reforef.ru 1
Батыс Қазақстан облысы


Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша

Кажалаева Ақтоты Ержановна

Бастауыш класс мұғалімі

ІІ санатты ұстаз
Сабақтың тақырыбы
: Наурыз тойы. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Мақсаты: Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысын меңгеруіне мүмкіндік

жасау; өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіре отырып қазақтың салт-

дәстүрлеріне құрметпен қарауға баулу.

Түрі:
аралас

Әдісі:
СТО әдістері, шығармашылық тапсырма, тест, ребус шешу, топтастыру,

жұмбақ шешу

Көрнекілігі: кесте, жеке сюжетті сурет, слайд

Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ Үй тапсырмасы

Т.Айбергенов «Көктем» өлеңін жатқа айту.

- Көтемде қандай өзгерістер болады?

- Көктем саған несімен ұнайды?
- Балалар, біз сөйлем туралы не білеміз?

Топтастыру

Сөздерден құралады Аяқталған ойды білдіреді
Сөйлем
Соңына тыныс белгі қойылады Бірінші сөзі бас әріптен басталады

Сөздер бөлек-бөлек жазылады


  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?

ІІІ Бағдарлау-мотивациялық кезең

Бір ауылда үлкен той өтеді деген хабарды естіп, Қожанасыр жолға шығады. Жолда мыстан кемпір кезігіп, оған тіл қатады:

  • Әй, Қожанасыр сен қайда бара жатырсың? Мен де сенімен барамын, ол неткен жиын?

Қожанасыр:
  • Сен менің қайда баратынымды білгің келсе, ең алдымен менің жұмбақтарыма жауап табуың керек. Ал тыңда! – дейді.





  • Балалар, мыстан кемпірге айтқан жұмбақтарды одан бұрын біз тезірек шешсек, мыстан кемпір тойға бара алмай қалады.



Жұмбақ шешу

1. Үлкен алтын таратқан,

Әлемге нұр таратқан. (күн)

2. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады. (алма)

3. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (су)

4. Төбеден төнеді, тамшысын төгеді.

Сол кезде ой қаулап, бәйшешек өнеді. (жаңбыр)

5. Сөз үйретсең, қайталайды,

Өздігінен айта алмайды. (тоты)

6. Тоңғақты таниды,

Беті қолын қариды. (аяз)

Жұмбақтардың шешуі баған түрінде жазылады.

Слайд. Күн

Алма

Су

Жаңбыр

Тоты

Аяз

  • Әр жұмбақтың шешуіндегі соңғы әріптерінен сөз құрастыр.

  • Қандай сөз шықты ? (наурыз)

  • Сонымен балалар Қожанасыр қандай тойға бара жатыр екен ?

  • Бүгін біз сендермен Әдібай Табылдының «Наурыз тойы» атты өлеңін оқимыз.

ІV. Операционалдық-орындаушылық кезең. (оқулықпен жұмыс)

Автор жөнінде қысқаша мағлұмат беру.

Әдібай Табылдиев – 1926 жылы 2 қаңтарда Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген. Ақын, ғалым, педагогика ғылымының кандидаты. Ол көбінесе мектеп балаларына арнап өлеңдер, ертегілер жазған. Оның «Әдеп әліппесі» атты оқу құралы мектептерде жеке пән ретінде пайдаланылады. (1997ж).

159-жаттығу.

1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

2. Оқушылардың оқуы.

3. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар.

- Балалар, өлең сендерге ұнады ма ?

- «Наурыз тойы» қандай той ?

- Бұл тойды халық қалай тойлайды ?

- «Наурыз тойы - салтымыз» дегенді қалай түсінеміз ?
Топтастыру

Көктем мерекесі Жаңа жыл

Наурыз

Күн мен түн теңеледі 1989 жылдан- жалпыхалықтық мереке

Табиғат оянады

160- жаттығу

Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап. Сөздердің байланысын сызып көрсет.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

161-жаттығу. Ауызша орындалады.

- Бұл баталар мен тілектер қай кезде айтылады ?

Слайд №1. Өздік диктанты

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.


  1. тұрады, Алматыда, Айжан.

  2. демалыста, барады, ол, Астанаға.

  3. тойы, наурыз, ауылда, болды.

Слайд №2.

Сызба бойынша сөйлем құрап айту.
Слайд №3.

«Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрап жаз.

Тірек сөздер: құстар, күн, жаңбыр, наурыз мерекесі.
V. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Тест

  1. Тасымалдауға болмайтын сөз.

А) қала Ә) отын Б) жайлау

2. Мәтін деген не ?

А) 1 сөйлемнен тұрады Ә) сөздерден құралады

Б) Мағына жағынан бір-бірімен байланысқан екі не одан да көп сөйлем.

3. «Көктем қандай көңілді» сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.

А) ! Ә) ? Б) .

4. Сөйлем неден құралады?

А) буын Ә) дыбыс Б) сөз

5. Дұрыс сөйлемді тап.

А) оқиды Асхат сыныпта бірінші.

Ә) Асхат бірінші сыныпта оқиды.

Б) Сыныпта оқиды бірінші Асхат.
Ребус шешу.

Жауабы: «Қызғалдақ»

Ойын: «Гүл теру»

  1. Көктем айларын ата.

  2. Наурызда дайындалатын тағам қалай аталады ?
  3. Наурыз мерекесіне қандай тілек айтасың ?


VІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттау.