reforef.ru 1
Гагарин ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті ауылдастар!
Былтырғы жыл біздің елімізде саяси оқиғаға бай жыл болды. Бұл-Қазақстан және Россияның шекарамен шектес аудандарының Өскемен қаласында өткен форумы, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы, содан кейін ЕҚЫҰ қатысушы елдерінің Астана қаласындағы саммиті. Жаңа жыл қарсаңында Өскемен қаласында өткен ең басты оқиға, біздің еліміздің барлық аумақтарының өкілдері бастамашыл топтарын құрып референдум өткізу арқылы, біздің президентіміз Н.А.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныспен шыққандығы. Осы үндеу, тек шығыс қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар біздің еліміздің барлық тұрғындарымен қолдау тапты. Бүгінде референдумды қолдауға қажетті 200 мың қолдың орнына, 5 млн аса қол жиналды. Бұл істе біздің де үлесіміз бар. Біздің бастамашыл топтардың мүшелері 300 аса қол жинады, бұл үшін оларға көп рахмет.

Соңғы 20 жылда өткен, осы маңызды қайта жаңару абыройы, бәріне танылған біздің президентіміз Н. А. Назарбаевпен байланысты. Әрбір қазақстандықтардың өмірі күн сайын жақсаруда. Саяси тұрақты жүйе құрылды, ұлтаралық келісім қамтамасыз етілді, қаржы-экономикалық дағдарыс жеңіп шықты.

Әсіресе бұны біздің көршілердің жанындағы өтіп жатқан жағдайлар төңірегінде жақсы түсінесің.

Мен ойлаймын және сенемін, егер референдум тағайындалса онда барлық гагариндықтар біздің президентімізді бірауыздан қолдайды.

Өткен жылдың қорытындысын шығара келе, округтің қазіргі жағдайына тоқтағым келеді.

Округ тұрғындары 958 адамды құрайды, алатын көлемі 38,5 мың гектар, 1 елді мекен: Гагарино.

Ұлттық құрамы: 531-қазақ, 393-орыс, 8-неміс, 15-шешен, 5-украин, 6-беларус, 958 адамнан: 220-зейнеткер жасы бойынша, 2 интернационалист жауынгер, 1 чернобыльдік, балалық және еңбек мүгедегі-34, ақталған- 5 адам, «Алтын алқа»- 6 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары Ерен еңбегі үшін марапатталған- 3 адам, тыл еңбеккерлеріне теңелген - 33 адам.

Округте орта мектеп, әкімшілік, дәрігерлік емхана, дәріханалық пункт, Қазақтелеком АТС, Қазпошта филиалы, күнделікті тауар сататын дүкендер жұмыс істейді. Округте учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік жұмысшы, лицензиат дәрігер жұмыс істейді. Сонымен қатар округте шаруа қожалықтары дамып, жұмыс істеуде, қазіргі күні 53- шаруа қожалығы және көршілес 7 шаруа қожалығының филиалы бар.


Олардың қызметінің негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдерді өндіру: сүт, ет, бидай, күнбағыс. Шаруа қожалығының тұрақты жұмысында, мынандай, кейбір құрылған және бар жағдайлар мүмкіндік туғызады. Қолдағы сүт қабылдау бойынша дайындау пункті, керекті мөлшерде жемі бар база, игіліктегі эпизоттық жағдай, округтің географиялық жағдайы.


2010 жылы шаруақожалықтары және тұрғындармен 1648,7 тонна сүт өндірілді, дайындау пунктімен ғана 1000 тонна сүт, 282,8 тонна- ет, 152,8 мың дана- жұмыртқа, 50ц –жүн сатып алынды.

Қазіргі күні біздің округтің мал бастарының құрамы төмендегідей:





2010ж

2011ж




ІҚМ

1409

1414

+5

Шошқа

105

106

+1

Жылқы

484

400

-84

Ешкі,қой

1768

1697

-71

құс

907







Былтырғы жыл өнімділік жоспарында бір қатарлы болған жоқ. Біржағынан жақсы шөпшығымы өзінің азық қажеттілігін толық мөлшерде қамтамасыз етті және артығын көрші округтерге сатты, екінші жағынан өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруақожалықтары астық өнімін төмен алды.


Орташа астық өнімділігі бидай бойынша гектарынан 7,1 центнер, және техникалық күнбағыс-дақылы бойынша гектарынан 7 центнерді құрады.

