reforef.ru 1
Аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтің


Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатында

сөйлеген сөзі

13 тамыз 2012 жыл
Құрметті ұстаздар!

Ардақты ағайын!
Ең алдымен сіздерді аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алдағы жұмыстарынызға шығармашылық табыс тілеймін.

Тамыз маслихаты – мұғалімдердің үлкен жиыны. Онда аудан мектептерінің өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысына жан-жақты талдау жасалынып, алдағы міндеттер айқындалатыны белгілі.

Елбасы Жолдауындағы білім саласын дамытуда алға қойған міндеттерді орындауда ауданның білім беру саласында біршама жұмыстар атқарылды. Бұнда аудан мұғалімдерінің үлкен еңбегі бар екендігі сөзсіз. Мәселен, Республикалық XII Абай оқуларында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Бастауыш сыныптар бойынша аудан мектептері облыстық олимпиадада алдан көрінді.

Тоғызқұмалақтан өткен Республикалық жарыстар мен облыстық ғылыми жұмыстар сайысында оқушылармыз ел абыройын асқақтатты. Сөзсіз бұл жетістіктер ұстаздар қауымының еселі еңбегінің жемісі.

Білімі мен педагогикалық шеберліктері нәтижесінде Тұрсынбекова Аққайша, Асылаева Айман, Тілебалдина Назигүл, Қасымжанова Қарлығаш сынды ұстаздар ғылыми ізденісімен Республикалық, облыстық деңгейлерде үздік болды. Мұндай табыстар тізбегін әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Алайда, осы жетістіктерге биылғы ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы ұстаздардың еңбегіне көлеңке түсіріп отыр.

Абай ауданының биылғы тестілеу қорытындысының орта көрсеткіші 60,6 пайыз болып, облыста соңғы орында қалды.

Неліктен бұлай болды? Себебі неде? Осы жағдай аудан мұғалімдер қауымын, мектеп басшыларын, аудандық білім бөлімі басшылығын, оның әдіскерлерін (методистерді) ойландыруы керек. Білім сапасының осыншама төмендеуі өткен жылдардағы өтірік пен көзбояушылықтың білім саласында әбден дендеп, жайылып кеткендігінен болып отыр.


Бүгінгі баяндамада айтылғандай 2012 жылдың ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы мұны айқын дәлелдейді. Аудан бойынша барлық қатысқан 184 оқушының 26-сы екілік алды. Егер оған ЕНТ-ға қатыспаған 54 баланы қоссақ (238-184=54) 80 бала екілік алған деуге болады.

Абай мектеп-лицейінде – 12, Қарауыл гимназиясында – 4, Тоғжігітов орта мектебінде – 2 оқушы болса, қалған мектептерде бір-бір оқушыдан. Әбенов орта мектебінде ғана екілік баға жоқ.

Осы екілік алған балалардың ұяты ауыр болса да айтамыз, барлық мектеп директорлары мен пән мұғалімдеріне келеді. Бұл балалардың ұстаздары, мектеп директорлары өздерінің жұмыстарына сын көзбен қарағаны жөн болар. Білім көрсеткішінің төмендеуі ата-аналар комитетінің де жұмысын жандандыруды талап етеді.

Ал «Алтын белгі» алуға үміткер М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Ғазизова Мөлдірдің екі алуын қалай түсінуге болады? Білім берген ұстаздары, мектеп директоры шәкірт пен ата-ана, жалпы ел бетіне қалай қарайды? «Алтын белгіге» ұсынуда осыншама көзбояушылыққа қалайша жол берілген. Мұны қалай түсінеміз?

Бір уақыт мектеп директоры, оқушының ұстазы, ойланыңызшы. Егер сіздің балаңыз осындай жағдайда болса, қандай күй кешер едіңіз? Сол Мөлдірдің немесе екілік алған 26 балалардың қандай күй кешіп жүргенін, олардың ата-аналарының көңіл-күйлерін көз алдарыңызға елестетіңіздерші.

Жалпы, осы ЕНТ-ның қорытындысы мен оқу саласының ахуалы біздерді қатты алаңдатады.

Несін жасырамыз, Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі Елбасына арнайы хат кіргізген. Хаттың мағынасы егер ел боламыз десек, болашақ буынға мектеп және жоғарғы оқу орындарына түбегейлі өзгерістер қажет. Осының дәлелі биылғы ЕНТ-нің көзбояушылықсыз өтуі, жоғарғы оқу орындарының жабылуы, оны бітірген мамандардың диплом алғандарына қарамай арнайы комссиялық сараптамадан өтіп, соның негізінде жұмысқа орналасуы қолға алынып жатыр. Бұл деген Үкімет ағарту, денсаулық саласындағы кемшіліктерді біледі, және бізді күрделі өзгерістер күтіп тұр деген сөз.


