reforef.ru 1



Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда

Министрінің

2011 жылғы ________ № ___

бұйрығымен

бекітілді


Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді), тәуелсіз сарапшыларды тарту

тәртібі


  1. Жалпы ережелер


1. Осы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді), тәуелсіз сарапшыларды тартудың нақты тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (бұдан әрі- Жарлық) сәйкес әзірленген.

2. Осы Тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1. мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі;

      2. үкіметтік емес ұйым (қоғамдық бірлестік) – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде азаматтар және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіби одақтарын, діни бірлестіктерді қоспағанда) (бұдан әрі - ҮЕҰ);

      3. тәуелсіз сарапшы – мемлекеттік функцияларды атқармайтын, тиісті салада/аяда/өңiрде біліктілік және жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматы;

4) ҮЕҰ-ның, тәуелсіз сарапшының қорытындылары – ҮЕҰ-ның, тәуелсіз сарапшылардың мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша талдауы, негізделген қорытындылары және ұсыныстары;

5) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде тартылатын ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган құратын және бекітетін ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылардың тізімі.


3. ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі туралы қоғамдық және сарапшылық пікірлерді зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін көтеру бойынша тәуелсіз ұсыныстар алу мақсатында мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің жалпы бағасын қалыптастыру кезінде тартылады.


  1. Тарту нысаны


4. ҮЕҰ, тәуелсіз сарапшылар өз біліктілігіне және қызметтік бағытына байланысты Жарлыққа сәйкес тиімділік және сапа белгілеу бөлігінде бағалануға жататын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі туралы сараптамалық қорытындылар қалыптастыруға тартылады:

1) ережеде көрсетілген міндетер мен функцияларды іске асыру;

2) стратегиялық жоспарды құру және іске асыру;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) әзірленген нормативтік құқықтық актілер;

5) халықпен және бизнеспен өзара қарым-қатынас;

6) мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету (сонымен қатар, Интернет жүйесінде).


  1. Қатысу қағидаттары


5. ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылардың мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. тәуелсіздік қағидаты – қорытындыны талдаған кезде олармен шарттық қарым-қатынастар жасамаған және ҮЕҰ мен тәуелсіз сарапшылар олардың мүдделерін білдірмеген аффилирленбеген бағаланатын мемлекеттік органдар қалыптастырады;

  2. әдiлдiк қағидаты – мүдделер қақтығысы мен субъективизмді болдырмайтын жан-жақты және толық талдау мен бағалау жүргізу;

  3. дәйектiлiк қағидаты – бағалауды дәйекті ақпарат негізінде жүргізу және бағалаудың нәтижелерiн тиiстi құжаттармен растау.




  1. Тарту шарттары және тетігі

6. ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган коммерциялық емес негізде тартады.


7. Мемлекетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау жүргізу кестесіне сәйкес өзінің ресми сайтында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау үшін жауапты орындаушылардың байланыс деректері мен электронды мекенжайын қоса көрсетіп, ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылардың мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі туралы сараптама қорытындыларын қабылдау туралы хабарламаны орналастырады.

8. Мүдделі ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар хабарлама жарияланған күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (сонымен бірге электронды форматта) келесі құжаттарды жолдайды:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген жарғының көшірмесін;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) тәуелсіз сарапшы немесе ҮЕҰ-ның бірінші бастығының жеке күәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;

4) лицензиялар және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, ұсыныстар мен тиісті салада/аяда/өңiрде біліктілік және жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын басқа да құжаттар көшірмелері;

5) осы Тәртіптің талаптарын сақтау туралы міндеттемелерді қабылдаумен олардың ұсынылатын қорытындылары бойынша мемлекеттік органдардың атаулары мен қызмет салалары көрсетіле отырып тәуелсіз сарапшы немесе ҮЕҰ-ның бірінші бастығы немесе ҮЕҰ-ның бірінші бастығының уәкілетті өкілі қол қойған, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған (тәуелсіз сарапшыға мөрінің бары қажет емес) өтініші.

9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанан күннен кейін екі апта ішінде осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынып, өздерінің тиісті салада/аяда/өңiрде біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін растайтын ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылардың Тізбесін қалыптастырады.

Қалыптастырылған Тізбе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады. Тізбеге енгізілген ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшыларға тиісті хабарлама жолданады.


10. Тізбеге енгізілген ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар бағалауды жүргізу барысында қол жетімді көздерден алынатын дәйектi ақпаратты пайдаланады, оның ішінде:

- мемлекеттік орган туралы ереже;

- мемлекеттік органның стратегиялық жоспары;

- мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп;

- статистикалық деректер;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, Интернет-ресурстарда орналастырылған өзге де ресми ақапарат;

- әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері.

11. ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар хабарламаны алған күннен кейін екі ай мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар/тәуелсіз сарапшының қорытындысы форматымен бекітілген сараптамалық қорытындыларын сондай-ақ қорындыларда көрсетілген фактілерді растайтын әлеуметтік зерттеулер қорытындылары мен құжаттарды (болған жағдайда) ұсынады.

12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылардың талдау, негізделген нәтижелер және ұсыныстары бар қорытындыларды мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындысын қалыптастыру кезінде қосымша ақпарат ретінде пайдаланылады.

13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қажетті болған жағдайда ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшыларды бағалау қорытындыларын талқылауға шақырады.


  1. Консультативтік және әдіснамалық қолдау


14. ҮЕҰ, тәуелсіз сарапшыларды мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау процесіне белсенді қатысу, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру мақсатында, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда тренингтер, дөнгелек үстелдер, семинарлар, конферециялар ұйымдастырады.


  1. Жауапкершілік

15. ҮЕҰ, тәуелсіз сарапшылар көрiнеу жалған ақпаратты берген және осы Тәртіптің талаптарын бұзған үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.