Б. М.Елеусизованың, Н. Ф.Аухадиеваның, В. К.Дементьевтің, А. Ш. Нуртазовтың, Б. К. Абдешовтың, А. Г. Дорнның, К. Рахматулинның, Т. Р. Макишевтің, А. Махмудовтың, Н. Сулейменовтың және тағы басқалардың шаруа қожалықтары жақсы жұмыс істеп және тұрақты дамуда. Олардың қызметтері жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, меншік талғамдарын қанағаттандырады, аудандық бюджеттің қазынасын толтырады. Облыста және ауданда өтетін жәрмеңкелерге В. К. Дементьев, М. Утебаев қатысады.

Б Елеусизова аптасайын өзінің сүт өнімдерін Молодежный кентінде өткізеді, онда 40-қа жуық адамды қымбат емес бағамен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа оның өнімдері Өскемен қаласында тұрақты сұранысқа ие болды.

Сонымен қатар жұмыс орны, аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша қоғамдық жұмыспен құрылады. 2010 жылы 11 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 4 адам жұмыспен қамту орталығынан курстарды бітірді.

2 отбасына, қамқорлыққа алып отырған баласы бар, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 12 отбасына балалар жәрдемақысы төленді. Біздің округ бойынша 43 отбасына баспаналық көмек көрсетілді. Барлығы бір жылда 491395 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді.

Статистикада мынандай көрсеткіш бар: 1 адамға ортаайлык пайда. Біздің округте ол 14 мың теңгені құрайды, аудандық көрсеткіштен жоғары көрінеді.

Біздің округтің көптеген тұрғындары Дубогалинское көліндегі демалу базасында жұмыс орындарын алды. Дегенмен бұл жұмыс әзірше мерзімдік қана, келешекте индустриялық туризмнің өсуіне байналысты бұл бағыттың келешегі зор. (түсініктеме сөзбен)

Гагарино орта мектебі біздің ауылымыздың тіршілік орталығы болып саналады. Қазіргі кезде онда 66 оқушы оқиды. Мектептің ұжымы толық, қажетті кәсіптік тұрақты кадрлармен жинақталған, тәжірибелі басшылар басшылық етеді, осыған байланысты аудандық және облыстық олимпиадаларда жыл сайын оқушылар БҰТ тапсырғанда жақсы нәтижелер көрсетеді.


Былтырғы жылы мектеп бойынша БҰТ орташа балы 75,4 құрады, бұл бұрынғы және өткен жылғыдан жоғары (71). Мектептің 10 түлегінен 2 оқушы (Дина Курмашева және Нияз Абжанов) грантқа түсті, қалған оқушылар барлығы дерлік жоғары оқу орындарына және колледжге түсті. 11 сынып оқушысы Карина Калипова былтырғы жылы аудандық олимпиадада орыс тілі және әдебиет бойынша жүлдегер атанды.

Мектепте азқамтылған отбасыларының балалары және бастауыш сынып оқушылары үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Температуралық режим мектепте санитарлық нормаға сәйкес. Былтырғы және биылғы жылдары қатты аяздарға қарамастан, сыныптарда температура төмендігінен сабақтар тоқтатылған жоқ.

Сонымен қатар мектептің өзінің проблемалары бар. 2008 жылы мектептің терезелерінің жартысы пластик терезелерге ауыстырылды, содан кейін жылу байқалды. Біз қазір мектептің басшыларымен бірігіп, мектептің қалған терезелерін пластик терезелерге ауыстыру жұмыстарын қарастырып жатырмыз.

Тағы бір проблема-бұл интернет.

Бізде облыста өткізілген «Туған жерге тағзым»- «Поклонись родной земле» ақциясы шеңберінде біздің мектептің түлектері К.Ивашин және В.Синкевич спортзалды жөндеуде демеушілік көмек көрсетті. Осындай жақсы істер бізде көп болса деп тілейміз.

2008 жылғы қазаннан бастап мектеп қасында мектеп жасына дейінгі балалар үшін 10 орындық шағын орталық жұмыс істеуде. Онда балалар үшін барлық жағдай жасалған. Суық және ыстық су, жылы санитарлық торап, канализация, электрожылумен қамтамасыз етілген. Балалар 3 рет тамақпен қамтылады, жұмысшылар штаты білікті мамандар.Температура режимі санитарлық нормаға сәйкес.

