reforef.ru 1 2 ... 4 5


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС



I.5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СОӨЖ)


1 КРЕДИТ

1 тақырып.
АУРУ АЛДЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. АУРУ АЛДЫН ЖҮКТЕМЕЛІК СЫНАУЛАРМЕН АНЫҚТАУ. ГЕНЧЕ, ШТАНГЕ, МАРТИНЕ СЫНАУЛАРЫ.

Сабақтың мақсаты:


  • Ауру алды және оның критерийлері туралы түсінікті зерттеу

  • Ауру алдын жүктемелік сынаулармен анықтау дағдысын қалыптастыру

  • Топтармен жұмыс дағдыларын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Штанге, Мартине, Генче жүктемелік сынаулармен жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесін функцияларын зерттеу әдістерін меңгеру

  • ауру алды жағдайын анықтау бойынша тәжірибе нәтижелерін сраптап, бағалау


Жүргізу түрі: тәжірибелер орындау, нәтижелерін сараптау
Тақырып бойынша тапсырмалар:

1 тапсырма.

Ауру алдын анықтау үшін зерттелушінің жүрек-қантамыр жүйесінің физикалық жүктемеге серпілісін (Мартине сынауы)зерттеу

Әдісі: Тәжірибелік жұмысты орындау үшін студенттер бірнеше топқа бөлінеді. әрбір топта кемінде төрт адам болуы тиіс:

1 – зерттелуші (студент - сұранушы)

2 - артериялық қысымды өлшейтін студент

3 - зерттелушінің пульсін санаушы

4 – алынған мәліметтерді дәптерге тіркеуші студент

Зерттелушінің қан қысымын отырғызып өлшейді, екінші қолынан жүрек соғысының 10 секундтағы орташа санын есептейді. Бұл үшін 10 секундтағы жүрек соғу жиілігі 6 рет саналады, алынған нәтижелер қосылады және 6-ға бөлінеді, орташа мәнін алады.

Одан әрі зерттелуші манжетканы шешпей, 30 секунд ішінде 20 рет қатты отырып тұрады. Жүктемеден соң дереу АҚ және ЖСЖ 10 секундта есептеледі. Келесі АҚ мен тамыр соғысын санау әрбір минөт сайын бірнеше рет көрсеткіштердің бастапқы деңгейіне келгенінше жүргізіледі. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады:



Зерттелетін көрсеткіштер

Жүктемеге дейін

Жүктемеден соң дереу

Жүктемеден соң әрбір минөтте










1

2

3

4

5

1.Жүректің соғу жиілігі
2.АҚ:

систолалық

диастолалық

пульстік























Сынауды бағалау критериі:

- жүректің соғу жиілігінің сараптамасы:

1. Жүктемеден соң тамыр соғысының қалпына келу уақыты 3 – 4 минөт.

2. Жүктемеден соң тамыр соғысының жиілігі 50 – 70%-ға өседі, мына формула бойынша есептеледі:

(жүктемеден кейінгі тамыр соғысы – бастапқы тамыр соғысы) х 100

Бастапқы тамыр соғысы

- АҚ өзгерістерінің сараптамасы

1. Физикалық жүктемеден соң систолалық қысым 10 –20 мм с.б. артады, диастолалық қысым 10 – 20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20 –40 мм с.б. артады.

2. АҚ жүктемеден соң 4 – 5 минөттен соң қалпына келеді.

Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.


Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:

1. Гипертониялық әсерленіс.

Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді
немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады.

Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының

атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.

2. Дистониялық әсерленіс

Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.

3. Астениялық әсерленіс.

ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.

Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.


2 тапсырма.

Зерттелушінің тыныс алу жүйесінің дене жүктемесіне серпілісін және организмнің бейімделу тетіктерін зерттеу.

Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).

Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетін адам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).

Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.


Зерттелетін

көрсеткіштер

Жүктемеге дейін

Жүктемеден соң дереу

Штанге сынауы







Генче сынауы








Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.

Дені сау шынықпаған адамдарда:

Штанге сынауы -30- 40 сек.

Генче сынауы - 20-30 сек.

Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады.

Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
Таратылатын материал: тонометрлер, фонендоскоптар, секундомерлер
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 12-23

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 24-30.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.

