reforef.ru 1 2 3
«Самұрық-Энерго» АҚ


Директорлар кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

2010 жылғы «17» ақпандағы №30 хаттама

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның

тәуекелдерді идентификациялау және бағалау

ережесі

Алматы, 2009


Мазмұны


  1. Құжаттың мақсаттары мен міндеттері.......................................................3

  2. Негізгі түсініктер.............................................................................................3

  3. Жалпы ережелері............................................................................................4

  4. Тәуекелдерді идентификациялау................................................................5

  5. Тәуекелдерді бағалау......................................................................................7

  6. Жауапкершілік..............................................................................................13

1-қосымша. Тәуекелдер тіркелімінің үлгісі...................................................14

2-қосымша. Тәуекелдерді идентификациялау үшін ақпарат жинау әдістерінің сипаттамасы.....................................................................................15

3-қосымша. Ақпарат жинау әдістерінің салыстырмалы кестесі.............17


  1. Құжаттың мақсаттары мен міндеттері

  1. Қоғам тәуекелдерді басқару маңыздылығын «Самұрық-Энерго» АҚ құнына және және ұстанымына теріс әсер етуі мүмкін, тәуекелдер бойынша шараларды уақытылы идентификациялауға және қабылдауға бағытталған, бірлесіп басқару жүйесінің негізгі компоненті ретінде таниды.
  2. Тәуекелдерді идентификациялаудың және бағалаудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның Тәуекелдерді басқару саясатына (бұдан әрі – Саясат) және Қоғам қызметін реттейтін басқа да ішкі нормативтік актілерге сәйкес әзірленген.


  3. Ережелер тәуекелдерді идентификациялау және бағалау жүргізу тәртібін, рәсімдерін, әдістемесін, сондай-ақ ағымдағы тәуекелдерді бақылауды және тәуекелдерді басқару әдістерінің тиімділік мониторингін анықтайды. Тәуекелдерді бағалаудың егжей-тегжейлі әдістері Қоғамның жеке тәуекелдерін басқару процесін реттейтін құжаттарда көрсетілуі мүмкін.

  4. Тәуекелдерді идентификациялау және қалыптасқан тәуекелдерге нақты объективтік көзқарастың бар болуы Қоғамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуіне көмектесетін тәуекелдерді тиімді басқару негіздерінің бірі болып табылады.

  5. Тәуекелдерді идентификациялау Қоғам мен оның әрбір жұмысшысының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін мүмкін болған теріс оқиғаларды тіркеуге және мәлімдеуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару процестерін жетілдіру бағыты мен қажеттілігін анықтауға арналған құралдарды береді.

  6. Тәуекелдерді идентификациялау тәуекелдер мен олардың негізгі сипаттамаларының шолуын алу, тәуекелдердің бір-бірімен өзара байланысын анықтау, Қоғамның тәуекелдерінің деңгейін саралау, тәуекелдер мен оларды басқару әдістері туралы хабардарлықты арттыру, сондай ең қиын тәуекелдерге назарды шоғырландыру жолымен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

  7. Ережелерді сақтау Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелері, алқа органдары және жұмысшылары үшін міндетті болып табылады.

  8. Қоғамның еншілес ұйымдары тәуекелдерді идентификациялау мен бағалаудың жеке ережелерін әзірлей алады. Бұл ретте Қоғамның еншілес ұйымы қызметінің ерекшелігі мен көлемдерін ескеріп, Ережелердің жағдайларын пайдалану ұсынылады.




  1. Негізгі түсініктер

  • еншілес ұйым – дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесі) елу пайыздан көбі меншік құқығындағы Қоғамға тиесілі заңды тұлға;
  • Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі – Әдістеме және бизнес-процестерді автоматтандыру департаменті;


  • тәуекелдер картасы – бір «ось» бойынша әсер ету күші немесе маңыздылығы, ал басқасы бойынша оның туындау ықтималдылығы немесе жиілігі көрсетілген, тікбұрышты кестеде орналасқан Қоғам тәуекелдерінің шектеулі санының графикалық және мәтіндік сипаттамасы. Картада ықтималдылық немесе жиілік көлденең ось бойынша, ал әсер ету күші немесе маңыздылық – тік ось бойынша көрсетіледі. Мұндай жағдайда тәуекелдің пайда болу ықтималдылығы солдан оңға қарай көлденең ось бойымен, ал тәуекел әсері төменнен жоғары қарай тік ось бойымен жылжи отырып артады;

  • тәуекел меншік иесі – белгілі тәуекелді басқарудың барлық аспектілеріне, атап айтқанда, тәуекелдің іске асу ықтималдылығын азайтуға және/немесе тәуекелді іске асырудан Қоғамға салдардың әсер ету мүмкіндігін азайтуға жауапты тұлға (жұмысшы/құрылымдық бөлімше/алқа органы).




