reforef.ru 1
екі рәкәғәт намаз








“Ниет етту, ниетті Аллах ризалығы үшін кай намаз окитын болса сол намазға ниет етеді.

Бұл ниет - журекпен болатын ғибадат, ниет етілгеннен кейін ерлер екі қолын көкірек тұсына дейін немесе құлақтарының тұсына дейін көтеріп “Аллаһү әкбар” дейді. Әйелдер қолдарын иықтың тұсына көтереді.

Бұл тәкбірден кейін, оң қолды сол қолдың үстіне келтіріп, кіндіктің астына, оң қолдың шынашағы басбармағы мен сол қолдың білегі қапсырыла ұсталған тәрізді ортадағы үш саусақ түзу қойыла байланады. (Әйелдер көкіректің үстіне қол байлайды). Екі аяқтың арасы төрт елідей қашық, екі көз сәжде орнына қаралған бойда тіп-тік тұрылады.







Сосын “Сұбханәкә” дұғасы оқылады.

Сүбханәкә Аллаһүммә уә бихамдикә уә тәбәрәкәсмүкә уә тәъалә жәддүкә уә лә иләһә ғайрұк.

    “Әй Алла! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын. Мақтауға лайықсың, Сенің атың мүбарак, дәрежең өте жоғары, Сенен өзге тәңір жоқ.”

  Аъузу-билләһи минәшшайтани-р-ражим бисмилләһи-р-рахмани-р-рахим

   “Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын, аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.”

Осыдан кейін “Фатиха” сүресі оқылады.

 Әлхамду лилләһи-р-раббилъаламин Аррахмәнир-рахим мәлики йәумәддин. Иййәкә наъбүду уә иййәкә нәстәъин. Иһдинәссыраталь мүстәқим. Сыраталь ләзинә әнъамтә ъаләйһим. Ғайриль мәъдуби ъаләйһим уә ләддаллин.

    Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейірімді. Қиямет күнінің иесі. (Әй Алла!) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (Әмин).

Бұдан кейін қосымша сүре оқылады. Мысалға “Ықылас” сүресі

Құль һуә Аллаһу ахад.

Аллаһус-самад.

Ләм йәлид уә ләм иүләд.

Уә ләм йәкүлләһу күфуән ахад.

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Алла біреу-ақ.

Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж).

Ол тумады да, туылмады.

Әрі оған ешкім тең емес.








Одан кейін “Аллаһү әкбәр” делініп рұкұғқа барылады. Рұкұғта екі алақанмен тізенің үсті басыла, саусақтарының арасы ашық (тізе шеңбектеліп ұсталған тәрізді), құйрық пен бас бір деңгейде, арқа түп-түзу, шынтақ қабырғадан аулақ, қолтықтар ашық етіліп, үш рет “сүбханә раббиәл ъазим” делінгеннен кейін, “Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ” деліне рұкұғтан бас көтеріп,“рәббәнә ләкәл хамдү” (имам “Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ”, ұйып оқушы “рәббәнә ләкәл хамдү” дейді. Бірақ жалғыз оқушы екеуін де айтады).


      Сосын тәкбір айтыла әуелі екі тізе, кейін екі алақан, одан кейін мұрын, маңдай жерге қойыла сәждеге барылады. Сәждеде екі қолдың саусақтарының ұшы қыбылаға қаратыла, екі алақан жерге төселіп, арасына әуелі мұрын, кейін маңдай қойылады. Тізе мен шынтақтың арасы қашық, қарын қуыс (жерден көтеріңкі) және екі білек те жерден көтеріңкі, екі аяқтың саусақтарының бастары қыбылаға қаратыла жерге тіреледі. (Әйелдер сәждені жерге бүктеле жабысып орындайды). Сәждеде үш рет “Сүбханә раббійәл аълә”, - делінгеннен кейін тәкбір айтыла бас көтеріліп, сәл отырылып барып, қайта тәкбір айтыла екінші сәждеге барылып, үш рет“Сүбханә раббійәл аълә”, - делінгеннен кейін тәкбірмен сәждеден екінші рікәғатқа, әуелі маңдай, одан кейін мұрын, одан кейін қол, тізе жерден көтеріле, тәртіп бойынша тұрылып,







 кәдімгідей қол байланып, “бисмилләмен” басталып, фатиха оқылып, сүре оқылғаннан кейін бейне алғашқыдай рүкұғ, сәжде орындалып, барып отырылады.