2008 жылдың соңынан бастап ауылдық клуб жұмыс істеуде. Клуб үшінде қазіргі жылыту құрал-конверторы орнатылған. Біздің округтің тұрғындары клубтың жылы залында салтанатты тойларды және ас беруге мүмкіндік алды. Онда біз мерекелерді, басқа іс-шараларды жүргіземіз. Қоғамдық жұмысшылардың күшімен жыл сайын клуб ғимаратын жеңіл жөндеуден өткіземіз.


Былтырғы жылдың тамыз айында аудандық мәдениет бөлімімен жаңадан клуб меңгерушісі болып Асхат Гапчукуров тағайындалды. Жұмыс істегеніне аз уақыт өтті, мен үметтенемін, ол тек аудандық және облыстық іс-шараларға қатысып қана қоймай, өз жұмысын да ұмытпай жүргізеді деп.

Әуесқой бірлестіктердің бұрын, біркезде болған жұмыстарын қызығушылықтары бойынша жандандыру қажет – әйелдердің фольклорлық топтарын, үй ошағы және тағы басқалар.

Мәдениет үйі мейрамда ғана емес, сонымен қатар жұмыс күндеріде ауылдың тіршілік орталығы болуы қажет. Өткізілген іс-шаралардың кәсіби деңгейі, қазіргіге қарағанда жоғары болуы қажет. Клубтың келелі мәселесі музыкалық аппаратура және жиһаздар.

Біздің емхана өзінің жұмыс тәртібімен жұмыс істейді. Толық кадрлармен жинақтастырылған. Былтырғы жылы емхана ғимаратына 10 жылу жіберу құрал-конверторлары орнатылды, пеш жақпайды. Емхана ауданда жақсы есепте. Медбикелердің адал ниетті жұмыстарының арқасында, уақытында профилактикалық іс-шаралар өткізілетіндіктен округте инфекциялық аурулар жоқ. Бала өлімі жоқ.

Округте қазақтелеком автоматикалық телефон станциясы жұмыс істейді. 180 адам абоненттер болып саналады. Ескі жабдықтарды жаңаға ауыстыру арқасында байналыс сапасы елеулі жақсарды. Шағым жоқтың қасы. Телефон орнату үшін арыз және кезекке тұру жоқ, бұдан сәл бұрын бұл бір күрделі мәселе болған. Тіршілік бір орнында тұрмайды, сапалы интернетке шығу үшін, біз аудан басшыларының «Мегалайн» системасын тезірек орнатып беруін қалаймыз.

«Қазпошта» бөлімінде бір кісі қызмет көрсетеді. Телефон бар. Поштада ең келелі мәселе жылыту, әсіресе қатты аяздарда. Біз поштаға қолымыздан келген көмегімізді көрсетеміз, жыл сайын қоғамдық жұмысшылардың күшімен жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, бірақ жылу мәселесі, біздің бірнеше реткі ұсынысымызға қарамастан, «Қазпошта» басшыларының уәдесі аяғына дейін шешілген жоқ.

Жалғыз басты 6 зейнеткерге үйде штаттық әлеуметтік жұмыскер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік жұмысшының жұмысына арыз түскен жоқ.


Мал дәрігер- лицензиатпен жыл сайынғы ветеринарлық өңдеу және биркалау, малдарды емдеу бойынша (үйге шақыру) қызмет көрсетіледі. Сібір жарасы және сарып ауруына қарсы малдарға вакцина егу жұмыстары жүргізіледі. Бруцеллезге малдарды тексеру жұмыстары жүргізіледі. Мал дәрігер-лицензиат және мал иелерінің ветеринарлық іс-шараларға тыңғылықты және адал ниетпен қарағандығы арқасында, біздің округте бруцеллез, пастереллез аурулары ұзақ уақыт болған жоқ. Алдыңғы жылы «Азат» шаруа қожалығының «Ильинка» отгон учаскесінде бруцеллез ошағы уақытында анықталып, жайылтпай жойылды. Шеткі аудандардан мал тасымалдауға байланысты, бұл ошақ пайда болды.

