reforef.ru 1 2
«Мейірбеке ісі» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Патологиялық физиология» пәні бойынша емтихандық тесттер


1 нұсқа
1. 15 м тереңдікте судың астында жұмыс істеген адамда декомпрессиядан соң 15 минуттан кейін кессон ауруының белгілері пайда болды: тері қышыуы, буындар мен бұлшық еттерде ауырсыну сезімі, бас айналу, жүрек айну, жалпы әлсіздік. Пайда болған эмболияның түрін атаңыз?

2. К. Деген науқас қабылдау бөліміне иісті газбен улану симптомдарымен жеткізілді. Гипоксияның қандай түрі бұл жағдайда орын алады?

3. Экспедиция құрамындағы геолог жоғарыда орналаскан мекенге іздеу жұмыстарға келді. 3000 метр биіктікте болғанының 2 күнінде таулық ауруға және гипоксияны дәлелдейтін симптоматика пайда болды: бас ауруы, ентігу, тәбеттің жоғалуы, жалпы әлсіздік, ұйқының қашуы. Экспедицияға қатысушысында гипоксияның қай түрі дамыды?

4. Науқастың экссудатында лабораторлық зерттеу барысында эозинофилдердің жоғары мөлшері анықталған. Қабынудың қай түріне экссудаттың көрсетілген жасушалық құрамы тән?

5. Ішек инфекциясына шалдыққан балада дене қызыуы 37,4°С дейін көтерілді. Қызбаның қандай жағымды жағы бар?

6. Балада араның шаққан жерінде қабынудың белгілері пайда болды. Қабынудың қандай жергілікті белгісі берілген жауаптарда белгіленген?

7. 21 жастағы әйел, бірінші жүктілік. 6 апта мерзімінде қызамық ауруына шалдыққан. Дәрігер-гинеколог жүктілікті тоқтатуды дұрыс көріп отыр, себебі дамып келе жатқан организмнің жасушалары қызамық вирусының зақымдаушы әсеріне сезімтал болып келеді. Қызамық вирусы жүктіліктің бастапқы мерзімінде қандай патогендік әсер көрсетеді?

8. А. атты науқас, 14 жаста, сол жақ санында орналасқан соққыдан пайда болған жарада хирургиялық тазалаудаң кейін аяқтың жансыздану және тону сияқты жағымсыз сезім пайда болды. Аяқтың терісі бозарып кетті. Науқаста шеткері қан айналым бұзылысының қандай түрі дамыған?

9. Науқаста тұқым қуалайтын эндокриндік патология анықталған. Тұқым қуалайтын аурулардың механизмдерінің бірі болып «ген-белок- фермент – гормон» табылады. Науқаста тұқым қуалайтын аурудың осы механизмге сай қай түрі дамыған?


10. Жасөспірімде тұрмыстық жарақаттың нәтижесінде қабынулық ошақ дамыған. Қабынған тіңде шеткері қанайлымның бұзылыстары, оның ішінде артериалық гиперемия дамыған. Артериалық гиперемияның себептері қандай?

11. Атопиялық аллергияның ауыр түріне шалдыққан науқаста бронхиальді демікпенің кезекті ұстамасы болды. Ig қандай түрінің қатысуымен аллергиялық серпілістердің I түрі (анафилактикалық түрі) дамиды?

12. Костя Д., 9 жаста. Бір жасынан бастап үнемі персистирлеуші және рецидивирлеуші фурункулдар, ірінді баспа.отиттер, абсцедирлеуші пневмония сияқты жұқпалардың дамуы байқалады. Жасушалық иммунологиялық дефектілерге сай өзгерістер анықталған. Иммунологиялық қызметті арнайы жасушалар және ағзалар жүйесі — организмнің иммундық жүйесі атқарады. Қандай жасушалардың қатысуымен осы қызмет іске асады?

13. Шектелген мүмкіндіктері бар балаларға арналған мектепте Даун ауруы бар балалар оқиды. Қандай көрініс Даун ауруына тән болып келеді?

14. Сыртқы келбеті сау әйел. Дене пішіні еркек тәріздес, аналық бездері толық дамымаған, менструальді цикл бұзылған. Ақыл-есі кем. Кариотипі – 47 хромосома (ХХХ түрі). Әйел тұқым қуалайтын қандай аурумен ауырады?
15. Б. атты науқас, 27 жаста, төспен емізетін ана. Босанғаннаң соң 3 аптадан кейін мастит белгілері пайда болды: сол жақ төс аймағының ауырсынуы, осы төспен емізу ауырсынумен болатын болды. Қабыну кезінде ауру сезімінің даму механизмі қандай?

16. Рак кахексиясы бар ауыр науқаста ісінулер пайда болды. Қандай патогенетикалық фактор осы ісінулердің дамуында басты орын алады?

17. Р. атты науқас, самбомен 6 жыл айналысады. Соңғы 5 айда жаттығу кезінде төс, мойын терісінің қышуын,бөртпелердің пайда болуын байқаған. Аллергиялық зерттеу кезінде Ig E мөлшерінің көбеюін анықтаған. Аллергиялық серпілістер жоғарғы сезімталдықтың қай түріне жатады?

18. Жарақат пен ыстық күні қатты қозудың салдарынан балада ауыр ентігу дамыған. Балада су-тұз алмасуының қандай бұзылысының дамуы ықтимал?


19. 16 жасар Р. атты науқаста тағамнан улану салдарынан ауыр құсу байқалады. Су-тұз алмасуының қандай бұзылысы осы жағдайда орын алады?

20. А. атты науқас, 16 жаста, травматологиялық бөлімге сынықтардың ығысуымен сол жақ санының орта бөлігінің ашық сынықтың пайда болуына байланысты жеткізілді. Сынықтарды жөндеу барысында тахикардия болып, пульс-140 минутына, АҚ - 200/130 мм.рт.ст. байқалды. Сол сәтте бет терісінің цианозымен қатарласып гиперемия пайда болды. 10 минуттан кейін клиникалық өлім басталды. Регионарлы қан айналымның қандай бұзылысы науқаста жүйелік гемодинамиканың бұзылысының дамуына ықпал етті?

21. Адам ми жарақатын алды.Оның дене қызыуы 38,8 º дейін көтерілді. Бұл құбылыстың механизмі қандай?

22. Науқаста гормональді семірудің дамуы байқалған. Қандай бұзылыс осы патологияны туындатады?

23. Бауырдың циррозы дамыған науқаста экссудация үрдісінің салдарынан қабынулық ісіну –асцит дамыған. Экссудация кезінде қандай патогенетикалық механизм басты орын алады?

24. Қабыну ошағындағы альтеративті құбылыстар тіңдік ыдырау мен зат алмасудың күшеюімен жүреді, олар қабыну тіңінде физико-химиялық өзгерістерге әкеледі. Қандай өзгерістерді осы топқа жатқызуға болады?

25. Аллерген әсер еткен соң аллергиялық серпілістердің иммундық зақымдануымен қалыптасатын I түрі дамиды және олар атопиялық деп аталады. Олардың дамуы қандай класс Ig пайда болуымен жүреді?

26. 15 жасар жасөспірімде глюкоза деңгейінің 6,1 ммоль/л жоғары көтерілуі белгілі мезгілде байқалады. Ультрадыбыстық зерттеу барысында ұйқы безінің органикалық өзгерістері байқалмайды. Диабет алды жағдай ретінде диагноз қойылып еспке алынды. Ауру алды жағдай дегеніміз не?

27. А. атты науқас, 45 жаста, ұзақ уақыт асқазанның ойық жара ауруымен аурады, клиникаға асқазаннаң пайда болған қан кетумен жеткізілді. Гипоксияның қандай түрі осы жағдайда орын алады?

