reforef.ru 1
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

МЕДИЦИНА, БИОЛОГИЯ


Ш.М.СЕЙДИНОВ

медицина ғылымының докторы, профессор

А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Б.Қ.ЖҮНІСОВ

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Ж.М.АШИРБАЕВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің

дәрігер-резиденті
ІШТІҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ЖАРАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМ ЖАЗЫЛУЫНА СЕРОТОНИН ӘСЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

В этой статье пишется, что серотонин при использовании в профилактике нагноений послеоперационных ран способствует на комплексное заживление ран в раннем стадии, усиливает микроциркуляцию, ускоряет течение респаративных процессов ран, уменьшает развитие гнойных осложнений, обладает хорошим косметическим эффектом, приводит к эластическому заживлению рубцов.
This article touches on the serotonin prevents festers of post-operating aseptic wounds, improves microcirculation, collaborate in combined closing up in early period, intensifies reparative processes, reduces purulent after-effects, has good cosmetic effect.

Қазіргі таңда науқастардың іш қуысының алдыңғы қабырғасының операциядан кейінгі жараларының жазылуын тездету хирургияның өзекті мәселесінің бірі болып келеді, өйткені іріңді инфекция операциядан кейінгі үдейтін ең көп таралған және қауіпті асқынулар қатарына жатады. Операциядан кейінгі жараның іріңдеу, қабыну асқынуларының көрсеткіші 2,8-23,5% арасында болып отырады. Операция жасалғаннан кейінгі кезеңдегі жара процесінің бұзылуымен күресуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Іріңді қабыну асқынуларын емдеу, жараның жазылуын тездететін ынталандырушы коллагенездерді, антиоксидантты қасиеттерін қорғай отырып микроциркуляцияға ықпал етуші және антибактериалды әсер етуді қатар алып жүру осы кезге дейінгі өзекті мәселе болып келеді [1]. Казіргі таңда жараның жазылуын жылдамдату мен олардың іріңдеуін алдын алу мақсатында серотонин сияқты биологиялық белсенді заттарды қолданылу ұсынылып отыр. Серотонин – биогенді амин ретінде, ағзалардың бірқатар маңызды физиологиялық қызметтерін: жүйке серпінін беру, асқазан-ішек жолдарынан, гемостаз және қан тамырларының жұмысын реттеуді жүзеге асыруға қатысады, зақымданған тіндердегі қышқылдану стресін төмендетуші және қабынуды азайтушы, оның ішінде микроциркуляцияның бұзылуын реттеуші, қант диабеті кезінде аяқтарының іріңді нейротрофикалық ойық жараларының жазылуын жылдамдатады [2].


Жұмыстың мақсаты: Абдоминальды хирургиядағы іш қуысының алдыңғы қабырғасының операциядан кейінгі жарасының жазылуын тездету және тыртықтану процесін ертерек қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Іш қуысының алдыңғы қабырғасының операциядан кейінгі жараларының жазылуына серотонин әсерінің тиімділігі.

2. Іш қуысының алдыңғы қабырғасындағы іріңді инфекциямен асқынған операциядан кейінгі жараның тиімді тәсілдерін клиникалық тәжірибеге ендіру.

Серотонин – адамдағы ең маңызды медиаторлардың бірі, ал олардың рецепторлары бұлшықет миоциттерінің үстіңгі бетіне және сондай-ақ орталық нерв жүйесінде орналасады. Серотонин ағзада 95%-ға дейінгі асқазан ішек жолдарының энтерохромаффинді жасушаларында пайда болады [3]. Қандағы серотониннің концентрациясының нормасы 20-дан 300 мкг/л-ге дейін кең көлемде болады. Белгілі бір жағдайда серотонин тамырды кеңейтуші әрекет етеді. in vitro және in vivo зерттеулерінде үш маңызды серотониннің әрекет етуімен вазодилятацияның негізін қалаушы үш маңызды механизм анықталды: а) бір тегіс бұлшықеттерге тікелей релаксиялаушы әсер етеді, ә)тамырды инервациялануы норадреналиннің нерв жүйелерінен босап шығуының пресинаптикалық ингибирленуі, б)сондай-ақ қазіргі кезде азот оксидімен (N0) теңестірілетін релаксация факторымен эндотелиалды жасушалармен бөліп шығаруы. Аталған механизмдердің барлығы 5-НТ1 –рецепторлардың қатысуымен жүзеге асырылады, ал рецепторлардың типтері осы механизмдердің даралануын қамтамасыз етеді. Сондықтан да 5НТ2-серотонин антогонистерді пайдаланудың жағымды нәтижелері тромбоциттердің агрегациясының тежелуімен және бұлшықет спазмын жоюмен ғана емес, сонымен бірге дилятациялық әсерге ие. Авторлар қант диабетімен ауыратын науқастарға серотонин адипинатты экзогенді енгізу олардағы микроциркуляны жақсартады және жараның ерте жазылуына ықпал етеді деген пікір айтқан [4].

