reforef.ru 1
"Күншуақ" мектеп лагерінің 2 маусымы


Жаз мезгілінде оқушылар демалысын дұрыс ұйымдастыра білу керек.Өйткені олар жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күймен,күш-жігермен оралуы тиіс. Сондай мақсатпен 4 маусымнан бастап №3 жалпы орт білім беретін мектеп-кешенде «Күншуақ» лагері І маусымы ашылды. Мектеп алаңы балалардың күлкісімен толтырылды. Музыкалық жаттығулар жасалды. Барлығы қуанышты болды.

Ал 11 маусымнан бастап «Күншуақ лагерінің 2 маусымы басталды.

«Күншуақ» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.

11 маусым күні «Бар мейіріміміз балаларға» деп аталатын лагерьдің ашылу салтанаты болды.Мерекелік ән-шашу ұйымдастырылды. Бұл күн «Көңілді жаз» тақырыбында асфальтқа сурет салумен жалғасты.

Бұл маусымда 4 топ жұмыс жасады:«Ақ көгершін», «Балдырған», «Жалын», «Қырандар».Әр топтың ұрандары, әндері болды.

Балалар әр күнін таңғы жаттығудан бастап, ұрандары мен әндерін айтып көңілді және қызықты өткізді. Балалар өлең айтты, би биледі, сурет салды, аппликациялар жасады,жумбақтарды шешті, спортпен шұғылданды,теледидар көріп, ойнады. Жоспарға сәйкес әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда,дене шынықтыру мұғалімімен бірігіп «Қызықты старттар», музыка пәні мұғалімі «Біз бақытты баламыз» ән, би, өнер байқауы,ұлттық ойындар , «Шебер қолдар» қолөнер сайысы ұйымдыстырылып, балалар белсенді қатыса білді.

Сонымен қоса, балалар әр түрлі жерлерге саяхаттап қайтты.Атап айтар болсақ, Төтенше жағдайлар мұражайына, кинотеатрға, хайуанаттар бағына барды.14 маусым күні бүкіл қаланы аралап,Семей өлкесіндегі ескерткіштерді аралап, мәліметтер жинап қайтты.

Күндер қызыққа толы өтті. Балалар әр күні лагерьге үлкен назарымен келді. ІІ маусымның жабылу салтанатында балалар ертегілерден көріністер қойып, ән, билерін тарту етті. Лагерьдің ұмытылмас 1 аптасынан слайд жасалып, балаларға көрсетілді.Соңында «Лагерь бишісі», «Лагерь әншісі», «үздік спортшы», «Шебер бала», «Үздік суретші» деген атақтармен мақтау қағаздары таратылды. Балалардың көңіл күйлері көтеріліп, сурет салып,келесі жылы тағы келетіндерін айтып,тілектерін жазып қалдырды.

Жадыра Серикалиевна

№3 орта мектеп-кешеннің

бастауыш сынып мұғалімі