28. Науқас ген — белок (фермент) механизмі бойынша дамыған гендік аурумен ауырады, оны көмірсу алмасу патологиясына жатқызып, Гирке ауруы деп атайды. Қандай ферменттің бұзылысымен осы аурудың дамуы жүреді?


29. Оң жақ қарынша жеткіліксіздігі дамыған науқаста тері қабаттарының цианозы мен ісінулер дамыған. Шеткері қан айналымның қандай бұзылыстарымен осы көріністерді байланыстыруға болады?

30. Ауыр жұмыс істеген жағдайда жұмысшыларға минеральді немесе тұз қосылған суды беруге нұсқау берілді. Су-тұз алмасудың қандай бұзылысы адамда дамуы мүмкін?

31. «Жедел холецистит» диагнозымен науқас стационарға түсті. Патогенетикалық емдеу жоспарын құру үшін аурудың даму механизмдерін білу қажет, оны патологиялық физиология пәні оқытады. Патологиялық физиологияның оқыту объектісі болып не табылады?

32. Науқас стационарға түскенде аурудың себебін анықтау міндетті. Аурудың себебі деп ауруды және оның спецификалық көріністерін туындататын факторды атаймыз. Аурудың себебі мен туындататын жағдайларды зерттейтін ілім қалай аталады?

33. 35 жасар науқас, мамандығы физик, келенсіз оқиғаның салдарынан 200 Р мөлшерінде гамма-сәулелердің әсеріне шалдықты. Берілген патогенді фактор қандай топқа жатады?

34. Р. атты науқас, кариотипі 45 хромосома (Х).Сыртқы келбеті: бойы аласа, құлағының формасы өзгерген және төмен орналасқан, мойыны қысқа, екі жағынан тері қатпары байқалады, екіншілік жыныстық белгілері аз дамыған. Берілген көріністер қандай ауруға тән?

35. Науқаста зат алмасу үрдістерін реттейтін ферменттердің болмауынан дамитын гепатолентикулярлы дистрофия аңықталған. Бұл патология ген-белок (фермент) механизмі бойынша дамитын гендік аурулар тобына жатады. Қандай ауруды осы топқа жатқызуға болады?

36. Клиникаға сол жақ жіліншіктің жарақатымен науқас жеткізілді. Болжау бойынша тромбоздың салдарынаң пайда болған ишемия көріністері анық дамыған. Тромб түзілуінің патогенезінде қандай фактор орын алады?

37. 12 жасар С. атты ұл балада күн астында ұзақ уақыт болғаннаң терінің қызаруы пайда болды. Артериалық гиперемияның дамуын қандай патогенетикалық фактормен байланыстыруға болады?

38. 28 жасар К. атты науқас. хирургиялық бөлімге оқ ату жарақатынаң кейін 15 минут ішінде жеткізілген. Науқастың есі бар, қозу процесстерінің артуы байқалады, АҚ — 140\100 мм.рт.ст., пульс 90 минутына, тыныс алуы жиі. Жарақаттық шоктың қай сатысына берілген симптомдар тән?


39. Аллергиялық ісінуі бар науқас стационарға жеткізілді. Емдеудің нәтижелі принциптерінің бірі болып патогенетикалық саналады. Патогенез дегеніміз не?

40. Терінің және тері шелмайының қабынулық процесс дамыған науқаста жергілікті белгілері аңық көрінеді. Қандай жергілікті белгілер қабынулық процесске тән?

41. Қабыну серпілісі бар науқаста альтерация сатысында айқын көрінеді. Осы сатыда қабыну ошағында физико-химиялық өзгерістер көрінеді: коллоидтардың дисперстық қасиеті, оның ішінде нәруыздардың, жоғарлайды. Осы жағдайда қандай бұзылыс байқалады?

42. Науқаста таңға жақын дене температурасының күрт төмендеуі (40,7º - ден 36,1ºдейін) байқалды, бұл кезде тер бөліну үрдістері күшейді. Температураның түсуінің осы түрі қалай аталады?

43. Баспа дамыған науқаста дене қызыуы 38,8º дейін көтерілді. Осы жағдайдағы қызбаның түрін атаңыз?

44. Науқаста майлардың сіңірілуінің бұзылысымен сипатталатын май алмасуының бұзылысы байқалады. Бұл бұзылыс неге байланысты дамиды?

45. Клиникаға интоксикация симптомдары айқын көрінетін науқас жеткізілді. Лабороторлық зерттеу барысында продукциялық гиперазотемияға тән көрсеткіштер аңықталды, бұл көрсеткіш нәруыз алмасуындағы соңғы өнімдердің пайда болуымен қатар сыртқа шығарылуын сипаттайды. Осы көріністін себебі қандай?

46. Науқас ауруханаға түскен соң этиология мен патогенез мәселесі арасында байланыс өткізу қажет. Патогенез не қарастырады?

47. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға клиникалық өлім жағдайындағы адам жеткізілді. Клиникалық өлімнің орташа ұзақтығы қанша?

48. 42 жасар науқас өндірісте болған апат жағдайында оң қолымен керңеуі 220 Вольт өтетін сымды ұстап қалды. Осы патогенді әсер қандай топтың факторларына жатады?

49. Қабынулық үрдісі дамыған науқаста экссудатында жоғарғы мөлшерде моноциттер, лимфоциттер және аз ғана мөлшерде нейтрофильді лейкоциттер аңықталған? Қабынудың қай түріне экссудаттың көрсетілген жасушалық құрамы тән?


  1. созылмалы

50. Таңертенгі уақытта В. атты 32 жасар науқаста мезетте қатты бас ауруы, әлсіздік, арқа бұлшық еттерінің ауырсынуы, мұрын бітелуі, қалтырауы байқалды. Дене қызымы 39,2º С дейін тез арада көтерілді. Дене қызуының көтерілу деңгейіне байланысты қызбаның қандай түрі дамыған?

51. Мейірбике дене қызымының қысқа мерзімге жоғарлап, ұзақ мерзім қызба аңықталмайтын температуралық сызықты белгіледі. Осы температуралық сызық қалай аталады?

52. Жүрек жеткіліксіздігі дамыған науқаста үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілу үрдістері аңықталады, осының салдарынан массивті ісінулер байқалады. Қандай жергілікті патогенетикалық фактор ісінулердің дамуын түсіндіреді?

53. Т. атты пациент, фенилкетонуриямен ауырады. Қандай ферменттің болмауынан немесе жеткіліксіздігінен осы патология дамиды?

54. Ш. атты науқас, 38 жаста, аллерголог-дәрігерге суық күні бет терісінде қызыл қышитын таңбалардың пайда болуына шағымданды. Сонымен қатар суық сумен жуынған кезде де әсер еткен аймақтардың қышып, терінің ісінуін байқады.Аллерген қызметін осы жағдайда не атқарады?

55. Эмоциялық қозудың артқан жағдайында науқаста гипергликемияның дамуы байқалады. Бұл жағдай неге байланысты дамиды?

56. Лабораторлық зерттеулер науқаста гипопротеинемияның, яғни қан плазмасында жалпы нәруыздардың мөлшері мен жеке фракцияларының азаюын көрсетті. Қандай себеп осы жағдайдың дамуына әкеледі?

57. Басына қан құйылған науқаста күні бойы терең және жиі тыныс байқалады, оның салдарынаң су-тұз алмасуының бұзылысы байқалады. Су-тұз алмасуының қандай түрі дамыған?

58. Анилин бояғыштарының өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшы қыз денсаулық пунктіне анилинмен улануын сипаттайтын клиникалық көрінісімен жеткізілді. Гипоксия симптомдары басым: жүрек айнуы, құсу, бас ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық байқалады. Лабораторлық зерттеу кезінде айқын метгемоглобинемия аңықталды. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған?


