reforef.ru 1
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011


Л.АДИЕВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ТАНЫМЫНА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
В этой статье рассматриваются проблемы религиозно-идеологической политики Российской империи в казахской степи.
The article deals with some matters of religious and ideological policy of the Russian Empire in the Kazakh Steppe.
Жалпы қазақ халқын діни тіршілік тұрғысынан қарастырар болсақ, ислам дініне дейінгі, ислам дінінен кейінгі, Қазақ хандығы, Ресей патшалығы дәуірі және Кеңес өкіметі кезеңі деп бөлуге болады. Әрине, бұл қазақ елі тәуелсіздігін алғанға дейін болған процесс. Қазақ, түрік, өзбек және басқа да түрік тектес халықтарының атаулары тарих сахнасына шықпай тұрып, олар түркі халықтары деген жалпы бір атаумен аталған. Әрбір тайпа, әрбір ұлыстың өз сенімі, яғни өзіне тән өмір сүру формасы болған. Арабтардың жаулап алып, ислам дінін тарату әрекеттері Орта Азияның дәстүрлі танымына, сеніміне әсер еткенімен, жергілікті халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен біте қайнасып, олармен толық үндесе білді. Нәтижесінде Орта Азия халықтарының этникалық ерекшеліктеріне қаныққан өзіндік діни түсінік қалыптасты. Оның қалыптасуына А.Иасауи мен оның шәкірттерінің ролі үлкен болды. Ислам діні мен түркілердің рухани мұрасын ұштастырып өре білген Қожа Ахмет Иасауи салған жолы түркі мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы басты сақтаушысына айналды.

Бұл мақала шеңберінде Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген діни-идеологиялық саясатын қарастырамыз.

Ресей империясының қазақтарды отарлау саясатын жүзеге асыру үшін және де осы халыққа өз үстемдіктерін жүргізу үшін көптеген амал- айлаларын қарастырып, өз әрекеттерін басқа бір қырынан сынап көрмекке бел буды. Әрине, бұл рухани құндылықтар жүйесінен екендігі баршаға мәлім.

Дін – кез-келген халықтың рухани дүниесі мен мәдениетінің өзегі. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сол діннің ыңғайына қарай жасалады. Дін өзгерсе, олар да өзгереді. Діннен тыс мәдениет те, салт-дәстүр де болмайды. Керек десе, бір діннің ішіндегі әр түрлі ағымдар арасындағы айырмашылықтың халықтың этникалық бет-бейнесін өзгертуін күші жетеді. Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Түркі халықтарының соңғы мың жыл ішінде жүріп өткен жолы оған дәлел бола алады [1].


Ресей империясына тәуелді түркі тектес халықтардың ішінде қазақ халқы халық саны жағынан да, жер көлемі жағынан да бірінші орында тұрған еді. Мұны біліп, көріп отырған Ресей миссионерлері қалайда осы кең байтақ

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Адиева Л. Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген діни-...

өлкені идеологиялық жағынан да, басқа қырынан да толық жаулап, өздеріне бағынышты етудің болашақта зор саяси мәні бар екендігін түсінді.

Қазақ даласында XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ресей империясының отаршылдық саясаты белең алып, ел өміріне айтарлықтай әсерін тигізе бастайды. Енді Ресей империясының ұйғарымымен Қазақстанның кең байтақ өлкесіне арнайы жіберілген шоқындырушылар мен арнайы дайындықпен келе жатқан миссионерлер де қазақ халқының экономикалық, идеологиялық жағын толық бақылап, әлсіз тұстарын қалт жібермей тауып, өздерінің дәстүрлі діндерінің мәртебесін барынша көкке көтеруге күш алып, діндерін жақсы жағынан көрсетуге тырысып бағады.

