reforef.ru 1
Бұлшық етке иньекция жасау техникасы


Мақсаты: бұлшықетке дәрілік ерітіндіні, вакцинаны егу.

Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы.

Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғарғы сезімталдық

Әзірлеңіз:


  • Шприц ті 5,10,20мл

  • Ұзындығы 5-8см инені

  • Стерильденген мақта домалақтарын 3тал

  • Спиртті 70%

  • Дәрілік затты

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз, құрғатып резіңке қолғап киіңіз

  2. Иньекция салатын орынды 70% спиртпен 2 мақта домалағымен сүртіңіз. Біріншісімен-үлкен алаңды,екіншісімен- иньекция салатын орынды

  3. Дайындалған шпицті оң қолыңызға алыңыз,сұқ саусағынызбен поршеньді,кіші саусағынызбен иненің муфтасын,қалған саусағынызбен цилиндрді ұстаныз.

  4. Сол қолыңызбен иньекция салатын орнының терісін тартыңыз

  5. Инесімен шприцті перпендикуляр бағытта,инені 3-5-7см енгізіңіз. / жасқа байланысты/ муфта алдында 1см қалдырыңыз

  6. Оң қолыңызды шприцтің поршеніне ауыстырыңыз

  7. Поршеньді өзіңізге тартыңыз: қан тамырға түспегенін қадағалаңыз

  8. Дәрілік затты енгізіңіз

  9. Иньекция орнына 3-ші мақта домалағын қойып,иенені суырыңыз

  10. ,Мақта домалағын теріден алмай иньекция орнына массаж жасаңыз.

Бұлшық етке иньекция салатын орындар:

  1. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі

  2. Жамбас бұлшық еті

  3. Іш бұлшық еті

  4. Иық және тізе бұлшық еті

Асқынулары:

  1. инфильтрат

  2. абсцесс

  3. иненің сынуы

  4. жүйке талшықтарының зақымдануы

  5. аллергиялық реакциялар

  6. дәрілік заттардың қате енгізілуі

  7. майлы эмболия