59. Бас мида өспе дамыған науқаста III сатысы яғни өспенің прогрессия сатысы аңықталған. Осы сатыға қандай көріністер тән?

60. З. атты науқас, 17 жаста, клиникаға пневмониямен түсті. Жағдайы ауыр. Дене қызымы 39,8ºС. Науқаста қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің қандай бұзылысы дамыған?

61. К. атты науқас, 16 жаста, денесінің 30 пайызының II дәрежедегі күйікке жалдығып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Осы жағдайды қандай патогенді фактордың әсерімен байланыстыруға болады?

62. 43 жастағы М. атты науқас, асқазанның ойық жара ауруымен аурады. Бұзылыстардың қандай тобына азқазанның ойық жарасын жатқызуға болады?

63. Вирустық гепатит эпидемиясы уақытында дәрігерлер профилактикалық шаралар өткізу тиіс. Инфекциялық аурулардың сауатты профилактикасын жүргізу үшін этиологияны білу қажет. Этиология дегеніміз не?

64. Иммундық механизмдерінің толық дамымауына байланысты жас балада сыртқы орта факторлардың патогенді әсеріне төмендеген жауапты реакция байқалады. Реактивтіліктің бұл түрі қалай аталады?

65. Жас альпинист адамда тауға көтерілгенде келесі белгілердің дамуы байқалды: эйфория, эмоциональді және қозғалыстық қозу, ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, құлақтың бітелуі ж.б. Қандай патогенетикалық фактор төменгі барометрлік қысым әсер еткенде маңызды орын алады?

66. Жас туған нәрестеде фенилкетонурия анықталды. Бұл жағдайда қандай дәстүрлі ем тәсілі қолдануы қажет?
67. Науқаста 2 жыл бұрын аутоиммунды тиреоидит анықталды. Қандай заттардың қатысуымен аллергиялық серпілістердің IV түрі (жасушалардың қатысуымен) дамиды?

68. Ауруханаға 45 жасар С. атты науқас миокард инфарктісінің салдарынан дамыған кардиогенді шок жағдайында жеткізілді. Қандай патогенетикалық фактор кардиогенді шок дамуында басты орын алады?

69. Науқаста жіліншік аймағында сол жақ аяғының жарақаты салдарынан веналық гиперемия дамуы байқалады. Бұл бұзылысқа қандай көрініс тән?

70. Облитерирлеуші эндоартериит дамыған науқас оң жақ тобығындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Қаралу барысында оң жақ тобығының бозарғанын және ұстап көргенде суық екенін байқады. Науқаста шеткері қан айналымның қандай бұзылысы дамыған?


71. Қабыну үрдісі дамыған науқаста альтерацияның және гиперосмия мен гиперонкия сияқты физико-химиялық өзгерістердің дамуы байқалған. Қандай себептер қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның жоғарлауын түсіндіреді?

72. ЖРВИ симптомдары дамыған науқаста тұрақты температуралық сызықты анықтаймыз. Осы температуралық сызыққа не тән болып келеді?

73. 12 жасар ұл балада төмен температураның ұзақ әсер етуінен гипотермия жағдайының дамуы байқалады. Гипотермияның декомпенсация сатысына қандай көріністер тән?

74. Бронхиальді демікпенңғ ұстамасы болған кезде науқаста газдық алкалоздың дамуына ұласқан тыныс алу жеткіліксіздігің дамуы байқалды. Газдық алкалоздың біріншілік механизмі қандай?

75. Морфологиялық зерттей кезінде май алмасуының көрінісінің бірі — бауырдың майлық дистрофиясы байқалды. Осы бұзылысты қандай себеп туындатады?

76. Науқаста ауруханадаң шыққан соң 2 аптадан кейін рецидив құбылыстары байқалады, ол «созылмалы гломерулонефрит» диагнозымен емделуде болған. Рецидив дегеніміз не?

77. Стационарға 35 жасар әйел ЖРВИ тән симптомдарымен және 39,2°С дене қызуымен жеткізілді. Қызбаның бірінші сатысындағы (stadium incrementi) симпатикалық нерв жүйесінің қозуы немен сипатталады?

78. Жер сілкінісінен кейін құлап қалған ғимараттың астынан ер адам алынған. Жедел жәрдем көлігімен клиникаға ұзақ жаншылу синдромы диагнозымен жеткізілді. Аурудың қандай себебін осы жағдайды туындататын этиологиялық факторлар тобына жатқызуға болады?

79. Адамда жоғары ылғалдық жағдайында жоғары температура әсер еткенде гипертермия дамиды. Гипертермияның компенсация сатысына қандай көріністер тән?

80. Стресстік фактор әсер еткен соң адамда жалпы адаптациялық синдром дамыған. Жалпы адаптациялық синдромның бірінші сатысы қалай аталады?

81. Жас үйленген жұп жанұя жоспарлау орталығына келгенде дәрігер қосымша ата тегін қарастыру әдісін қолдануға кеңес берді, ол кезде аномальді белгілер мен тұқым қуалайтын аурулар анықталады. Бұл әдіс қалай аталады?


82. Жас жігітте жіті сәулесоқ ауруының милық түрі байқалады. Қандай көріністер аурудың осы түріне тән?

83. Лабораторлық жағдайда енжар сенсибилизация зерттелген. Қандай жағдайларда оның дамуы байқалады?

84. Бүйректің бөлінулік қызметі бұзылған науқаста интоксикация белгілері дамыды. Интоксикацияны жою үшін науқасқа тамыр ішіне 5% глюкозаның 600 мл еңгізілді. Глюкоза организмде тез арада сіңіріледі. Науқаста су-тұз алмасуының қандай бұзылысы дамыған?

85. 15 жасар жасөспірім қыз арықтау үшін тамақ ішуден бас тартқан. Ашығудың бірінші сатысында организмдегі өмірлік үрдістері не арқылы сақталып тұрады?
86. Е. атты науқас, 14 жаста, ауруханаға фосфорлық органикалық инсектицидтермен улану белгілерімен ауыр жағдайда жеткізілді. Қышқылдық-сілтілік үйлесімді зерттегенде мына көрсеткіштер анықталды:

pH=7,28

pCO2=62мм.рт.ст.

Науқаста қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылысының қандай түрі дамыған?

87. Балалар бөліміне 3 жасар бала түсті. Сырттай қарағанда бойы аласа, беті жазық, ауызы жартылай ашық, алақанында көлденен тері қатпары байқалады. Кариотипі 46 ХУ.

Бала қандай ауруға шалдыққан?

88. Инфекциялық фактордың әсер етуінен науқаста тері қабаттарының қабынулық үрдісі байқалады. Қабынудың жалпы белгілері қандай?

89. Май алмасуының бұзылысы бар науқаста жасушаның нәруыздық құрылымының бұзылысымен қосарласқан майлық инфильтрация байқалған. Май алмасуының бұл патологиясы қалай аталады?

90. Тыныс жеткіліксіздігі дамыған науқаста тыныс алудың жиілігінің төмендеуі байқалады. Альвеолярлы гиповентиляция қышқылдық-сілтілік үйлесімнің қандай бұзылысын туындатады?

101. Есірткі затты тым артық пайдаланғаннан нашақордың өлімі дамыған. Гипоксияның қай түрі өлімге алып келді?

102. К. деген науқаста плевриттен кейін кеуде қуысында сұйықтықтың артық жиналуы дамыды. Мұндай өзгеріс қалай деп аталады?

