_________________________________________________________

  • Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдар 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген.

32. Қазақстанда ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: _____________________

33. Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар: _____________

_____________________________________________________________________

34. Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан (5000) аса еңбек кұралдарының барлығы: ____________________________________________________________

  • Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір: _______________

______________________________________________________________________

35. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері (Бұлардан табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен замандас): __________

_________________________________________________________________________

36. Орталык Қазақстан жерінен түзу, кейде қайқы тас пышақ сияқты қырғыштар табылған тұрақ: ________________________________________________________



  • Орта және кейінгі палеолит


37. Жер беті күрт суып, мұздық пайда болды: ____________________________________

38. Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар:_______

_______________________________________________________________________

39. Ғалымдардың айтуынша жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы:_______

40. Ауа-райының күрт сууына байланысты орта палеолитте: ____________________

41. Ежелгі адамдар ең әуелі (мұз дәуіріне дейін) отты алды: _____________________

_____________________________________________________________________

42. Ежелгі адам жіп орнына пайдаланды: ________________________________________

43. Тас дэәуірі адамдарының ине мен біз жасаған заты: ____________________________

44. Рулық қауым қалыптасты: ______________________________________________

  • Рулық қауым - туысқандардың ұжымы.

45. Тас дәуірінде ру ішіндегі мәселелерді шешкен: ______________________________

  • Кейінгі палеолит адамдары рухани жағынан жетіле түсті. Діни наным сенімдер қалыптаса бастады. Олар өлген адамдарын жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген. Сонан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

46. Адамның шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыратын наным-сенім: _____________________________________________

47. Табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін түрлі тылсым әрекеттер жасау: ____________________________________________________________________

48. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы: _______________________________________________

49. Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған: ______________________

50. Адамның рухани мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат беретін: ________________


51. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде

ең көп кездесетін бейнелер: ____________________________

52. Тасқа түсірілген сурет-хат: ____________________________

53. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын 300-ге

жуық тас құрал табылған тұрақ: ________________________

54. Шығыс Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын тұрақ:

_______________________________________________________ Пиктография


  • Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі палеолиттік тұрақтар табылды.


Мезолит

_________________________
55. Ғалымдардың есептеуі бойынша мұздық ери бастады: _________________________

56. Мезолиттің басында ___________________________________________________

_____________________________________________________________________

57. Мезолитте _____________________________________________________________

_______________________________________________________________________



58. Мезолиттің басты жаңалығы: _________________________

59. Мезолит адамының негізгі кәсібі: ______________________

60. Қазақстандағы мезолиттік тұрақтар саны: _________________

61. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр мезолит баспанасы табылды: ________________________ Садақ пен жебе

▪ Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Себебі: үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді.

62. Мезолитте ____________________________________________________________

63. Алғашқы қауымды егіншілікке алып келген: _______________________________


64. Егіншілік пайда болды: _______________________________

65. Алғашқы егіншіліктің егін оратын тас құралы:_____________

66. Ертедегі егіншілердің жер жыртатын құралы: _______________

67. Мезолит заманының үлкен жаңалығы, ұзындығы 1-2 см ұсак жаңқа тастардан жасалаған құралдар: ____________________ Егін ору

68. Мезолит дәуірінде әйелдер мен ерлер арасында ____________________________


    • Ерлер, негізінен, аң аулады, әйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты.

69. Орта тас дәуіріндегі балалар тобынан ересектер тобына өту үшін жүзеге асырылған:

_________________________________________________________________________

следующая страница >>