Шынын айту керек, жарайды ЕНТ-ға ақшамен өтті делік.

- Оқуға түсіп, институтта ақша беріп оқиды.


  • Бітірген соң, жұмысқа түсуге ақша төлеп орналасады. Әке-шешенің арқасында.

  • Орналасқан соң бейімі, білімі жоқ бала жалтақ болып, жұмыстан шығып қалам ба деп қорқып жүргені.

Мынандай жаһандану заманында, тек өз күші мен біліміне сенген заманда сол түлектердің болашағы не болмақ?

Ауданның ертеңі сіздердің орындарыңызды басатын ұрпақты осылай тәрбиелеп жатырмыз.






р.н



Мектептер

Оқушы саны

Тестке қатысқаны


Орта балл


Екілік алған оқушылар саны

1.

Абай лицейі

63

57

58,7

12

2.

Шәкәрім орта мектебі

9

9

72,4

1

3.

Көкбай орта мектебі

32

16

58,6

1

4.

Әбенов орта мектебі

20

12

54,7

0

5.


Бекбосынов орта мектебі

16

16

57,8

1

6.

Әуезов орта мектебі

15

8

58,4

2

7.

Тоғжігітов орта мектебі

34

22

60,5

3

8.

Молдағалиев орта мектебі

14

14

63,9

1

9.

Медеу орта мектебі

4

2

52

1

10.

Қарауыл гимназиясы

31

28

65,8

4




Аудан бойынша

238

184

60,6

26


Биылғы оқу жылында «Алтын белгі» төсбелгісіне 26 оқушы ұсынылса, оның бірде-біреуі өз бағасын қорғай алмады. «Үздік аттестатқа» үміткер 3 оқушының 1-уі де «Үздік аттестат» иегері атана алмады. Алтын белгіге үміткер оқушылардың ішінде екілік алған оқушы болғаны жоғарыда айтылды




Р.с




Мектептер

Алтын белгіге үміткерлер

Үздік аттестатқа үміткерлер

1

Абай лицейі

7

2

2

Шәкәрім орта мектебі

2

-

3

Көкбай орта мектебі

2

-

4

Әбенов орта мектебі

3

-

5

Бекбосынов орта мектебі

2

-

6

Әуезов орта мектебі

3

-

7

Тоғжігітов орта мектебі

-

-

8

Молдағалиев орта мектебі

2

-

9

Медеу орта мектебі

-

-

10

Қарауыл гимназиясы

5

1




Аудан бойынша

26

3


Ал енді пәндерге келсек, 2012 жылы қазақ тілі пәнінен аудан бойынша орта балл 16,5 (жоғарғы балл 25), математикадан 6,8 (жоғарғы балл 25), орыс тілінен 11,8 (жоғарғы балл 25), Қазақстан тарихынан 11 балл (жоғарғы балл 25) болып отыр. Бұл пән мұғалімдерінің өз мамандығына деген жауапкершіліктерінің төмендігін көрсетеді.

Абай елі кен өндірмейді, мұнай өндемейді, кәсіпорын жоқ. Біз – өнер мен тілді құрметтеген елміз. Қазақтың рухани орталығы, ұлы Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама Мұхтардың Отанымыз. Осындай қазақ әдебиетінің туы көтерілген жерде оқушының қазақ тілі мен әдебиетінен төменгі көрсеткіш көрсетуі қалай болады? Мәселен, Абай мектеп-лицейі (15,2 балл); Көкбай орта мектебі (15,4 балл) оқушыларының көрсеткіштері. Бұл мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің жауапкершілігі төмен, білім беруге салғырт қарайды, ізденбейді деген сөз.

Ел тарихын бәріміз білуіміз, қастерлеуіміз керек. Ал, Медеу, Тоқжігітов, Әбенов мектептерінің оқушылары тарих пәндерінен білім көрсеткіштерінің төмен болуы неліктен?

Медеу, Әбенов мектептерінде орыс тілінің білім көрсеткіштері тағы да аудан бойынша ең төмен болып отыр. (Медеу – 7 балл, Әбенов – 9,6 балл)

Ауданда математика пәнінен оқушылардың білім деңгейі өте төмен. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында 18 оқушы осы пәннен екілік баға алған. Аудан мектептерінде математика пәні бойынша жоғары санатты – 5, бірінші санатты – 21 мұғалім бар. Олар жоғары еңбекақы алады. Меніңше еңбекақы баланың біліміне байланысты төленуі керек. Ұстаз беделі оқушының білімі мен ұстаздың шәкіртке деген жүрек жылуымен бағалануы қажет.