103. Д. деген науқаста бауыр циррозы негізінде іш қуысының шемені дамыды. Іш қуысының шемені қандай латындық терминмен белгіленеді?


104. Ауаның иісті газдармен және өндірістік шаңдармен ластануынан гипоксия дамиды. Бұл жағдайда қандай гипоксия түрі дамиды?

105. К. деген науқас ауруханаға түскен. Тексерген кезде температурасы 38,8°С, азынқы, айқын ентігу байқалған. Төменгі анықтамалардың қайсысы ауруға жатады?

106. Жас балада ЖРВИ негізінде дене температурасы 37,4°С дейін жоғарлаған. Қызба қандай жағымды қасиеттерге ие?

107. Тұмау эпидемиясы уақытында ауруханаға температурасы 39,8°С 7 жасар бала жеткізілген. Эндогендік пирогендер қандай жасушалармен өндіріледі?

108. Науқаста қолының жарақатынан кейін артериялық гиперемия белгілері пайда болған. Төменгілердің қайсысы артериялық гиперемия білгілері болып табылады?

109. Электр желісінің бұзылуынан өндірісте жұмысшылар жарақаттанған. Электр тоғының өтуіне ең жоғарғы кедергі көрсетуге қандай мүшелер мен жүйелер ие?

110. Найзағай соғуы кезінде адам ашық жерде қалып қойып, электрлік жарақат алған. Электр тоғының адам организміне зақымдаушы әсер етуінің механизмі қандай?

111. 1,5 сағат бойы лифтпен әрі-бері көтеріліп-түсіп ойнаған балада зорығу белгіліері дамыды. «Аяқ-бас» бағытындағы зорығу кезінде негізгі белгілер қандай?

112. Ұшақтың герметизациясы бұзылғанда ұшқышта ауырсыну және қан аралас шығындылар пайда болды. Төмен атмосфералық қысымның патогендік әсері қандай?

113. Өндірісте жұмыскерлерге сыртқы ортаның физикалық ықпалдары әсер етеді. Берілген жауаптардың ішінде дерт тудыратын физикалық ықпал қайсы?

114. Орбитада ғарышкерлерге дерт тудыратын ықпалдар әсер етті. Ғарыш кеңістігінің патогендік әсер ету механизмі қандай?

115. Жоғары атмосфералық қысым әсерінен адамда соқырлық, аяққол ауырсынулары дамыды. Адам ағзасына жоғары қысымның әсер етуіне қандай себеп болды?

116. Стационарға гепато-лентикулярлы жеткіліксіздік белгілері бар К есімді науқас жеткізілді. Коновалов-Вильсон ауруы кезінде қандай ферменттің синтезі бұзылған?


117. Ата-ананың екеуі де гемофилиямен ауырады. Жыныспен тіркескен, рецессивтік түрі бойынша тұқым қуалайтын патологияның даму ықтималдығы қанша?
118. Стационарға ес-түссіз жағдайдағы науқас жеткізілген. АҚ 60/40. Дереу дамитын жоғары сезімталдық серпілістердің иммундық сатысының мәні қандай фактордың түзілуінде жатыр?

119. Балада бронхиалық демікпе, экспирациялық ентік. Аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық I түрінің дамуын қандай Ig қатысуымен байланыстырады?

120. Аллергиялық патологиясы бар науқаста Т-лимфоциттерінің титрі жоғары. Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-түрі қандай заттардың қатысымен дамиды?

121. Антибиотиктер қабылдағаннан кейін балада анемия және агранулоцитоз дамыды. Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік түрінің дамуын қандай Ig-дердің қатысуымен байланыстырады?

122. Стационарға анафилаксиялық сілейме белгілерімен науқас жеткізілді. Анафилаксиялық сілейменің патофизиологиялық сатысында ауруда қандай көрініс орын алады?

123. Стационарға ес-түссіз жағдайдағы науқас жеткізілген. Аузынан ацетон иісі шығады. Экзогендік коматозды жағдайдың дамуына не себеп болды?

124. Жедел жұқпалы аурудың фонында науқаста жалпы адаптациялық синдром белгілері дамыды. Жалпы адаптациялық синдромның екінші сатысы қалай аталады?

125. Ыстық цех жұмыскерінің АҚ кешке қарай 60/40. Дәрігер гиповолемиялық сілейме диагнозын қойды. Гиповолемиялық сілейменің бастапқы тізбегі болған не?

126. Стационарға ес-түссіз жағдайдағы науқас жеткізілген. Аузынан ацетон иісі шығады. Экзогендік коматозды жағдайдың дамуына не себеп болды?

127. Науқас М., 32 жаста, қуысты операциядан кейін тыртық айналасындағы терінің түсі цианоздалған. Микроциркуляцияның тамырдан тыс дамуына не себепші болады?

128. Неврология бөлімшесінде жатқан жұлыны зақымдалған науқастың төсіндегі май шөгінділері мүлдем жоғалып кетті. Бұл май алмасу бұзылыс түрі қалай аталады?


129. Емханаға хал-жағдайы ауыр науқас жеткізілді. Моторы жұмыс істеп тұрған автомобиль ішінен табылған. Артериялық қандағы оттегі мөлшері – 8 көл.%. Артерио-веналық айырмашылық – 2,5 көл.%. Қанның оттегі сыйымдылығы – төмендеген. Науқаста гипоксияның қандай түрі?

130. Науқас С., 42 жаста. Диагнозы: митралды стеноз (тарылу). Эритроциттер - 5,2 х 1012/л. Гемоглобин - 163 г/л. Артериялық қанда оттегі мөлшері – 17 көл.%. Веналық қанда оттегі мөлшері – 12,8 көл.%. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған?

131. Ұзақ уақыт бойы ойық жара ауруынан зардап шеккен 45 жасар науқас К., емханаға асқазандық қан ағумен жеткізілді. Түскенде әлсіздікке, жүрек айнуына, бас айналуына, құлақ ішіндегі шуға, көз алдында қара нүктелер жүгіруіне шағымданады. Науқас бозғылт, айқын ентігу. Эпигастрия аймағында орташа ауырсыну. АҚ – 100/70 мм.с.б. Пульс – 95 минутына. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыды?

132. Ішінде ауасы сорылып алынған барокамерада 5 минут болған тәжірибелік егеуқұйрықта қанның газдық құрамы мен қышқыл-негіз тепе-теңдігінің көрсеткіштері өзгереді. Бұл өзгеріс қалай аталады?

133. Мүмкіндігі шектелуі балаларға арналған мектепте Даун ауруымен ауыратын 3 бала оқиды. Даун ауруы үшін қандай көрініс тән?

134. Сырт көзге дені сау дерлік ер адам. Аяқтары өте ұзын, түктілігі нашар дамыған, аталық ұрық бездері жетілмеген. Ақыл-ой кемістігі байқалады. Азооспермия. Кариотип – 47 хромосома, оның ішінде үш жыныстық (тип ХХУ). Бұл ер адам тұқым қуалайтын қандай аурумен ауырады?

135. Қабылдау бөліміне ес-түссіз науқас жеткізілді. Туысқандарының айтуынша қантты диабетпен ауырады. Команың себебі белгісіз. Науқасқа бірінші не еккен жөн?
136. Қабылдау бөліміне ес-түссіз науқас жеткізілді. Туысқандарының айтуынша ұзақ уақыт бойы созылмалы гепатитпен ауырады. Шығарылған демінде тәтті бауыр иісі бар. Сыртқы қоздырғыштарға рефлекстері жоғалған. Науқаста команың қандай түрі?

137. Қантсыз диабетпен ауыратын науқасқа алғаш рет көп мөлшерде вазопрессинмен емдеу тағайындалды. Емдеу басталғанмен науқас әдетінше көп су іше берді. Қандай салдар күтуге болады?