Ресей империясының мұсылмандыққа байланысты идеологиялық саясаты белгілі тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп, сыннан өткен саяси әдістер іс-жүзінде жетілдіре түсті. Ислам дініне байланысты Ресей империясының Қазақ даласындағы идеологиялық саясатын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде - Қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы ислам дінінің шариғаты арқылы қазақ халқын дәстүрлі дінінен ажыратуға күш салған. Екінші кезеңде - Ресей империясының ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, бұратана халықты бірте-бірте өз діндеріне тарту арқылы жаппай шоқындыру саясатына көшуін қамтиды. Ресей империясы Қазақ жерін басып алған соң оны идеологиялық жағынан да игеру мақсатында арнайы муфтилік ашып қазақ даласына арнайы дайындықтан өткен татар молдаларын жібергені тарихтан белгілі. Бірақ осы «заказной молдаларды» қазақ халқы қарсы ала қойған жоқ. Оларға қарсы қазақтар арасында қарсылықтар болғаны, оларды дінді бұздың деп, ауылдардан қуғаны Құрбанғали Халид еңбектерінде жазылған. Қазақ халқы Ресей империясына муфтиліктен шығару туралы арыз жазған. Ресей империясы қазақ халқының осы арызын пайдаланып, қазақ халқын христиан дініне өткізуге әрекет жасайды. Бұл турасында белгілі тарихшы Зікірия Жандарбек өзінің «Иасауи жолы және қазақ қоғамы» атты кітабында былай деп жазды: «Өйткені, патша қолындағы Бас Архиерейін жіберіпті. Архиерей уездік начальник Канауалов дегеннің үйіне түсіп, 1200 қазақты шіркеу түбіне жинап қойып, Купрян деген орысты тілмаш қылып, алтындай жарқыраған киімін киіп шығып: «Қазақ халқын мұсылман деп муфтиге қаратқан әуелгі жақсы басшыларыңыз аға сұлтан өздеріңіздің сәбеттеріңіз бойынша: «Бізге муфтидің керегі жоқ. Біз әдет заңымен тұрамыз» деп бізге арыз берген. Сол тілек бойынша сіздерді муфтиден шығарған. Осы күнде сіздер дінсіз тұрсыздар! Сол себепті сіздерді ақ патшаңыз жақсы, анық дінге салуға жіберді. Өйткені, мемлекет сіздерге дін тауып беруге міндетті. Енді сіздердің дін туралы ұлықтарыңыз – мен. Өз тілдеріңмен жаздырып, алтын дін кітабын алып келдім». Осы мақалада айтылған татар молдаларына қарсы шығуға

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Адиева Л. Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген діни-...

себеп болып жүрген «әдет заңы» қазақ халқының діни дүниетанымының өзегі болған Иасауи жолы болатын [2].

Осындай озбыр саясаттың көрінісін 1887-1888 жылдардағы даланың генерал-губернаторлары берген есебінен үзінді келтіре кетейік: "Қазіргі кезде қазақтардың ескі әдет-ғұрпы, салт-санасы босаңқы, ал жаңасы әлі құрыла қойған жоқ. Ал, мұндайда босаңсыған халық өзіне діннен тіреу іздейді. Қазақтар өздерін мұсылманбыз дейді, бірақ көпшілігінің сол дін туралы түсінігі жоқ. Бұлардың арасына Магомет /ислам/ дінін насихаттап, таратып жүрген саудагер татарлар, бұхарлықтар. Сондықтан, оларға кедергі жасай отырып, мынандай босаңсып тұрған қолайлы кезеңді пайдалана отырып, қазақтарды христиан дініне қабылдау керек", [3] - деп бұратана халықтың осындай әлсіз тұсын пайдаланып, өз мақсаттарына пайдалану керектігін ашық түрде білдірген.

Сондай-ақ, 1869 жылы 27 қарашада «Консистория» қазақ сахарасында патшалық Ресейдің үстемдігін орнатқан үстіне орната беру үшін, өз мақсаттарына тезірек жету үшін мынадай қаулы қабылдайды:


  • Қазақтар үшін христиан дінінің миссияларын тарататын кітапшаларды тез арада көбейту;

  • Епархия басшыларының христиан дінін таратуда баяу жұмыс жүргізіп отырғандығы, сондықтан, жұмысты жақсарту шараларын қарастыру;

  • Елдерді аралау үшін көлікпен қамтамасыз ету үшін облыстық губернияларға тапсырма беру;

  • Христиан дінін қабылдауды алдымен ру басшыларынан, билерден бастау керек екендігі, сонда барып қалған қазақтар солардың арттарынан еретіндігі айтылады [4].

1860-шы жылдары Ресей империясының жергілікті халықтарға деген саясаты өзгерісімен енді Орыс православие шіркеуіне Орталық Азияға елшілер жіберуіне қолдау жасады, сонымен қатар орыс саудагерлері мен жаңа жерді игеруге шаруа келімсектеріне шұрайлы жерлерге қоныстануына көмектесті.


