reforef.ru 1


Астана қаласы

№ 53 мектеп – лицей

Ашық сабақ: Математика 1 сынып

Тақырыбы:



Өткізген: Жетписова

Астана қаласы №53мектеп лицей Жетпісова Айгүл Амантайқызы

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі санға, 3 – ті қосу және саннан 3 – ті азайту тәсілдерімен танысу. Халықтық педагогикамен ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін жаңа ақпараттармен дамыту. Ұлттық салт- дәстүр, әдеп- ғұрып рухында тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ойын түрлеріне арналған тақырыпта материалдар; трактор бөліктері, «Баспалдақ» «Сыйлық беру» сандар қатары. Геометриялық фигуралар, үнтаспа, компьютер.

Сабақтың түрі: Ойын элементтері араласқан сабақ.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастару кезеңі.

2.Өткенді пысықтау.

2 санның қосу және азайту туралы алған білімдерін «Баспалдақ» ойыны арқылы пысықтау.

Ойынға 2 оқушы қатысады. Быйылғы мешін жылы туралы айта келе маймылға баспалдақ үстінде тұрған бананға жету үшін көмектесу керек. Жеңіске жеткен оқушы мадақталады.

Жаңа сабақ.

Алма мен доп суетін пайдалана отырып 10 көлеміндегі санға 3 – ті қосу, саннан 3 – ті азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып демонстрациялап көрсету. Оқушылар алдарындағы геометриялық фигураларды пайдаланып тапсырманы орындап алады.

Келесі кезекте осы геометриялық фигураларды пайдалана отырып оқулықтағы 64 – бетте берілген 5 тапсырманы орынгдау арқылы трактор құрастырып шығару.

Дәптермен жұмыс.

1
. Домино тастарындағы нүктелерді санай отырып өрнектер жазу.

3+3=6

6-3=3

4+3=7

7-3=4 1- бөлігі

Қосу, азайту амалдарының аттарын айтқызу кері амалға тоқталу.

2. Сандар қатарын пайдалана отырып 3 санын қосу, азайту тәсіліне ауызша түсінік беру.

2-бөлігі

3. 3,6,9,7,4,1.

Ауызша 3 санын аттап қосу және азайту.

3-бөлігі

№4. 5 см кесінді сызу.

7 см және 3 см кесінді сызу.

4 бөлігі

5. 2 – ні қосу және азайту кестесін құрастыру.

5-бөлігі

Тапсырманың барлығы орындалған кезде трактор суреті шығады.



Сабақты қорыту.

Біз бүгін 3 санының қосу және азайту тәсілімен таныстық. Қазақта 3, 7, 9 сандары қасиетті сандар болып есептелінеді. 3 санының қасиеті туралы білетінімізді айтып көрейік.

3- би: Төле би, Әйтек би, Қазбек би.

3 арыс: Сәкен, Бейімбет, Ілияс.

3 дана: Абай, Шоқан,Ыбырай.

3 қадірлі. Ырыс, бақ, дәулет.

3 кемдік. Надандық, еріншектік, зұлымдық.

3 көз. Су анасы – бұлақ.

Жол анасы – тұяқ

Дау анасы – құлақ.

3- тәтті. Ананың сүті, баланың тілі, туған жер.

3 тоқтам. Ақыл – арқан

Ой – өріс

Адам – қазық

3 сауап. Шөлге құдық қазған

Өзенге көпір салған

Жолға ағаш еккен.

Сабаққа белсенді түрде қатысып отырған оқушыларды мадақтау және бағалау.