Оқу бөлімі ұстаздардың білімін комиссия құрып, тексереміз деген уәж айтады. Мен айтар едім, бұған асығыстық жасамау керек. Облыстық арнайы комиссия шақырып, ерінбей әр мектепте әр мұғалімнің білімі мен біліктілігін аттестациядан өткізу керек. Оған дейін мектеп директорларын жұмысқа сәйкес-сәйкес еместігін саралаймыз. Ал, кейбір мектептер мұғалімдер білімін сараптамадан өткізуі тиіс.


Спорт пен денешынықтыру мектеп оқушыларын шымырлыққа, ептілікке, батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Алайда біз биыл облыстық спорттық ойындарда тағы да 19-шы орында қалдық.

Осы саланы басқаратын Исаханов Алтай өз өтінішімен жұмыстан босады. Ал, енді жалғыз осы кісі ғана кінәлі емес қой. Қаншама дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері бар. Жалпы, дене тәрбиесі пәні мамандығын адам өз жүрек қалауымен таңдайды. Мұндай ұстаздардың шәкіртке деген көзқарасы, әр баланың қандай спорт түріне бейім екендігін қырағы көзбен қарау – осы мамандыққа тән қасиет.

Егер дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі сондай жүректі адам болмаса, тек оқушы алдына допты лақтырып, ойнаңдар десе одан Абай ауданының спорты қалай дамиды? Келешекте сол балалардың денсаулығы қалай шымыр болады? Осындай сын-ескертпені аудандық спорт мектебіне де айтамыз. Барлық ауыл жастары кездесуге барғанда мектептегі спорт залдарының кешке бос тұратынын, спорт зал едендерінің тесіліп жататындығын көреміз.

Ал, жастар көп дүние сұрамайды. Тек спорт залдың есігі ашық болып, спорт инвентарлары, жанашыр жаттықтырушы болса екен дейді. Сіздерден сұрайтыным, жастармен сөйлескенде солардың тілінде сөйлеп, жастарша ойлап, жастарша пайымдап, солардың қажеттілігін қанағаттандыру керек.

Талдап қарасақ, республикалық жарыстарда озып жүрген жерлестеріміздің барлығы қаладағы спорт мектебінде дайындалған түлектер. Үржар ауданын алып қарайықшы, сол аудандағы спорт мектебінің түлектері олимпиада ойындарында табысқа жетіп жүр. Неге Абай елінің спортшылары тым болмаса облыстық, республикалық жарыстарға қатыспайды?

Ардақты, ағайын!

Мектептердегі білімнің сапалы болуы әдіскерлердің де (методистердің) іскерлігіне, шеберлігіне, жұмыс ұйымдастыруына тікелей байланысты. Методист – ол мұғалімнің мұғалімі. Аудандық білім бөлімінде 10 методист жұмыс істейді. Барлығының жұмыс стаждары, жоғары білімдері бар. Алайда шет тілі, орыс тілі, математика, химия, физика мамандықтары бойынша әдіскерлер жоқ. Сонда бұл пәндердің берілу жағдайын кім бақылайды? Мұғалімдерге методикалық көмекті кім береді?


Бәлкім методисттің ақшасы аз болуы да мүмкін. Олай болса, білікті методистерге қосымша ақша төлеу жолын қарастырайық. Осы арқылы білікті ұстаздарды аудандық білім бөлімінің аппаратына қызметке тартайық.

Жарайды, білім сапасының төмен болуында мектеп директорлары тарапынан кемшіліктер жіберілген шығар. Алайда мектеп директорларының уәзірлері – завучтар бар емес пе? Олардың көбі «сен тимесең, мен тименнің» күйін кешіп, мұғалімдерге қатаң талап қоймай, мектепішілік бақылауды әлсіретіп жіберген.

Мектеп пен білім бөлімінің арасындағы байланыс жөнінде. Мектептер аудандық білім бөлімінің тікелей тапсырмасын орындап, олармен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс. Ал оқу бөлімінің басшысы жақын арада шешіледі.

Мектептердің қысқа дайындығына айрықша маңыз беру керек. Біздің мектептердің көбі суық, қысқа толық дайындалмайды. Мұндай мектепте білім сапасы туралы айтудың өзі қиын. Бойы жылынбаған балада қандай білім, суыққа тоңған мұғалімде қандай нәтижелі жұмыс болуы мүмкін.

Мектептердегі класс комплектілерінің жағдайына да назар аудару керек.