  1. Жалпы ережелер

  1. Қоғам ұйымға әсер етуі мүмкін әлеуетті оқиғаларды идентификациялайды және олардың мүмкіндігі немесе тәуекелдерінің бар-жоғын анықтайды. Теріс әсері бар оқиғалар бағалау жүргізуді немесе әрекет етуді қажет етеді. Оң әсерлі оқиғалар стратегия әзірлеу және мақсаттар қою процесінде ескерілетін мүмкіндіктерді көрсетеді. Оқиғаларды идентификациялау кезінде барлық ұйым ауқымындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді тартуы мүмкін әр түрлі ішкі және сыртқы факторларды қарастырады.

  2. Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің әрбір жұмысшысы Қоғамның және атап айтқанда, Қоғамның әрбір жұмысшысының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді тұрақты түрде идентификациялайды және бағалайды. Әрбір жұмысшы тәуекелге қатысты өзінің көзқарасын сұраулар тізімінде немесе Қоғамның тәуекелдерін идентификациялауға және бағалау бағытталған тәуекелдерді басқаруға жауапты, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері өткізетін басқа да іс-шаралар кезінде білдіреді.
  3. Идентификацияланған оқиғалар негізінде тәуекелдер тіркелімі құрылады, ол Қоғам соқтығысатын барлық тәуекелдердің жүйелендірілген тізбесін көрсетеді.


  4. Қоғам Самұрық-Энерго тобының тәуекелдерін нығайту жөніндегі жұмысты, сондай-ақ Қоғамның нығайтылған қаржылық есептілігіне олардың әсерін бағалауды, соның ішінде Қоғамның еншілес ұйымдары ұсынатын, Ережелерге 1-қосымшада және Ережелердің 40-тармағында (тәуекелдер картасы) көрсетілген үлгі бойынша, жыл сайынғы нығайтылған ақпарат негізінде жүргізеді.

  5. Тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімше, жыл сайын Ережелерге Қосымшада (Тәуекелдер тіркелімі) және Ережелердің 40-тармағында (тәуекелдер картасы) көрсетілген үлгі бойынша, нығайтылған негізде Қоғамның және Самұрық-Энерго тобының тәуекелдер тіркелімін Қоғам Басқармасына ұсынады.

  6. Басқарма жыл сайын Ережелерге Қосымшада (Тәуекелдер тіркелімі) және Ережелердің 40-тармағында (тәуекелдер картасы) көрсетілген үлгі бойынша, нығайтылған негізде Қоғамның және Самұрық-Энерго тобының тәуекелдер тіркелімін Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсынады.




  1. Тәуекелдерді идентификациялау

  1. Тәуекелдерді идентификациялау үшін әр түрлі әдістемелер мен құралдар амалы пайдаланылады. Оқиғалар өткен тәжірибедегі көзқарастар тұрғысымен қатар, алдағы уақыттағы мүмкін болатын оқиғалардың көзқарастар тұрғысынан да идентификацияланады. Негізгі әдістемелер төменде сипатталған.

  2. Қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде тәуекелдерді идентификациялау: Қойылған мақсаттар немесе теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі негізінде оларға қол жеткізуге әсер етуі мүмкін әлеуетті оқиғалар анықталады. Оқиғаларды тәуекелдердің меншік иелері идентификациялайды және тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшемен келісуден өтеді және осы негізде нақты ұйымға тән және (немесе) оның қызметімен байланысты тәуекелдер тіркелімі – тәуекелдер тізбесі құрылады (немесе түзетіледі, немесе толықтырылады).
  3. Салалық және халықаралық салыстырулар: Тәуекелдер тіркелімі салалық маманданым немесе функционалдық қызмет бойынша Қоғам және (немесе) еншілес ұйымдар сияқты ұйымдарға тән әлеуетті оқиғалар тізбесі негізінде құрылады.