138. Тәжірибеде ұзақ уақыт бойы қояндарға тек көмірсулы тағам – нан, тары, көкөністер ғана берген. 5 айдан кейіс семіру моделі алынды. Қояндарда семірудің қандай түрі дамыды?

139. Науқаста дерттің клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы байқалған. Бұл жағдай қалай аталады?

140. 5 жасар балада инфекциялық ауру жіті дамып, жалпы әлсіздік, температураның жоғарылауы және тамақ ауруымен сипатталды. Аурудың қандай ағымын жіті деп санайды?

141. Қан тобы 2-ші науқасқа қателесіп 3-ші топ қанын құйған. Нәтижесінде ауыр гемотрансфузиялық сілейме дамыды. Бұл асқынуды реактивтіліктің қандай түріне жатқызуға болады?

142. Гипертиреозбен ауыратын науқаста тұмау жедел өтті. Науқаста реактивтіліктің қандай түрі байқалады?

143. Аспирин қабылдағаннан кейін науқастың денесінде қышитын күлдіреулер пайда болып аллаергиялық серпіліс дамыды. Науқаста реактивтіліктің қандай түрі?

144. Тұқым қуалайтын ауру аутосомдық-бәсеңкі генге байланысты дамиды, әкесі де, шешесі де фенотипті сау және бұл ген бойынша гетерозиготты. Бірінші баланың ауру болу ықтималдығы қаншаға (%) тең?

145. Науқас Б., хирургиялық емханаға ішінің төменгі жағының қатты ауыруына байланысты түскен. Тікелей араласу барысында жатырдан тыс жүктілік себебінен жатыр түтігінің үзілуі табылған. Қан кетуі тоқтатылған. Қарын қуысынан 1 литрге жуық қан шығарылып тасталды. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамиды?

146. Рентген аппараттарының өндірісінде жұмыскер 100Р мөлшеріндегі сәулеленуге ұшырады. Онда жіті сәулесоқ ауруының көрінісі орын алды. Аурудың дамуы қандай дерт тудыратын ықпалмен байланысты?

147. Емханаға сол жақ пневмония диагнозымен 12 жасар бала жатқызылды. Пневмонияны пневмококк тудыратыны белгілі. Сыртқы ортаның қандай ықпалының әсерінен балада бұл ауру дамыды?

148. Қояндарда скипидардың 0,1 мл іштің алдын-ала қырқылған терісіне егу арқылы қабыну ошағы пайда болды. 1 сағат өткен соң метиленді көк егілді. Шамалыдан кейін қабыну ошағының көк түске боялуын байқауға болатын еді. Тамыр қабырғаларының өткізгіштігінің бұзылыстарының себебі не?


149. Тәжірибелік жануардың қанына этил спиртін енгізгеннен кейін шашырқай қантамырларында қан ағысы баяулап, көптеген кішкентай, түйіршік тәріздес эритроцитарлы агенттер пайда болды. Микроциркуляцияның тамыр ішіндегі бұзылыстарының себебі неде?

150. Қоянның құлағына скипидар жаққан соң сол жерде ісіну пайда болды. Тіндердің ісінуі шеткері қанайналым бұзылыстарының қай түріне тән?

151. Тромбозды эксперименттік модельдеу кезінде бақаның шашырқай қантамырына ас тұзы кристаллын қойды. Бірнеше минуттан соң қантамырда тромб түзілді. Төменде берілген факторлардың қайсы тромб түзілуіне әкеледі?

152. В. Есімді науқас қантсыз диабетпен ауырады. Тәуліктік зәр шығару көлемі 10 литр. Науқаста су-электролит балансының қандай бұзылысы орын алады?

153. Баланың беті мен аяққолы ісінген. Саусақпен басқанда орны қалмайды. Балада ісінудің қандай түрі?
154. Инфекциялық ауру фонында 6 жасар баланың дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілді. Терморегуляция орталығының қайта құрылымы қандай фактор әсерімен жүреді?

155.13 жасар Ю. есімді ұл бала дәрігерге оң жақ бетіндегі сыздауыққа байланысты қаралды. Шайнау кезіндегі ауырсыну, бас ауыру, температураның көтерілуіне шағымданады. Жедел асептикалық қабыну ошағында қандай физико-химиялық өзгерістер байқалады?

156. Науқас Е., 38 жаста, оң аяғының табанын қайнап тұрған сумен күйдіріп алған. Табанды тексеру кезінде айқын қызару мен терінің ісінгендігі көңіл аударады. Қабыну кезінде қылтамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауын қандай себеппен байланыстыруға болады?

157. Науқас Т., 26 жаста, оң иығына инъекция жасағаннан кейін 3-ші тәулікке қарай ауырсыну, қызару, домбығу пайда болғанын байқады. 7-ші тәулікке шаққанда домбығу мен ауырсыну күшейіп, пальпация кезінде флюктуация анықталды. Веналық гиперемия дамуына қандай себептер алып келеді?

158. Қоянның аяғына 0,1 мл скипидар екті. Қабыну серпілісі туындады. Хагеман факторының белсенуінің нәтижесі ретінде қанда қандай қабыну медиаторы пайда болады?


159. Қоян көзінің шырышты қабығына қыша майын тамызғаннан 1 сағат өткенде айқын қабыну серпілісі байқалады. Конъюнктива қызарған, шырышты қабық капиллярларында гиперемия мен кеңу, ісіну байқалады. Екіншілік альтерация қандай факторлардың әсерінен дамиды?

150. Қоянда қабыну ошағын іш терісіне 0,1 мл скипидар егу арқылы алған. Қабыну ошағында осмостық қысымның ұлғаюының себебі неде?

151. Адамда әлдебір инфекциялық ауру жедел басталды. Қызбаның бірінші сатысында (stadium incrementi) симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуатының ұлғаюы қандай өзгерістермен ерекшеленеді?

152. Бала инфекциялық паротитпен ауырып қалды. 3-ші тәулікте дене қызуы 39,1ºС жетті. Қызбаның екінші сатысында (stadium fastigii) парасимпатикалық жүйке жүйесінің межеқуатының күшеюі қандай белгліермен ерекшеленеді?

153. Адам аяғын жарақаттап алды. Ол жер тез іріңдеп, дене қызымы көтерілді. Қызбаның бірінші сатысында (stadium incrementi) температураның тез көтерілуі қандай құбылыстармен ерекшеленеді?

154. Эпидемиялық паротит диагнозы қойылған 6 жасар баланың дене қызуы 39,0ºС. Жоғары температура 10 тәулік бойы тұрақтанып тұрып, біртіндеп тер бөлінумен қатар төмендей бастады. Терлеу қызбаның қай сатысында айқын байқалады?

155. Науқас Г., 52 жаста, төменгі ернінің қатерлі өспесін емдету үшін хирургия бөлімшесіне қаралды. Ауру бір жыл бұрын басталды. Төменгі ернінде айқын шектелген және көтеріңкі шеміршекті білікшелі тығыз өспе білінеді. Анаплазияны қандай үрдіс айқындайды?

156. Пигментті ксеродермия және Фанконидің аплазиялық анемиясымен ауыратын науқастарда қатерлі өспенің даму ықтималдығы жоғары екені белгілі. Канцерогендерді адсорбциялау және шектеу қасиеті бар заттарды қандай топқа жатқызады?

157. Науқас М., 56 жаста, 20 жыл бойы атрофиялық гастрит пен асқазан қышқылдығының төмен болуымен ауырады, тез шаршау, әлсіздік, эпигастрия аймағында ауырсыну, тәбеттің нашарлауы, тамаққа тез тою, жүрек айнуы, соңғы 4 ай ішінде айтарлықтай салмақ тастау, тұрақты қызбаға шағымданады. Канцерогенездің инициация және промоция сатыларына қатысатын заттарды қалай атайды?