Бір класста 25 оқушы оқуы тиіс. Соны оқытатын штат Медеу орта мектебіндегі 4 баланы оқытады, Әуезов орта мектебіндегі 15 баланы оқытады, Молдағалиев орта мектебіндегі 14 баланы оқытады, Бекбосыновтағы 16 баланы оқытады. Ал білім көрсеткіштерін жоғарыда айттық. 25 баланы оқытқан қандай, 4 баланы оқытқан қандай? Мұғалім саны сол қалпы. Бұл басқа сыймайтын жағдай.

Мектеп директорлары, категория берудің қадірін кетіріп отырсыздар. 12-ші категорияға дейін мектепте беріледі. Қандай критериймен беретіндіктеріңіз белгілі. Бұған дәлел, жақында бір бастауыш сыныптың мұғалімі қабылдауымда болды. Әрине, жеке бас өтінішімен. Сөз арасында қалай сабақ бересіз, сабақ беру жүйесі, оның ерекшелігі қалай деп сұрағанда ешбір жауап ала алмадым. Тіпті мәселе есеп, мысал есеп туралы сұрасам да үндемейді. Осылайша мұғалімдерді 3 жылда бір категориясын көтеріп жүріп жатқан жайымыз бар.

Аудан мектептерінде абаттандыру жұмысы ойдағыдай емес. Аулалары қанша кең болғанымен бос жатыр. Гүлдендіру, көркейтуге жете маңыз берілмей отыр. Шәкәрім орта мектебінде жылыжай (теплица) болғанымен, өткен қыста жұмыс істеген жоқ. Биыл Әбенов орта мектебіндегі жылыжайды қалпына келтіру керек. Биология пәні мұғалімдеріне ерекше жауапкершілік қажет. Қыстан бастап гүл отырғызуды (рассада) қолға алу керек.


Ауданымызда абаттандыру мақсатында біршама жұмыстар жасалынып жатыр. Осыған мұғалімдер өз үлестерін қосуы керек.

Өткен жылы күзде аудан жастары облыс жастарына үндеу тастаған болатын. Бұл мақтан үшін емес, жас ұрпақтың, Абай елі жастарының текті екендігін көрсету, олардың рухын көтеру мақсатында жасалған дүние. Алайда, мектептерде талқылансын деген ұсыныс жасалғанымен, қолдау табылмады.

Патриоттық тәрбие мектептен басталу керек. Мектептерде Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға айрықша маңыз берілу тиіс. Біз аудан әкімдігінде неге дүйсенбі сайын Әнұранды мемлекеттік қызметкерлерге айтқызамыз. Өйткені көбіміз оны толық білмейміз.

Қымбатты мәслихатқа қатысушылар!

Өткен оқу жылындағы олқылықтардан қорытынды шығара отырып, орындалуға тиісті міндеттер:

1. Оқу бөлімі қызметкерлері, мектеп директорларынан бастап, пән мұғалімдері облыстан арнайы комиссия шақырылып, аттестациядан өткізілуі керек. Егер білім бөлімі қозғалмаса, біз облыстық білім басқармасы алдына талап қоямыз.

2. Облыстық аттестацияға дейін әр мектепте аттестация өтіп, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында төмен балл алуға жол берген мұғалімдердің өз біліктілік категорияларына сәйкес еместігі жөнінде шешім шығару керек.

Бұл істі асықпай, жан-жақты ойластырып, тиянақты жүргізуге тиіспіз. Қазіргі білім бөлімінің басшылығы мен мектеп директорларының деңгейінде тағы да көзбояушылық, көңілжықпастық, ағайыншылық орын алуы әбден мүмкін.

Білім сапасының төмендігіне жол берген, өз категориясына сәйкес емес мұғалімдердің категориясы төмендетілуі керек.

3. Әр мектепте мұғалімдердің, ата-аналардың қатысымен жиналыстар өтіп, онда білім берудегі олқылықтар, ұлттық бірыңғай тестілеудегі кемшіліктер талқылануы керек. Жиналысқа аудан әкімшілігі қатысатын болады. Біз алдағы жұмысты тиянақтауға тиіспіз.

4. Білім бөлімінің аппараты білім деңгейі төмен немесе мамандығы сәйкес келмейтін әдіскерлерден тазартылуы керек. Әдіскерлердің (методистердің) мәртебесін, жалақысын өсіру үшін қосымша қаражат қарастыру жөнінде білім бөлімі ұсыныс енгізуі керек.


Ұстаз – ұлағатты, қасиетті мамандық. Мұғалім – білімнің, мәдениеттің, жаңалықтың жаршысы. Осындай абзал қасиеттерге, ізгілікке, отансүйгіштікке өз шәкірттерін тәрбиелеуі керек. Жас ұрпақ, оқушылар мектеп директорына, өз ұстазына еліктеп, тәрбие, өнеге алып өседі.