Серотонин операциядан кейінгі жараның жылдам жазылуын тездетті, жазыла бастаған ұлпаның артық өсуінің және іріңдеудің алдын алды [5].

Кесте-1. Операциядан кейінгі жаралардың жазылуына серотонин әсерінің тиімділігі.


Науқастар тобы

Тәулік

Операциядан кейін



1-ші

3-ші

5-ші

7-ші

10-ші

Іріңдеудің антибиотиктермен алдын алу

1,22±0,45

1,59±1,37

0,51±0,14

1,33±1,31

5,4±4,4

Серотонин

1,8±0,5

1,95±1,3

2,2±1,8

3,2±1,5

3,8±2,2

Электронды-микроскопиялық және авторадиа­графиялық зерттеу мәліметтері бойынша, серотонин адипинат бастың миындағы тамырлардағы эндотелиоциттердегі жасуша іші метаболизмін қарқынды етеді және операциядан кейінгі ерте кезеңде жасушаларға қорғау ықпалын көрсетеді. Бұл кезең аяқтардың іріңді диабеттік нейротрофикалық жараларының жазылуын жақсартады және осы ауру кезіндегі перифериялық жүйкелердің өткізгіштігіне жағымды ықпал етеді [6]. Экзогенді ендірілген серотонин бұлшықеттің қандай болмасын лигандамен деградациялануына қарамастан тегіс бұлшықеттердің бұзылған қызметін қалпына келтіреді. Тегіс бұлшықеттер микроциркуляторлық арнаның бұзылған қызметін қалпына келтіру эндогенді вазомоторика мен микроциркуляцияның қалыптануына, ұлпалық гипоксияны азайту мен ұлпалық алмасуды жақсарту, ал ең соңында жараның жазылу процестерінің жақсаруына алып келеді. Осы жоғарыда айтқандардан келіп, бірқатар зерттеушілер серотонин адипинатты түрлі хирургиялық ауруы бар науқастардағы операциядан кейінгі кезеңдегі жараның жазылуы мен микроциркуляцияны жақсарту үшін пайдаланды [7]. Серотонинді регенерацияның модуляторы ретінде қарастыруға болады, өйткені ол ұлпалық құрылымды-тамырлық тонусты қалпына келтіру кезінде маңызы бар процестерге әсер етеді – фибробластарды және тегіс жасушалардың пролиферациясын, сондай-ақ бірқатар басқа да анаболикалық әсерді тудырады.


Операциядан кейінгі жара процесінде серотониннің әсер ету механизмі қан тамырлар тонусын реттеуіне, тегіс бұлшықеттердің, нейрорегуляторлық реакциялар қызметтерінің қалыптасуына, эндогенді озон оксидінің синтезделу әсеріне және күшті антиоксидантты белсенділікке байланысты болды. Серотонин іріңді асқынулардың алдын алып, профилактикалық әсер етеді, тыртық ұлпасының төзімділігі мен деформациялану қабілетін жоғарылатып, жетілген тыртық пайда етеді, сонымен қатар, альтерация және қабыну белгілерін азайтады, макрофагтардың реакциясын және «фибробласттардың пролиферациялануы», «эпителийдің дифференциялануы», «коллагеннің фиброгенезі» және «тыртық ұлпасының жетілуі» сияқты ерте және кеш репаративті процестерді күшейтеді .

1-сурет. Қолданған емге қарай сызықтық жараның тыртықтың деформациялық қабілетінің салыстырмалы гистограмма көрсеткіші.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Брискин Б.С., Хачатрян Н.Н. Антибактериальная профилактика и лечение послеоперационных осложнений Материалы итоговой научной конференции за 2001 год. -Москва. -с. 16-17.

  2. Измайлов С.Т. Профилактика послеоперационных гнойновоспалительных осложнений в абдоминальной хирургии. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора медицинских наук. Казань. 1994. -СМ.

  3. Гостищев В.К. Оперативная гнойная хирургия. Руководство для врачей. Медицина. 1996. С.416.

  4. Овчарова Т.В. Стимуляция заживления и профилактики гнойных осложнений послеоперационных ран брюшной стенки (экспериментально-клиническое исследование). Диссертация на соискание ученой степени кандидата медицинских наук. -Москва. 2004. С.23.

  5. Огоневский В.К., Подильчак М.В., Мадькиев А.С. О профилактике гнойно-воспалительных осложнений в абдоминальной хирургии. //Вестник хирургии им. Грекова, 1999, №5-6, с 78-82.
  6. Симоненков А.П., Фёдоров В.Д. Профилактика и лечение серотониновой недостаточности у хирургических больных. // Хирургия. -№3.-2005.-с.1-14.

  7. Толстых М.П., Будневский С.В., Гаджиев А.И., Ширинский В.Г. и др. Теоретическое обоснование применения серотонина в клинической практике //Альманах клинической медицины. / Актуальные вопросы экстренной хирургии -Москва. -2006. Медпресс- информ. Том XI. -с. 133-138.