158. Науқаста ми шайқалуы бірнеше қайтара құсу және ентігумен сипатталады. Науқастың қышқыл-сілтілік жағдайының көрсеткіштерін анықтау барысында рН - 7,56; рСО2 – 30 мм с.б.; SB – 28 мэкв/л; BB – 50 мэкв/л; BE - +5 мэкв/л екені байқалды. Науқаста қышқыл-сілтілік жағдайдың қандай бұзылысы дамыды?
159. Науқас 9 күн бұрын «жедел миокард инфаркты» диагнозымен емханаға жатқызылды. Қышқыл-негіздік жағдай көрсеткіштерін зерттегенде мыналар анықталды: рН - 7,22; рСО2 – 51 мм с.б.; SB – 15 мэкв/л; BB – 38 мэкв/л; BE - -12,5 мэкв/л. Науқаста қышқыл-сілтілік жағдайдың қандай бұзылысы дамыды?

160. Веналарының варикозды кеңеюі бар науқастың жүрген кезде аяғында ауырсыну сезімі пайда болды. Тексеріп көргенде жіліншігінің терісі цианоздалған, мұздаған, айқын ісіну байқалады. Науқаста қанайналымының қандай бұзылысы дамыған?

161. Рентген кабинетінде 15 жыл бойы жұмыс істеген рентгенолог дерматологқа тері бүлінісіне байланысты қаралды. Қолының терісінде әртүрлі көлемдегі ойық жаралар. Өз бетінше жақпамайлармен емдеуге тырысқан, бірақ олардан еш нәтижэе шықпаған. Науқаста қандай тері ауруы дамуы мүмкін?

162. Эксперимент кезінде қоянның құлағына көмір күлін сіңдіріп жаққанда тіндерде өспе өсуі байқалған. Көмір күлінің құрамында химиялық қандай канцероген бар?

163. Тәжірибеде егеуқұйрықтарға өспе транспланатциясы (бластомалық тін кесіктері) жасалды. Өспесі бар егеуқұйрықтың терісін қырқып алып, өспені бөліп алады да, стерильді Петри табақшасына салады. Өспесі жоқ егеуқұйрыққтың терісін кесіп өспені енгізеді. Бірнеше аптадан кейін өспелік түйін пайда болып өспе біртіндеп өседі. Бір түрдегі жануардан екінші жануарға трансплантация қалай аталады?

164. Ыстық цехтарда жұмыскерлерге минералды немесе тұздалған су ішуге кеңес береді. Көп терлеп және ауыз суын ғана ішкен адамда су-электролит балнсының қандай бұзылысы дамуы мүмкін?

165. Үш жасар бала бірнеше күн бойы үлкен дәретке бармаған. Анасы екі сағат ішінде оған үш рет клизма қойды. Қышқыл-негіздік тепе-теңдіктің қандай бұзылысы дамиды?


166. Басының жарақаты бар науқас жеткізілді. Жағдайы ауыр, тынысы сирек және терең, тыныс алу бұлшық еттерінің қатысуымен тыныс алады. АҚ – 140/90 мм.с.б., жүрек қызметі бұзылған. Терісі цианоздалған. Науқаста қышқыл-негіздік тепе-теңдіктің қандай бұзылыстары дамуы мүмкін?

167. 40 жасар науқас емханаға механикалық сарғаю диагнозымен түсті. Қанында липазаны тежейтін өт қышқылы анықталды. Биохимиялық анализ нәтижесінде мыналар анықталды: жалпы липидтер - 8,5 г/л (қалыпты жағдайда 3,5 - 8 г/л). Қанда липидтердің артықтығна байланысты май алмасу бұзылысы қалай аталады?

168. Емхананың травматология бөліміне сол табанының жұмсақ тіндерінің мылжалануымен жұмыскер М. түсті. Бұл ауру жағдайы қандай себептік ықпал әсеріне байланысты?

169. Лаборатория жұмыскері жерге жалғанбаған аспаппен жұмыс істегенде аспаптың корпусын оң қолымен ұстап алған. Соның нәтижесінде электр тоғы ұрып, есінен танған. Жедел жәрдем дәрігерлеріне қандай жергілікті белгілер электр тоғымен зақымдалғаны жөнінде айқын дәлел береді?

170. Жас, енді ғана шынығып келе жатқан альпинистер тауға 4000 м биіктікке көтерілді. Шамалыдан кейін құлақтарында, ішек аймағында ауырсыну сезімі туындап, ентігу, жүрек соғуы байқалды. Бұл симптомдарды қандай себепкер ықпал тудырды?

171. АЭС жұмыскері ядерлі реактордағы апат кезінде 100 Гр аса сәулелену алды. Бір тәулік өткен соң онда құрысқақ дамып, кейін параличке ауысты. Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылып, қан қысымы төмендеді. Науқаста жіті сәулесоқ ауруының қандай түрі дамыды?

172. Хирургиялық бөлімшеге білек терісінде іріңді қабыну процессі жүріп жатқан ер адам түсті. Процесс ұзақ және баяу жүрді. Регенерация үрдісі созылып кетті. Ағзаның бұл реактивтілігін қалай деп атауға болады?

173. Экстремалды жағдайға түсіп қалған адамға биохимиялық анализ жасап, қанында катехоламиндер мен глюкокортикоидтардың жоғары концентрациясын анықтаған. Бұл құбылысты немен түсіндіруге болады және бұл неге байланысты?

174. Балаға сіреспеге қарсы сарысу еккен. 10 тәулік өткенде балада дене қызуы көтеріліп, буындарында ауырсыну сезімі пайда болған. Бұл жағдай қандай аллергиялық серпіліс түріне тән?

175. Түймедақ гүлінің тұнбасын қабылдағаннан кейін науқастың терісінде бөртпелер, гиперемия, қышыну пайда болды. Бұл аллергиялық серпілісті қалай атайды?

176. Әкесі гемофилия А- мен ауыратын, ал шешесі сау В. есімді сау әйел генетикалық кеңес алуға келген. Күйеуі сау. Балаларында бұл аурудың болу ықтималдығы қандай?

177. Науқас В.-да жұмысындағы теріс эмоциялардың әсерінен қысқа уақытты тұрақты артериялық қысым жоғарылауы байқалды. Бұл бұзылыс қалай аталады?

178. 42 жасар А. деген науқастың анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі, түнгі уақытта тұншығудың ұстамасы байқалады. Тері қабаты цианоздалған, отыруға мәжбүр, денесінің сол жағы орта бұғана сызығынан 3,5 см-ге солға жылжыған. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған?

179. Жіліншігінің жарақатынан кейін науқаста қабыну басталды. Қабынудың жергілікті белгілері қандай?

180. Аллергиялық серпілісі бронхоспазм мен тыныстық гипоксия дамуымен қосарлана жүретін науқастың қаны зерттелген. Бұл жағдайда физико-химиялық қандай өзгерістер болады?

181. Өрттен кейін зардап шеккендер гипоксияның ауыр белгілерімен емханаға жатқызылды. Бұл гипоксияның дамуына негізгі себеп және негізгі тізбек болған не?

182. Тәжірибелік қоянда ағзада су да, электролиттер де тежелетін су-электролит бұзылысы дамыды. Тәжірибелік жануарда изоосмостық гипергидратацияның даму себебі неде?

183. Науқаста жіті қансырағаннан кейін су-электролит балансының бұзылысы дамыды.Бұл су-электролит бұзылысы қалай аталады?