  4. Семинарлар мен талқылаулар: Тәуекелдер тіркелімі Қоғам жұмысшыларымен әлеуетті оқиғаларды ұйымдастыруға және олардың мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін ұйымдық талқылаулар (миға шабуыл, дөңгелек үстел және т.б.) негізінде құрылады. Мұндай талқылаулар әрбір осындай бөлімшенің қызметіне және жалпы Самұрық-Энерго тобына әсер ететін оқиғаларды (тәуекелдерді) анықтау үшін әрбір құрылымдық бөлімше аясында өткізілуі мүмкін, содан соң нәтижелер тәуекелдердің бірыңғай тіркеліміне ықпалдастырылады (немесе нақты тәуекелдер тіркелімі толықтырылады/түзетіледі).

  5. Сұхбат алу: Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшесі, нақты және әлеуетті тәуекелдерді және оларды басқару жолдарын ашық талқылау үшін Қоғамның негізгі жұмысшыларынан (сарапшыларынан) мақсатты сұхбат алуды жүргізеді. Әдетте, мұндай сұхбаттар Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан алынады.

  6. Өткен шығындардың деректер қоры: Қоғам өткен шығындарға тұрақты мониторингті жүргізеді, олар туралы ақпарат сондай-ақ Қоғамның қызметіне теріс әсер ететін оқиғаларды сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, өткен шығындардың деректер қоры тәуекелдерді сандық бағалау үшін жақсы негіз болып атбылады. Деректер қоры Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдардың есептілігі негізінде құрылады, сондай-ақ сыртқы көздердегі деректерді қамтуы мүмкін.

  7. Идентификацияланған оқиғалар мен тәуекелдер Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес тәуекелдер тіркелімі үлгісінде жүйелендіріледі. Тәуекелдер тіркелімін талдап тексеру үлгісі мен деңгейі тәуекелдерді басқару жүйесінің дамуымен өзгеруі мүмкін. Тәуекелдерді топтастыру тәуекелдердің табиғатына, олардың өзара байланысына сәйкес, сондай-ақ басқа да факторлар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, тәуекелдерді басқарудың нақты әдістерін пайдалану).

  8. Идентификацияланған тәуекелдерді жүйелендіру:
  • Самұрық-Энерго тобы бойынша (бизнес-процестер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар және т.б. бойынша) тәуекелдер профилін салыстыруды жақсартуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді сандық бағалауда және топтастыруда жүйелілікке қол жеткізуге;


  • тәуекелдерді сандық бағалаудың ең қиын құралдары мен технологияларын құру үшін тұғырнама беруге;

  • Қоғаммен қатар, еншілес ұйымдар бойынша да, тәуекелдерді келісілген басқаруға және бақылауға мүмкіндік береді.

  1. Қоғамның тәуекелдер тіркелімі компания тәуекелдердің төрт негізгі санатына бөлінген өз қызметінде соқтығысатын тәуекелдер тізбесін көрсетеді, ол да тәуекелді іске асыру мүмкіндігінің әр түрлі сценарийлерін қамтиды. Әрбір тәуекел бойынша тәуекел меншік иелері анықталады.

  2. Тәуекелдерді идентификациялау үшін келесідей санаттар бойынша тәуекелдерді топтастыру пайдаланылады:

  • стратегиялық тәуекелдер – Қоғамды дамыту және қызметінің стратегиясын анықтау мен іске асыру кезіндегі өзгерістер немесе қателер (кемшіліктер), саяси ортаны, аймақтық конъюнктураны, салалық құлдырауды және жүйелік сипаттағы басқа да сыртқы факторлардың өзгеруі салдарынан шығындардың туындау қаупі;

  • қаржылық тәуекелдер – Қоғам капиталының құрылымымен, түсімділіктің төмендеуімен, валюта бағамдарының тұрақсыздануымен, несие тәуекелдерімен және пайыздық мөлшерлемелердің тұрақсыздануымен және т.б. байланысты тәуекелдерді қамтиды;

  • құқықтық тәуекел – Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтамауы салдарынан шығындардың туындау қаупі;

  • операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру барысында жұмысшылар тарапынан жіберілген кемшіліктер немесе қателіктер (қызметкерлердің тәуекелдерін қосқанда), ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеуі нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалардың салдарынан шығындардың туындау қаупі.