Қосымша

    1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31

    2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 29.

    3. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6


БАҚЫЛАУ:

  • Сұрақтарға жауап беру:

    1. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алдының критерилері.

    2. Ауру алдын анықтау әдістері


    3. Тәжірибені орындау

    4. Хаттамаларды рәсімдеу

    5. Тәжірибе нәтижелері бойынша қорытынды жасау


2 тақырып: ФИЗИКАЛЫҚ ЖАЙТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ АУРУТУДЫРУШЫ ӘСЕРІ

Сабақтың мақсаты:

Организмге физикалық этиологиялық жайттардың әсерін мысалға ала отырып жалпы этиология мен патогенез туралы білімін негіздеу.

Оқыту міндеттері:

  • Организмге физикалық жайттардың патогенді әсерінің тетіктерін меңгеру

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастыруды үйрену


Жүргізу түрі: организмге электр ағымы мен иондаушы сәуленің ауру тудырушы әсерінің патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.
Тақырып бойынша тапсырма:

1 тапсырма. Организмге электр ағымының ауру тудырушы әсерінің патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.

2 тапсырма. Организмге иондаушы сәуленің ауру тудырушы әсерінің патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.
Таратылатын материал: материалдың электронды нұсқасы

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 22-31, 75-80

  2. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 6 -28

  3. Патологическая физиология. П/р Н.Н. Зайко. – Киев: Вища школа, 2004, С. 38- 56.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 52-57

Қосымша

5. Патологическая физиология. П/р А.Д. Адо, В.В.Новицкого.- Томск: издательство Томского университета, 1994. - С. 27 - 44.
БАҚЫЛАУ:

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар.


  1. Организмге жоғары барометрлік қысымның (гипербария) дерттуындататын әсері. Компрессия және сатурация туралы түсінік. Декомпрессия кезіндегі бұзылыстардың патогенезі. Гипербариялық оксигенация, организм үшін жағымды және жағымсыз жақтары.

  1. Организмге жоғары және төмен температураның дерттуындататын әсері.

  2. Организмге электр ағымының дерттуындататын әсері. Организмге электр ағымының жалпы және жергілікті әсерінің патогенезі.

  3. Организмге иондаушы сәуленің дерттуындататын әсері. Сәулесоққы ауруы, түрлері, сатылары, патогенезі. созылмалы сәулесоққы ауруы, сәуленің салдарлары


Тест тапсырмалары:

Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 32 -50
3 тақырып. ОРГАНИЗМ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН

ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ РӨЛІ

Сабақтың мақсаты:

Аурулар туындауы мен дамуында организм конституциясы мен тұқымқуалаушылығының рөлін меңгеру

Оқыту міндеттері:

  • организм конституциясы мен тұқымқуалаушылығының реактивтіліктегі рөлін зерттеу


Жүргізу түрі: «соқыр» кестені толтыру, ситуациялық есептер шығару
Тақырып бойынша тапсырмалар:

1 тапсырма. «Мылқау» кестені толтыру

№ 1. Конституциялық түрлердің жіктелуі.

Сиго бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

1….2….3….4….

Кречмер бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

1…2…3….;1…2….3….


И.П. Павлов бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

1…2…3…4….

М.В. Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

1…2…3…

Богомолец бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

1…2…..3……


№ 2. М.В. Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің сипаттамасы

Астеник

Нормостеник

Гиперстеник









№ 3. М.В. Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің функциялық ерекшеліктері (көрсеткіштерді  немесе белгілерін қойып сәйкестеңіз)




Астеник

Гиперстеник

1.АҚ шамасы

2.Гемоглобин мөлшері

3.ӨТС

4.АІЖ секрециясы мен қимылдық қызметі

5. Зат алмасу қарқындығы

6. Қандағы қант

7.Гипофиздің қызметі

8.Бүйрек үсті безінің қызметі

9.Қалқанша бездің қызметі

10.Жыныс бездерінің қызметі








№ 4.

Астениялық түрі бейім аурулар

Гиперстениялық түрі бейім аурулар


№ 5. Бидл-Татума бойынша тұқымқуалайтын аурулардың жіктелуі (мысал келтір)


Тек-нәруыз


Тек – фермент

Тек - гормон


следующая страница >>