184. Ара шаққаннан кейін 5 жасар балада қышитын күлдіреуік пайда болды. Аллергиялық ісінулердің дамуында негізгі патогенді фактор қандай?

185. Күйік ауруы плазма жоғалтумен сипатталады. Бұл жағдайда су-электролит тепе-теңдігінің қандай бұзылысы дамиды?

186. Жіті қансыраған науқаста бірінші тәулік ішінде су-электролит тепе-теңдігінің бұзылысы дамыды. Ағза натрий мен суды бірдей жоғалтқан кезде дамитын су-электролит бұзылысы қалай аталады?

187. 26 жасар А. деген науқасқа операция кезінде аппарат көмегімен өкпенің жасанды желдетуі жүргізілді. Оның қышқыл-сілтілік тепе-теңдігінің көрсеткіштерінде мыналар анықталды: рН – 7,26, рСО2 – 67,5 мм.с.б. Газдық ацидоздың біріншілік механизмі қандай?

188. гипоталамус өспесі бар науқаста газдық алкалоз дамыды. Газдық алкалоздың біріншілік механизмі қандай?

189 Екіқабат әйелде қарқынды құсу экскрециялық алкалозға алып келді. Экскрециялық алкалоздың біріншілік механзмі қандай?

190 Бауырдың ауыр түрдегі ауруымен ауыратын науқаста метаболизмдік ацидоз дамыды. Метаболизмдік ацидоздың компенсациясы қандай процесс қатысымен жүреді?

191. Тәжірибелік жануарда өкпе гипервентиляциясы газдық алкалоз туғызды. Газдық алкалоздың даму себебі неде?

192. Тексеру кезінде науқаста глюкозурия анықталған. Төменде келтірілген үрдістердің қайсына глюкозурия тән?

193. 57 жасар науқас 2 типтегі қантты диабет бойынша эндокринологқа тіркелген. Гиперинсулинизм үшін көмірсу алмасуының қандай өзгерісі тән?

194. Эндокринологқа анасы 4 жасар қызын ертіп келді. Анасының айтуынша қызы күніне 3 литрден аса су ішіп, көп зәр шығарады. Қантты диабеттің алғашқы сатысындағы полиурияның себебі неде?
195. 6 жасар бала стационарға ес-түссіз жеткізілді. Аузынан ацетон иісі шығады. 1 типті қантты диабетпен ауыратын науқаста диабеттік команың патогенезінде негізгі тізбек не болмақ?

196. Науқас ессіз, қанында қант дәрежесі 2,1 ммоль /л. Гипогликемиялық команың дамуында жетекші патогенді фактор не?

197. Бала Гирке ауруымен ауырады. Бұл аурудың себебі не?

198. Науқас С, 25 жаста, әдетте суық күндері саусақтарында ауырсыну ұстамасы мен жансыздану сезіміне шағымданады. Ұстамалар кезінде саусақ пен білек терісінің аса қатты бозаруы, жергілікті температураның төмендеуі мен тері сезімтадығының бұзылыстары байқалады. Ишемия дамуының себебі неде?


199. Науқас Б., 27 жаста, бала емізеді. Бала туғаннан кейін 3 аптадан соң сол жақ төсінде ауырсыну сезімі пайда болды. Соған байланысты баланы емізу кезінде ауырсынатын болды. Қабыну кезіндегі ауырсынудың даму механизмі қандай?

200. Механикалық сарғаюы бар науқастың қанында көп мөлшерде өт қышқылдары анықталды. Нәтижесінде липопротеинді липазаның белсенділігі төмендеді. Бұл май алмасу бұзылыстарының қандай түріне әкелуі мүмкін?

201. Науқаста бауырдың қажетті биопсиясынан кейін гистологиялық тұрғыдан оның майлық дистрофиясы анықталды. Анамнезінде 7 жыл алкоголь қабылдайтыны айтылған. Анықталған бауыр патологиясы және жағымсыз анамнезі қандай салдарға әкеліп соғуы мүмкін?

202. 18 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді.Шаңғы теуіп жүріп орманда адасып, ағаштардың арасында ұйықтап қалған. 1 тәуліктен соң тауып алған. Объективті: ессіз, ректальды температура 25ºС, терісі және шырышты қабаттары бозарған,көкшіл реңді,қарашығы кеңейген,систолалық АҚ – 40 мм с.б.б. (диастолалық анықталмайды) Пульс – 30/мин, тынысы беткей, сирек.рефлекстері төмендеген, ауырсыну сезімі жоқ. Терминалдық жағдайдың қай этапына тән?

203. Екінші қан тобы бар науқасқа қателесіп 3 топ қанын құйды. Нәтижесінде ауыр гемотрансфузионды шок дамыды. Науқаста дамыған асқынуды қандай реактивтілік ретінде қарастыруға болады?

204. Науқас П., 10 жаста, аяқ жарақатынан кейін алдын алу мақсатында Безредке бойынша 3000 бірлік тырыспаға қарсы сарысу енгізген. Балада сарысу енгізгеннен кейін 9-шы күні иық және аяқ буындарында қатты ауырсыну және жайылған бөртпе пайда болды. Жалпы әлсіздік, жүрек тондарының әлсіреуі, АҚ төмендеуі байқалады. Бала ауруханаға жатқызылды. Балада қандай аллергиялық реакция дамыды?

205. С. деген науқас 25 жаста витамин қабылдағаннан кейін 10 минут өткен соң,В1 витаминін бұлшық етке енгізген кезде бас ауыру, бас айналу, ентігу,іштің ауырсынуы байқалады. АҚ 60/40 мм.с.б.б. дейін төмендеді, пульс 120 мин, нитевидті. Қандай патология туралы ойлауға болады?


206. 18 жасар К. атты бастаушы альпинист. Альпинисттер лагерінде 4100 м теңіз деңгеінен жоғарыда әлсіздік, ентігу, жүрек соғуын, бас айналу симптомдарын байқап, лагердің ғылыми-зерттеу лабораториясының изоляторына жеткізілді. Оттегінің артериалық қандағы мөлшері - 17 көлемдік пайызы. Веналық қандағы оттегінің мөлшері - 10 көлемдік пайызы. Патогенезіне қарай альпинистте гипоксияның қандай түрі дамыған?

207. рН = 7,17, рСО2 = 30 мм.рт.ст. Науқас коматозды жағдайда. Науқаста қышқылдық-сілтілік үйлесімнің қандай түрі дамыған?

208. 16 жасар С. атты науқас кезекші дәрігерге оң жақ тобығының күйгеніне шағыммен келді. Тобықты жалпы қарағанда қызаруы байқалды. Артериалық гиперемияның дамуында қандай фактор басты орын алады?

209. Жас балада жарақат пен қатты қозудың әсерінен ыстық күні ауыр ентігу (терең және жиі тыныс) дамыды. Балада су-тұз алмасуының қандай бұзылысы дамуы?
210. Қантсыз диабетте шалдыққан науқасқа жоғары дозада вазопрессинмен емделуді тағайындады. Емді бастағанымен әдеттегі көп су ішуді тоқтатқан жоқ.Бұл науқаста қандай салдарды байқауға болады?

211. Ұзақ уақыт бойы сүт безінің операциясынан кейін сол жағынан колдағы ісінулер дамыған. Мұндай ісінуді қалай атаймыз?

212. . Қоянның дене қызуын көтеруге болады бұлшықетішілік 0,5 мл сикипидар енгізу арқылы, 1 кг массаға 0,3 г тері асты кофеин енгізу, тамырішілік динитрофенол (0,02г/кг) енгізу арқылы, сондай-ақ үлкен дозада адреналин және тироксин енгізу арқылы. Көрсетілген жағдайлардың қайсысмнда қызба орын алуы мүмкін. Қызба қандай затты енгізгенде дамиды?