Округте тәжірибелі учаскелік инспектор бар. Округте криминогендік жағдай тұрақты қалыпта. 2010 жылы 7-қылмыс тіркелген, оның ішінде 7-ашылды, 6-қару тәркіленді, есірткелік құрал сақтау- 2 дерек, 46- шағым және өтініштер қаралды. 4 адам ұсақ бұзақылықтар үшін, 24 адам- абаттандыру ережесін бұзғаны үшін, 62 адам төлқұжат режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 адам- СЛПУ-ға жіберілді, 27 адам- профилактикалық есепте тұр.

Учаскелік инспекторда жұмыс кабинеті бар, қызметтік автокөлікпен қамтылған. Учаскелік инспектордың жұмысына арыз түскен жоқ.

Гагарино әкімшілігі бекітілген үлгі ережемен жұмыс істейді. Іс қағаздарын жүргізу істер тізбесіне сәйкес жүргізіледі. Әкімшілікте қоғамдық құрылым: ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі жұмыс істейді.

2010 жылға бөлінген бюджеттік қаржы толық игерілді. Қаңғыбас иттерді ұстау және жою жұмыстары жүргізіледі. Ағаш көшеттері және гүлдер сатып алынып, әкімшілік, мектеп, клуб маңайы көгалдандырылды.

Былтырғы жылдың өте қиын қысына қарамастан, ауылдың көшелері мен жолдары қардан тұрақты тазаланып тұрды, сонымен қатар жиі боранға қарамастан мамыр айына дейін, біз сыртқы әлемнен бөлінген жағдай, бізде болған жоқ. Шаруа қожалықтарының басшылары В.Г. Воропай, В.В.Зейнок, Н.В.Воропай бізге көп көмек көрсетті.

Күрделі қыстан кейінгі нағыз апат су тасқыны болды. Олар бізді де соқпай өткен жоқ, шара қолдану арқасында, осы су тасқынының салдарын ықшамдадық және қатерлі салдардан құтылдық. Ауылдың жоғарғы алқабындағы тасқын сулары ауылға соқпай кету үшін, биылғы жылы біз ауылдың алдындағы бөгетте жер жұмыстарын жүргіздік. Бізге тіпті, трассаны су жырып кетпеу үшін, Өскемен-Семей трассасындағы су өткізетін құбырларды қаздық. Жыл сайын біз Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні, Кәрілер күнін және т.б. мейрамдарды өткіземіз.


Бұл мейрамдарды өткізуге мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары үлкен көмек көрсетеді. Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалақтарының басшылары әртүрлі іс-шараларды өткізгенде шамаларына қарай көмек көрсетеді. Бұлар: Н. Ф. Аухадиева, Т. И. Дементьева, М. А. Исатаев, Н. Ж. Байгабулов және т.б., бірақ барлық шаруа қожалықтары шетте қалмаса екен деп тілеймін.

Ауылдық әкімшіліктің ең бір басты мәселесі жаңа жұмыс орындарын ашу. Биылғы жылы 2 дүкен және 1 шағын наубайхана ашылды. Біздің қолдаухатымызбен қосалқы шаруашылықты жетілдіру үшін, аудандық қордағы жерлерден 2000-дай га жер, жалпы қолданыс жеріне берілді.

Біздің округтің тұрғындарының көбі, Дубоғалы көлінде салынып жатқан демалыс үйлерінде жаңа жұмыс орындарын алды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша қоғамдық жұмысқа 11 адам тартылды.

Өткен жылы жиында айтылған сын-ескертпе пікірлерден, орындалды:

1.Әкімшілікте шаруа қожалықтарының басшыларына декларация тапсыру кезіне кеңестік көмек ұйымдастырылды.

2.Көшелерді қардан тазалау былтырғы жылы да өткізілген және 2010 жылға келісім-шарт жасалды.

Шешілмей қалған мәселе: Қойдың жүнін және тері қабылдауды ұйымдастыру.

Кейінгі жоспарлар:

Шағын және орта бизнесті өркендету, қолдан ұрықтандыру пункітін құру, ауыл көшелерін жарықтандыру, мал қорымының құрылысы, ауылды абаттандыру және көгалдандыру, жолдары жөндеу жұмыстарын өткізу.

Өз баяндамамды аяқтай отырып, Гагарин ауылдық округінің әкімшілігі өзінің ұйымдарымен бірге және ауыл тұрғындарының қолдау көрсетуімен біздің алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін, барлық күшімізді саламыз деп айтқым келеді.