  1. Тәуекелдерді басқару жүйесінің осы кезеңіндегі негізгі нәтиже Қоғамның тәуекелдер тіркелімін құру болып табылады.
  2. Тәуекелдер тіркелімі тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшесіндегі тәуекелдердің мәртебесін өзгерту немесе жаңа тәуекелдерді идентификациялау кезінде, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері беретін тәуекелдер туралы ақпарат түскен кезде және (немесе) жыл сайын қайта қаралады, нақтыланады және толықтырылады. Жаңа мәртебедегі тәуекелдерді тіркелімге енгізу кезінде немесе нақты тәуекелдердің мәртебесін іске асырудың жоғары ықтималдылығымен және мүмкіндігін ұстап тұрушы деңгейден жоғары әлеуетті әсер ете отырып өзгерту кезінде, тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшелері оны азайту туралы ұсыныстарымен бірге мұндай тәуекел туралы ақпаратты Қоғамның Басқармасына хабарлайды.


  3. Тәуекелдерді идентификациялау жөніндегі іс-шараларды өткізуге және тәуекелдер тіркелімін құруға жауапты, тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Тәуекелдер тіркелімі тәуекелдердің меншік иелерімен келісілуі тиіс.

  4. Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне тәуекелдер туралы ақпаратты беруге жауаптылық жүктеледі.




  1. Тәуекелдерді бағалау

  1. Тәуекелдерді бағалау Қоғамға әлеуетті тәуекелдің мақсаттарына қол жеткізуге әсерін талдауға мүмкіндік береді. Тәуекелдер мүмкіндігінше сапалық және сандық әдістердің әрекеттерін пайдаланып ықтималдылық тұрғысынан немесе олардың түсу және әсер ету жиілігімен бағаланады. Әлеуетті тәуекелдердің оң немесе теріс әсері Самұрық-Энерго тобына кіретін барлық ұйымдардың және (немесе) Самұрық-Энерго тобының ауқымындағы өзара байланыста немесе жеке бағалануы тиіс. Тәуекелдер олардың толық әсер ету (гросс-тәуекелдер) тұрғысымен қатар, басқару әдістерін қолданғаннан кейін нетто-әсерді ескеріп те бағаланады.

  2. Тәуекелдерді бағалау процесі компанияның қызметіне және оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге теріс әсер етуі мүкін ең маңызды тәуекелдерді бөліп алу мақсатында жүргізіледі. Бұл тәуекелдер Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады және оларды басқару және бақылау бойынша шешімдер қабылданады.

  3. Бастапқыда тәуекелдерді бағалау сапалық негізде жүргізіледі, содан кейін ең маңызды тәуекелдер үшін сандық бағалау жүргізілуі мүмкін. Сандық бағалауға келмейтін немесе мұндай үлгілерді үлгілеу немесе құру үшін сенімді статистикалық ақпараты жоқ тәуекелдер, шығындар тұрғысынан пайдасыз болып табылады, олар тек сандық негізде бағаланады. Сандық бағалау нақтырақ талдаулық деректерді алуға мүмкіндік береді және тәуекелдерді қаржыландыру әдістерін әзірлеу кезінде әсіресе пайдалы.
  4. Тәуекелдердің сапасына бағалау жүргізуді дайындау кезеңінде осындай бағалаудың негізгі парметрлері орнатылады. Тәуекелдерді бағалау үш көрсеткіш бойынша жүргізіледі – тәуекел жиілігі немесе ықтималдылығы, әсер ету уақыты және тәуекел шамасы. Тәуекелдерді өзара салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін және сапалық бағалауды жеңілдету үшін ұпайлық межелік енгізіледі:



Тәуекел жиілігі немесе ықтималдылығы

Ұпай

Мәні

Жиілік немесе ықтималдылық

1

Өте сирек

7 және одан да көп жылда бір рет (немесе 5% дейін түсу ықтималдылығы)

2

Сирек

5 жылда бір рет (немесе 25% түсу ықтималдылығы)

3

Әр кезде

3 жылда бір рет (немесе 40% түсу ықтималдылығы)

4

Жиі

Жылына бір рет (немесе 80% түсу ықтималдылығы)

5

Өте жиі

Жарты жылда бір рет және одан да жиі (немесе 95% жоғары түсу ықтималдылығы)



следующая страница >>