Бүгінгі мәслихатқа қатысып отырған ұлағатты ардагер ұстаздар, зейнеткер ағаларымыз бен апаларымызға ұрпақ тәрбиесіндегі ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін үлкен рахмет айтамыз. Осы ағаларымыз бен апаларымыз ешқандай компьютер, интерактивті тақтасыз-ақ мельмен қара тақтаға жазып-ақ сапалы білім берді. Әрбірден кейін бәріміз осы отырған ұстаздардан бастап, қарапайым еңбек адамдары, чиновник-қызметкерлер осы апалар мен ағалардан алған білім қорының арқасында жүрміз. Сондықтан да қасиетті елдің білім деңгейін көтеріп, бүгінгі зейнетте жүрген ардагер ұстаздардың лайықты жалғасы болуға міндеттіміз. Ардагер ұстаздарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұялық бақыт, ұрпақ қызығын тілейміз.

Нағыз білімді, парасатты ұстаз, мен кереметпін, білімдімін деп мақтанбайды, масаттанбайды. Мақтауға, марапаттауға ұмтылмайды. Көбінесе олардың еңбегі еленбей, назардан тыс қалып жатады. Осыған көңіл бөлген жөн.

Келесі жылдан бастап аудан мектептерінде бақылау тестерді көптеп ұйымдастыру керек. Жылына мектепті 200 оқушы бітіреді екен. Осы оқушыларды жыл бойы жақсылап дайындау бағытында тиянақты жұмыс істейік. Ата-аналар да бұған атсалысуы керек.

5. Аудан мектептерінде спорт пен денешынықтыру жандануы керек. Спорт залдары бос болмауы тиіс. Оларда өтетін шаралардың кестесі жасалынып, оның өтуі қадағалануы қажет.

6. Қысқа дайындық, мектептердің есік-терезелерінің қымталуы, жылу қазандықтарының дайындығы, отынның жеткізілуі басты назарда болуы тиіс.

7. Мектептің айналасын абаттандыру, безендіру, көркейту уақыт талабына сай болуы керек. Кабинеттерді жабдықтау, оған демеушілерді тарту басты міндеттердің бірі.

8. Оқушыларды өнерге баулу, олардың бойындағы талапты, дарынды жан-жақты дамыту өзекті мәселе.


Биыл 40 жылдығын тойлағалы отырған «Қаламқас» ансамбліне жас өнерпаздар керек. Әрине, бұл мектептегі дарынды, өнерлі оқушыларымыз арқылы толығады.

9. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге байланысты жобалау-сметалық құжаттары дер кезінде дайындауымыз керек.

Ұстаз – халық тәрбиешісі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді халқымыз. Мұғалімнің қолында ешбір ханға, ешбір басшыға бітпеген билік бар. Ол – келешек ұрпақтың ой-өрісінің, парасат-пайымының, тіпті тағдырының иесі. Ұрпақ ұстазға қарап бой түзейді, үйренеді, еліктейді. Сондықтан мұғалімнің жеке тұлғасы, мінез-құлқы, қоғамда өзін-өзі ұстауы баршаға үлгі болуы тиіс.

Сайып келгенде, мектеп басшылары, ұстаздар қауымы бүгінгі тамыз маслихатында айтылған сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығаруы керек. Бұл – уақыт талабы.

Біз бар мұғалімдердің еңбегін жоққа шығарудан аулақпыз. Келешектің қамын ойлап, ұрпаққа сапалы білім беріп жүрген ұстаздар жеткілікті. Соларды үлгі етіп, насихаттауымыз керек.

Ұлағатты ұстаздар!

Сіздер менің жоғарыда айтқан сөздерім сыпыра сын-ескертпе болды деп ойламаңыздар. Аудан басшысы болғаннан кейін әрбір кемшілік сол сала мамандарына ғана емес, маған да ауыр.

Әрбірден кейін бүгінгі жан айқайынан қорытынды шығарып, сіздер боп, біздер боп алдағы оқу жылында дұрыс көрсеткіштерге жету – міндетіміз.

Айтылған сын жұмысқа деген жауапкершілікті көтеру деп түсініңіздер.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: Әлемнің әміршісі – еңбек, тек еңбекпен ғана жеміс өнбек – деп атап көрсетті. Еліміздің келешегі жас ұрпаққа тиянақты, терең білім беруде шығармашылықпен еңбек етейік, құрметті ұстаздар!

Жаңа оқу жылы табыстарға толы болсын.