Отырыста: сол аяқтың басы ішкері, өкшесі тысқары етілген түрде төселіп, оң аяқтың басы жерге тіреле тігіліп, екі алақан екі тізенің үстіне қойыла, саусақтардың бастары тіземен бірдей етіліп отырылады. (Рүкұғта аяқтың басына, сәждеде мұрынның ұшына, отырыста қолдың басына қаралады). (Әйелдер екі аяқтың басын оң жаққа жыға төсеп, сол жақ жамбастың үстіне отырады). Отырыста “Әттәхият” дұғасы мен “Салауат” және дұға оқылады.


Әттәхият дұғасы

Әттәхиййәтү лилләһи уассаләуәту уаттайибәтү әссәләму ъаләйкә әййүһәннәбиййү уә рахмәтұллаһи уә бәракәтүһу, әссәләму ъаләйнә уә ъалә ъибәдьлләһиссалихин. Әшһәдү әл-лә иләһә иллаллаһү уә әшһәдү әннә Мұхаммәдән ъабдүһу уә расулүһу.

Тіл ғибадаттар, дене және материалдық ғибадаттар Аллаға тән. Әй, Пайғамбар! Алланың сәлемі, игілігі, берекеті саған болсын, сәлем, бізге және Алланың ізгі құлдарына болсын. Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік беремін. Және шын мәнінде Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың құлы әрі елшісі”.

Салауат және дұға

Аллаһүммә салли ъалә Мұхаммадин уә ъалә әли Мұхаммадин кәмә салләйтә ъалә Ибраһимә уә ъалә әли Ибраһимә иннәкә хамидун мәжид.

Әй Алла Мұхаммед(Ғ.С.) ке, ұрпақтарына игілік ет, Ибраһим (Ғ.С.) ға, ұрпақтарына игілік еткенің сияқты. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың”.

Аллаһүммә бәрик ъалә Мұхаммадин уә ъалә әли Мұхаммадин кәмә бәрәктә ъалә Ибраһимә уә ъалә әли Ибраһимә иннәкә хамидун мәжид.

Әй Алла Мұхаммед(Ғ.С.) ке, ұрпақтарына береке бер, Ибраһим (Ғ.С.) ға, ұрпақтарына береке бергенің сияқты. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың”.

Раббәнә әтинә фиддуниә хасәнәтән уә фил әхирати хасәнәтән уә қыйнә ъазәбәннәр.

Раббым! Біздерге дүниеде де жақсылық бер, ахиретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр!”

 




Бұдан кейін екі иыққа (бірінші оң жаққа, содан кейін сол жаққа) қаралып сәлем беріледі.

Намазда екі жаққа берілетін сәлем

Әссәләму ъаләйкүм уә рахмәтұллаһ, әссәләму ъаләйкүм уә рахмәтұллаһ.

Сендерге Алланың мәрхаметі, сәлемі болсын, сендерге Алланың мәрхаметі, сәлемі болсын”.

Осымен таң намазының екі рәкәғат сүннеті аяқталады.

Содан кейін қол жайылып, сәлем дұғасы оқылады.

Сәлем дұғасы:

Аллаһүммә әнтәссәләм, уә минкәссәләм, тәбәрактә раббәнә йә зәлжәләли уәл-икрам.

Әй Алла! Сен есенсің, есендік Сенен. Раббымыз, Сен мүбарак еттің, Әй жоғары дәрежелі және құрмет иесі болған Алла”.