213. Д. атты науқаста, 27 жаста, баспаның асқынуы ретінде гломерулонефрит дамыған. Бұл асқыну қандай бұзылысқа жатады?

214. Күйік орталығына құрсақтың алдынғы бетінің күйігімен бала жеткізілді. Визуальді қабылдау бөлімінің дәрігерлері терінің эпидермисінің терең емес жаралану дефектілерімен некрозды аңықтады. Сіздің ойынызша пайда болған күйіктің дәрежесі қандай?


215. АЭС қызметкері ядерлы реактордағы авариясы кезінде 100 Гр астам сәулеленуге ұшырады. Бір тәуліктен кейін онда тырысулар пайда болып, салдануға жалғасқан, зәр шығару жүйесінің қызметінің бұзылысы, артериалық қысымның төмендеуі байқалған. Зардапшегушіде жедел сәуле ауруының қандай формасы дамыған?

216. Орбитада космонавтар ауру туындатушы факторлар әсеріне ұшыраған. Космостық кеңістіктегі патогендік әсерлердің механизмі қандай?

217. Жоғары атмосфералық қысым әсерінен адамда соқырлық, аяқ-қолдың ауырсынуы дамыған. Адам организміне патогендік жоғарғы қысымның әсер етуіне қандай себеп ықпал етті?

218. Егер ата-анасының біреуі Коновалов-Вильсон ауруымен ауыратын, ал біреуі сау болған жағдайдағы аутосомдық-рецессивтік тұқым қуалау жолымен берілетін тұқым қуалайтын патологияның даму мүмкіндігі қандай?

219. Анафилактикалық шок жағдайындағы науқасты ауруханаға ес-түссіз әкелген. АҚ 60/40 мм с.б. Жедел дамитын аллергиялық реакцияның иммунологиялық кезеңінің дамуын қандай фактордың түзілуімен байланыстырады?

220. Аяғы веналарының варикоздық кеңеюі бар 60 жасар К деген науқаста жүрген кезде ауырсыну сезімі пайда болған. Сол жақ балтырының цианозы мен ісінуі байқалған. Іркілулік стаздың даму механизімі қандай?

221. Асқазан обыры бар науқаста кахексиялық ісіну дамыған. Кахексиялық ісінудің дамуын қандай патогендік фактордың төмендеуімен байланыстырады?

222. Ревматоидтық артрит және басқа да иммунопатологиялық аурулар еркектерге қарағанда әйелдерде 3-4 есе жиілікпен дамитыны белгілі. Бұл жағдайдағы реактивтілік түрі қандай?

223. Тұқым қуатын ауру аутосомды-рецессивтік генге негізделген, сонымен бірге ата-анасының екеуіде фенотиптік сау және осы ген бойынша гетерозиготалы. Бірінші балаларының ауру болып тууылу қауіпі қаншалықты (%)?

224. Скарлатинамен ауыратын баламен қатынаста болған балада 5 күннен кейін бұл аурудың бірінші белгілері пайда болды. Бұл кезең қалай аталады және немен байланысты?


225. Кон синдромы бар науқаста гипернатриемия дамыған. Гипернатриемияның салдары қандай?

226. Вирустық гепатит эпидемиясының қызуы кезінде ауруханаға температурасы 39,9°С жас бала түскен. Қандай пирогендер экзогендік түріне жатады?

227. Эксперименте егеуқұйрықтарға ісіктердің трансплантациясы жүргізілді (бластомды ұлпа кесіндісі). Ісік шақыртылған егеуқұйрықта теріні жеке бөліп, ісікті ажыратып алады., стерильді Петри чашкасына салады. Интактты егеуқұйрықта терісін кесіп, ісікті шығарады. Бірнеше аптадан кейін біртіндеп өсетін ісікті түйін пайда болады. Бір имбридтік тізбектегі жануардан екіншіге ісіктерді трансплантациялау қалай аталады?

228. Жас қыз 26 жаста қалқанша безінің ауруына байланысты үнемі ультрадыбыстық зерттеуден өтеді. Ультрадыбыстың басты патогендік көрінісі қандай?

229. Лабораторияда радиобелсенді заттардың бөлінуіне әкелген апат нәтижесінде лаборанттар сәулеленуге ұшыраған. Алғашқы радиохимиялық зақымданудың механизмі қандай?

230. Жас бала 1,5 сағат бойы лифта тербелген, содан ол балада күш түсу көріністері айқындалған. «Аяқ-бас» бағыты бойынша күш түсудің негізгі көріністері қандай?

231. Науқас ауруханаға электржарақатымен жеткізілді. Электр тоғының электрохимиялық әсері қалай көрінеді?

232. Қоянның оң жақ аяғын таңу арқылы веналық гиперемия үлгісі алынған. Веналық гиперемияның соңы қандай болуы мүмкін?

233. 10 жасар ұл бала, психикасы өзгерген, ауызы жартылай ашық «географиялық» түріндегі тіл байқалады, көздің саңылауы қысынқы. Оқу, жазу, санау білмейді. Кариотипі 47 (45 аутосомы + ХУ). Ұл бала қандай тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан?

234. Вирусты гепатитке шалдыққан науқас тез арада есінең таңды. Объективті қаралу барысында склералары және тері қабаттарының сарғайғаны байқалады.Бауыры ұлғайған, жұмсақ, бұрыштары тегіс. Ауызынан «шикі ет» иісі сияқты спецификалық иіс байқалады. Артериялық қысым төмендеген, Куссмауль тынысы анықталады. Науқаста команың қандай түрі дамыған?


235. Әйелде айқын ақыл-естің кемуі бар.Аналық бездің, жатырдың гипоплазиясы байқалады. Кариотип 22 аутосома + ХХХ. Бедеу. Әйел қандай тұқым қуалаушылық аурумен зардап шегеді?

236. Гүлдеп тұрған жусанмен қатынаста болған науқаста Квинке ісінуі дамыған. Патологиялық реактивтіліктің қандай түрі осы жағдайда орын алады?

237. Өмірлік маңызды ағзалар қабынған жағдайында дәрігер науқасқа арнайы препарат тағайындады. Берілген препараттардың қай түрі тіңдердің тыртықтануын тоқтатады?

238. Суық тиген науқаста бірнеше сағат ішінде температура 410 ден 36,1ºС төмендеген. Осындай критикалық температураның төмендеуі көп тер бөлінуімен қатарласады. Қандай бұзылыс осы жағдайда орын алады?

239. Қолының жарақаты бар және кәрі жілік нервінің жартылай бөгеттеуіне байланыста науқасқа дәрігер пирогеналмен немесе жасанды қызба емдеу курсын тағайындады. Дәрігер мұндай емді қандай мақсатпен берді?

240. Адам ұзақ уақыт далада боран күні ауа температурасы 40-45ºС кезінде болды. Гипотермияның декомпенсация сатысында қандай өзгерістер байқалады?

241. Клиникаға бас миінің шайқалуымен және осының әсерінен ентігудің пайда болуына байланысты науқас түсті. Жазық бұлшық еттерінің депрессия, тетания, спазмі дамыған, депрессия байқалады. Алкалоз кезінде қандай бұзылысқа біріншілік рөл беріледі?

242. Студентте күні бойы терезесі жабық оқу залында оқыған кезде оттегі жеткіліксіздігінің көріністері пайда болды. Бұл жағдайға қандай көріністер тән болып келеді?

243. Митральды стеноз дамыған науқаста гипоксиялық жағдайдың белгілері дамыған. Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған?

244.


следующая страница >>