reforef.ru 1
Астана гуманитарлық колледжі


«Абай және заман» конференциясы 2011 жыл

АБАЙ МҰРАСЫ– ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАМУЫНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ


Аманова Толенді Советбекқызы

№53 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі

«Рухани-адамгершілік білім беру» жобасының авторы Сара Алпысқызы адамгершілік, имандылық, тазалық, ізгілік тақырыбында ой толғаған «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз, не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарларымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып, «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтынын» айтады.

Әрине, қазақ халқының рухани бастауы, қайнар көзі, кәусар бұлағы – Абай мұрасы.Ұлы Абай даналығының діңгегі, шығармаларының арқауы – адам тәрбиесі, тұтас бір халықтың тәлім-тәрбиесі. Абай шығармалары оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру; өзінің өмірлік ұстанымын анықтау; әртүрлі мәселелерді адамгершілікке сәйкес шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға қолдан келгенше көмек беру; туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету; өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділік, азаматтық пен отансүйгіштік және толеранттылық таныту; адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу сияқты түйінді құзырлықтарды дамыту арқылы адамның үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді. Абайдың нақыл сөздері оқушыларды тереңге үңіліп, ой толғап, өзіндік көзқарасы мен пікірін еркін жеткізе білуге, тақырып бойынша түйгендерін бекітуге үйретеді. Абай өнегелерінің ең мол түрі – қарасөздері екені мәлім. Ақын шығармаларын оқушылар үшін мәтін түрінде оқып-талдауға ғана ұсынылмай, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жан-жақты, сан-салалы меңгеруге лайықтауға болады. Сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстар барысында Абайдың «Он жетінші сөзі», «Он тоғызыншы сөзі», «Жиырма үшінші сөзі», «Отыз алтыншы сөзі», «Қырық төртінші сөзі» т.б шығармаларын оқушылар санасына тапсырма, мәтінмен жұмыс, түйіндеме , интеллектуалдық ойын т.б әдістемелік әдіс-тәсілдер арқылы сіңдіруге болады.


Назарларыңызға 4-сынып оқушыларымен өзін-өзі тану пәнінде өткізілген «Алтын сақа» танымдық сайысын ұсынып отырмын.

Мақсаты: Абайдың оныншы қара сөзін негізге ала отырып оқушыларды дәлелді сөйлей білуге баулу. Ой-өрістерін, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Қарасөздің мазмұнын толық жеткізе білуге, ауызекі тілде жүйелі сөйлей білуге үйрету. Салыстыру, қорытындылау, талдау дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды өз білімін бағалай білуге баулу, ата-анасын қадірлей білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші :

Өлеңі-ақыл,өзі аңыз,

Абай біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан,

Санамызға жазамыз.
Шен-шекпенге жасыңнан,

«Құмар болма!» депті Абай...

Милары жоқ масылға,

«Сыңар болма!»депті Абай ...
«Бүкіл абзал адамның,

Баласы бол!» депті абай.

«Атаң менен анаңның,

Панасы бол!»депті Абай.
Өсиетін Абайдың,

Орындап жүр кім қалай ?
2-жүргізуші

-«Алтын сақа» танымдық сайысы бес бөлімнен тұрады.


  • «Табалдырық» бөлімінің сұрақтарына жауап берген 4 оқушы көрермендер арасынан іріктелініп алынады.




  • «Әудем жер» бөлімінде 4 оқушыға сұрақтар қойылады.




  • «Қозы көш» бөлімінде сұрақтарға жауап берген 3 оқушы қалады.




  • «Бел асар» бөлімінде сұрақтарға жауап берген 2 оқушы қалады.




  • «Жолайрық» бөлімінде барлық сұрақтарға жауап берген 1 оқушы қалады.


Барлық сұрақтарға жауап беріп жеңіске жеткен сайыскер «Алтын көмбе» сұрағына жауап беруге шақырылады.

1-жүргізуші :

- Абайдың оныншы қара сөзі бойынша өткізілгелі отырған «Алтын сақа» танымдық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.


  1. «Табалдырық»


Құдайдан біреудің тілейтіні не?

Жауап: Біреулер құдайдан бала тілейді

Баланы құдайдан не үшін тілейді?

Жауап: Өлсем орнымды бассын дейді,артымнан құран оқысын дейді,қартайған күнімде асырасын дейді.
Баланың жақсы қандай,жаманы қандай?

Баланың жақсы-қызық,,жаманы-күйік.
Баланың қандай болуы екіталай ?

Баланың мал табарлық болары да,мал шашарлық болары болары да екіталай.
2.«Әудем жер»

Адамға құдай тағала не берді?

Жауап: Құдай тағала адамға еңбек қылып мал табарлық қуат берді.
Балаңды әуелі қалай алдайсың?

Жауап:Әуелі балаңды өзің алдайсың : «Әне,оны берем,міне мұны берем» деп.Басында балаңды алдағанға бір мәз боласың.Соңыра балаң алдамшы болса,кімнен көресің?
Тіршілікте өзің жақсылық қылған кісің көп болса олар қайтер еді?

Жауап:Тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса,кім құран оқымайды?Егер жаманшылықты көп қылған болсаң,балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?
Абай бабамыз «Қартайған күнімде асырасын» деп бала тілеу неліктен бос сөз деп есептейді?

Жауап: Қартайған күнімде асырасын десең,ол а –бір бос сөз.Әуелі, өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетісемісің,жоқ па? Екінші, балаң мейірімді болып,асырарлық болып туа ма,жоқ па? Үшінші, малың болса кім асырамайды? Малың жоқ болса қай асырау толымды болады?


  1. «Қозы көш»


Құдайдан және не тілейсің?

Жауап: Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер?
Құдай тағала адам қуатын орнын тауып,сарып қылырлық не тіледі?

Құдай тағала адам қуатын сарып қыларды білерлік ғылым берді,оны оқымайсың.Ол ғылымды ұғарлық ақыл берді.Оны қайда жібергеніңді кім біледі?
Малды «иттікпен» тапса не болады.

Жауап: Малды иттікпен тапса да адамшылықпен жұмсаған ешбір қазақты көрмедім. Малды иттікпен тапса ,иттікпен айырылыды.


  1. «Бел асар»


Бай болудың жолдары қындай?

Жауап:Ерінбей еңбек қылса,түңілмей іздесе,орнын тауып істесе,кім бай болмайды?


Біреулер барында қаайтеді ,жоғында қайтеді?

Барында «баймын» деп мақтанады. Жоғында «маған баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады.


  1. «Жолайырық»


Ғылымсыз нелер ғибадат орнына бармайды?

Жауап: Ғылымсыз оқыған намаз,тұтқан ораза,қылған қажылық ешбір ғибадат орнына бармайды.


  1. «Алтын көмбе»


Мал таптың, байыдың.Сол малды сарып қылып не табу керек?

Жауап: Мал таптың, байыдың.Сол малды сарып қылып ғылым табу керек.Өзің таба алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.
1-жүргізуші

Көп емес-ау саған артар міндетім,

Ең оңайы өзіңе-өзің жүр жетіп.

Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,

Сол болады еліңе еткен құрметің.

Қорыта келе, Абай мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік мәні бар, ағартушылық маңызы зор, педагогикалық идеяларға толы, психологиялық ой-пікірлерге бай тәлімгерлік тағылымы баға жетпес өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық қазынамыз бола берері сөзсіз.