Православие діни қызметкері отбасынан шыққан, Қазан теологиялық академиясында тәлім берген, көптеген шығыс халықтарының тілін, мәдениетін үйренген, зерттеген Ильминский сол академияда исламды зерттеп, ХІХ ғасырдың ортасында Орынбордан басқаратын Қазақ кіші орда ісі өкімет үйі - Өлкелік комиссиясының мүшесі ретінде қазақ даласына келіп, бірден тілді меңгеріп және өзінің тәлімгері Григорьевтің ойымен санасып, қазақтарды татар молдаларының ықпалынан шығарып, қалғандарын біртіндеп орыс православиесіне келтіре алуға болатынын түсінді [5].

Осындай қазақтардың осалдығын пайдаланып, православие дінінің миссионерлері кішкентай ауылдарға келіп, дәрігерлік көмек көрсетіп, өз діндерін насихаттап, ислам дінін жамандап, болашақта жақсылықты тек православие дінінен көресіз деп кешке дейін қарапайым халықтың арасында өз насихаттарын жүргізіп отырса, онымен қоса, бала-шағаларын орыс мектептеріне беруге үгіттеп отырса, жақсылықтарын аямай істеп отырса, сөзсіз халық христиан дініне кіреді. Әрине, бұл жерде барлығы бірдей кірді деп айта алмаймыз. Бұдан көретініміз,

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Адиева Л. Ресей империясының қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы жүргізген діни-...

Ресей империясының миссионерлері қазақ даласының қай жерінде ислам қалай дамығандығы, өз әрекеттерін қай жерде кең жүргізуге болатындығын келімсектер алдын-ала зерттеп, біліп отырған еді.

Бұл жайында Архив құжатының бірінде былай дейді: "Киргизы в общей массе хотя считаются магометанами, но понятия их этой религии мало развиты, особенно в Северной части степи... Киргизи находятся в не дальнем расстоянии от казачьих линий, более или менее успели познакомиться с бытом русского народа: почему некоторые из таких киргиз проживая в услужений у казаков, по собственному побуждению обращаются в православие, однако и здесь главное препятсвие к тому можно полагать в сословии киргиз более образованных и богатых, воспитанных большею частью татарскими муллами в правилах магометанства" [6]. Бұдан орыс миссионерлерінің қазақ халқын ислам дінінен алшақтатып, ислам дінінің орнына православие дінін ендіруге әрекет еткендігін көреміз. Олар қазақ ауылдарына қоңсы бола отырып, қазақтарға қоқан-лоққы ғана көрсетіп қойған жоқ, қазақтарға орыс тілін, әдет-ғұрпын, дінін үйретіп, насихаттап отырды [7].


Патша өкіметі тұрғысынан жүргізіліп отырған шоқындыру мен ислам дінінен алыстатудың комплексті шараларын өз көзімен көрген Жүсіпбек Аймауытов: "...Қазақтың жерін тілгілеп, келімсек мұжықтарға аударып бере бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға аулный школ, миссионерлер таратты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп, орысқа бас игізуге жаңа закон, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау, штат деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырып, қырқыстырды", - деп көрсетуі арқылы-ақ халықтың мойнына түскен тауқыметтің түп төркінін дәл көрсетіп берді [8].

Осындай отаршылдық кезеңінен өтіп, өз тәуелсіздігімізді алып, арқамызды кеңге жайғанымызбен, бүгінгі күнге дейін қазақ жерінен миссионерлердің аяғы арылмай, олар өз әрекеттерін әлі жалғастыруда. Дегенмен қазіргі таңда өзіміздің дәстүрлі дініміз ислам діні кеңге қанат жайып, дініміздің мәртебесі күн санап көтерілуде. Ата-бабадан қалған асыл дінімізді келер ұрпаққа таза күйінде жеткізіп, аманат ету бізге парыз.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. yasawi.kz

  2. Жандарбек З. Иасауи жолы және қазақ қоғамы. Алматы: «Ел-шежіре», 2006. 36 -б.

  3. ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбе, 436-іс, 9-10-парақтар.

  4. ҚРОМА, 64-қор, 1-тізбек, 595-іс, 38-парақ.

  5. Манарбек Байеке. Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілік тарихы. Алматы: Литера-м 2006. -302-307-бб

  6. РМТА, 1574-қор, 1-тізбе, 4-іс, 8-парақ.

  7. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник второй. Под ред. С.Асфандиярова. Алма-Ата, 1936, с.108

  8. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы: Атамекен, 1993, 13б